АСТАНАЛЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫ ТОП ЖАРДЫ
“Астана” құрама командасының велошабандозы Микель Ланда “Джиро д’Италия” велокөпкүндігінде екі мәрте жеңіске жетті.
“Астана” құрама командасының велошабандозы Микель Ланда “Джиро д’Италия” велокөпкүндігінде екі мәрте жеңіске жетті.
Өзі тұратын елді мекеннің, қаланың көрікті болғанын кім жек көрсін? Тұрғындардың тұрмысы түзелген сайын эстетикалық талғамы да арта түседі. Қазіргі заман талабына сай көркейіп келе жатқан қаламыздың кескін-келбеті, әсіресе, еліміз егемендік алған жылдардың ішінде тіпті ажарлана түсті. Жылдам қарқында салынып жатқан осызаманғы үлгідегі сәнді тұрғын үйлері мен еңселі ғимараттарын айтпағанның өзінде, көшелеріне көрік беретін сәулеттік …
Дүниежүзілік әдебиеттің небір классиктерін өмірге әкелген орыс халқы үстіміздегі жылды “Әдебиет жылы” деп жариялаған болатын. Соған орай, дарынды жастардың назарын сөз өнеріне аудару мақсатымен түрлі шаралар, байқаулар ұйымдастырылуда. Жақында Түмен қаласында “Культура” халықаралық шығармашылық фестивалі өтіп, оған Петропавлдың Борки кентіндегі кәсіптік-педагогикалық колледждің өнерлілері де қатысып, жүлдемен оралды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірлесіп, жасырын казиноның жұмысын тоқтатты.
Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданда ел қорғаған ерлердің қатарында менің туысқаным, атам Сыздық Раисов та бар. Ол 1905 жылы Ресейдің Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы Қаржас ауылында дүниеге келіпті. Алты баласы болған екен. Атамыз Омбының жұмысшылар факультетінде білім алып, Шарбақкөл ауданының Томар ауылында жетіжылдық қазақ мектебінде ұстаздық қызмет атқарыпты. 1943 жылы мектеп директоры екеуі өз …
Құрметті редакция! Анамның аманатын арқалап, оның жеңіс сарбазы туралы жазған мақаласын газетте жарияланса деген ниетпен жіберіп отырмын. Анам бұл мақаланы 2012 жылы соғыс ардагері Ахмет Малибаевтың 100 жылдығына жазған еді. Әттең, анамның өзі өмірден өтіп, мақаласын жариялап үлгермеді. Гүлмайра КЕНЖЕБОЛАТОВА.
Жақында Ресей Федерациясы Смоленск облысы Угра ауданы бойынша әскери комиссариатынан менің атыма хат келді. Хатта атамыз Қадыр Сүлейменовтің бауырластар зиратында жерленгені жайында жазылған екен. Сұрапыл соғыстан қайтпаған атамыз туралы мұндай ақпаратты алғанда, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай күй кештік. Бұл біздің әулетіміз жетпіс жыл күткен хабар болатын.
Жуырда облыс полицейлері “Қазақ хандығының 550 жылдығы” мерейтойына арналған оқулар байқауына қатысты. Аталмыш байқауда аудандық, қалалық, облыстық полиция бөлімдерінің 27 қызметкері бақтарын сынап, ХV-XIX ғасыр аралығында өмір сүрген жыраулардың, билердің, хандардың поэтикалық туындыларынан және прозадан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, аталмыш шығармаларды орындау мәнері де назардан тыс қалмады. Осылай байқау қатысушылары қазылар алқасының қатаң іріктеуінен өткеннен кейін …
Қарулы Күштердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау – әскери прокуратураның басты міндеті. Мемлекеттің айбынды тірегі саналатын әскери саладағы заңсыздықтар және олармен күрес жайлы Петропавл әскери гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Талғат Бекбергеновтен сұрап білген едік.
“ – Ұлтың кім, қызым? – Әкем орыс, шешем қазақ. Кім екенімді өзім де білмеймін”. … Қария не айтарын білмегендей, үнсіз қалды. Қоғамдық көлік ішіндегі қысқа ғана осы әңгіме ойымнан кетпей қойды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің суда құтқару қызметі үшін суға түсу маусымы қарбалас шақ болып саналады. Солтүстікқазақстандық ересектердің де, сол сияқты кәмелетке жасы толмаған балалардың да суға батып кеткендігі жыл сайын тіркеледі. Адамдардың қайғылы қазаға ұшырауын болдырмау мақсатында суда құтқарушылар күн сайын алдын алу шараларын өткізеді: БАҚ-тарда материалдар жариялайды, телеарналарға хабар береді, ІІД қызметкерлерімен бірлескен рейдтер, …
Жандос 2009 жылы Астана медициналық академиясын бітіріп, тіс дәрігері мамандығын алып шыққаннан кейін туып-өскен ақ қайыңдар өлкесіне оралды. Облыс орталығында “Дентэкс” ЖШС-іне жұмысқа орналасып, аз уақыттың ішінде жақсы қырынан таныла білді. Жас маманның алға қойған мақсатына жетпей-тынбайтын алғыр қасиетін, іскерлігін байқаған тәжірибелі әріптестері кәсіпкерлікпен айналысуға кеңес берді. Бастапқыда ол бұл ұсынысты қалжың ретінде қабылдағанымен, ой …
Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин біздің тілшімізге сұхбат берді. Сұхбат барысында үстіміздегі жылдың 10 наурызында Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа бөлімінде өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 28-ші отырысында БҰҰ дін немесе сенім бостандығы жөніндегі Арнайы баяндамашысының Қазақстандағы дін және сенім бостандығының қалыптасқан жағдайы туралы баяндаған есебінің қорытындысы туралы әңгімеледі.
Бүгінгі заманда көп тіл білу – өмір талабы. Менің ұлтым украин болса да, қазақ тілін білгенімді мақтан тұтамын. Өйткені, мен – көк туымыз көгімізде желбіреген егемен еліміздің азаматымын.
Биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеді. Ерекше бір айтарымыз – «Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе өзінің жалғасын табады». Қазақ мемлекеті, кейбіреулер айтқандай, біреулердің қалауымен немесе құзыретімен кеше ғана пайда бола қалған жоқ. Оның тегі сонау біздің дәуірімізге дейінгі Сақ, Ғұндардан басталып, Үйсін, Қаңлы, Алан мемлекеттерінен тамыр тартып, VІ ғасырда Түрік қағанатынан, XІІ-XІІІ ғасырлардағы …
Баланың таным қабілетін дамытуда ойынның рөлі өте зор. Бала ойын барысында қоғамдық тәжірибені меңгеріп, психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға үйренеді. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүюге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың әлеміне қызығушылығын оятады.
Егеменді еліміздің тарихын, әдебиетін, мәдениетін ұлттық тәрбие ескерткіштерін білетін, оларды құрметтейтін, рухани бай және саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу ісінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше. Кітапхана жұмысы оқырмандармен жеке және топтық шаралар жүргізіп, оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық-кітапханалық тұрғыдан қамтамасыз етумен ерекшеленеді. Білім ошағындағы оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық тұрғыдан ұдайы көмек көрсету кітапханашының міндеті болғандықтан, мектепішілік іс-шараларға араласып, …
“Кәсібі бардың – нәсібі бар” дегендей, мамандық таңдау, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға оңай емес. Сондықтан балалардың нарықтық заманға бейімделіп, өз бейіміне қарай мамандық таңдауына баса назар аударамыз.
“Баланы жақсылыққа жанастыр, жамандықтан адастыр”, – дейтін әр ата-ана бауыр еті балапанының келешегін ойлайды. Жүрек жұбанышы, көз қуанышына айналған құлыны қабілетті, дарынды болып, болашақта үлкен жетістіктерге жетсе екен дейді. Бірақ солардың барлығы бірдей “қабілет” деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста отбасы қандай міндет атқаруы керек дегенді біле бермейді. Ендеше, “Қабілеттілік туа біте …
Мен жүрек қалауымен ұстаз болғанымды өмірдегі бақытыма балаймын. Өйткені, ұстаз – келешек ұрпақтың сәулетшісі. Ол сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Өзім еңбек жолымды Қайрат орта мектебінде 2008 жылы бастап, көп жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан әріптестерімнен мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын бойыма сіңірудемін.