«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.05.2015

ӨМІР МЕКТЕБІНЕ – ҚАДАМ

Облыс орталығындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің түлектері үшін бұл күн қуанышты болды. Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысып, түлектерді осынау айтулы мерекемен құттықтады.

ҰБТ-дағы ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының түлектері маусымның 2-сі мен 5-і аралығында төрт ауысымда Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Сынақ Петропавл қаласы мен аудан орталықтарының сегіз орнында қабылданады. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша тапсырылады. Ол оқыту тіліне қарай, қазақ және орыс тілдері, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс, орыс тілінде оқитындар қазақ тілінен, сондай-ақ, …

ҰБТ-дағы ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР Read More »

ҰЛАНДАР ҰШТЫ ҰЯДАН

Мамырдың да межесі таяп қалып,Бір жылымыз барады аяқталып.Биіктерге бастайтын білімменен,Біз тұрармыз алаңсыз, аяққа нық.Жетелеген шыңдарға, алға ғана,Мектеп – алтын ұямыз, арман-Ана,Сыңғырлаған қоңырау үніменен,Бір қимастық бүр жарар бар балада.Жайма-шуақ асығып жазға қарай,Алып-ұшып көңілдер мәз болады-ай!Қыркүйектің бірінде оралармыз,Сағынышқа малынған сары даладай.

ІЗДЕНІС МҰРАТЫ – ТАБЫС

Мұғалім әр кез ізденіп, өзіне және шәкірттеріне білім алудың тиімді, табысты жақтарын қарастырып отыруы керек. Осы ізденіс жолында үшінші деңгейлік курстан өтуім ұстаздық көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Әр сабағыма тереңнен ойланып, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып дайындалатын болдым. Алдымдағы оқушылардың қабілеттерін зерделеп, “Қайтсем пәнге деген қызығушылығын арттырамын?” деген сауал төңірегінде ойланып, сабақ құрылымының қызықты болуына мән …

ІЗДЕНІС МҰРАТЫ – ТАБЫС Read More »

ШӘКІРТТЕРІН ШЕБЕРЛІККЕ БАУЛИДЫ

Әліби Бейсенов Есіл ауданына қарасты Аяған Шәжімбаев атындағы Явленка қазақ орта мектебінде технология пәнінен сабақ береді. Ол осы ұжымда үш-ақ жыл қызмет етсе де, темірге тіл, жаңқаға жан бітірген шебер және өз ісінің маманы ретінде таныла білді. Көптеген шәкірттері аталмыш пәнге қызығушылық танытып, шеберлік өнердің қыр-сырын үйреніп алды. Алғашқыда оқушылар оқтау, ұршық, қараторғайдың ұясы, орындық, …

ШӘКІРТТЕРІН ШЕБЕРЛІККЕ БАУЛИДЫ Read More »

БАЛАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ

“Менің 3-сыныпта оқитын балам өзінің қабілетін тым жоғары бағалайды. Баламның мұнысы дұрыс па? Оның өзін тым жоғары бағалауы болашақта дұрыс тұлға болып қалыптасуына кері әсер етпей ме? Не істеуге болады?” – деген ата-ана сауалына Петропавл қаласындағы №44 орта мектептің психолог-маманы Анастасия Якушева жауап береді.

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҒЫ

Калиновка орта мектебінде отбасымен бірлескен шаралар өткізу дәстүрге айналған. Осындай сайыстың біріне алты отбасы қатысты. Алғашқы кезеңнің тапсырмасы бойынша әр отбасы топтың атын және ұранын атап, өз командасын таныстыруы керек болды. Екінші кезеңде қатысушылар отбасы, білім, мектеп туралы мақал-мәтелдер айтып сайысты. Кейін жұмбақтар жасырылды. “Бұл кім?” сайысы қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Тағы бір тапсырма отбасы портретін …

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҒЫ Read More »

МЕРУЕРТТІҢ МЕРЕЙІ

“Жақсы мұғалім – мектепке жан кіргізеді, бала кемшілігі болса мұғалімнің жақсылығы жабады, біліндірмейді” – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің Бірлік негізгі мектебінде шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар бар. Балаларды елін, жерін, туған халқының тілін, салт-дәстүрін, ән-жырларын қастерлейтін саналы да отансүйгіш, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Меруерт …

МЕРУЕРТТІҢ МЕРЕЙІ Read More »

ШЕШЕНДІК ҚАЙНАРЫ

Бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ана тілін жетік меңгерген ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Тіл мәдениетін игеру – әр баланың сәби шағынан басталып, әрі қарай біртіндеп жетіліп отыратын үдеріс. Былдырлаған балапан тіл игеру арқылы айналасындағы жұмбақ дүниенің құпиясын таниды, басқалармен қарым-қатынасқа түседі. Балғындардың танымдық қабілеті дамиды.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ТУРИЗМ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ мәселелері журналистер назарында

Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде өткен кезекті брифингте кәсіпкерлік пен туризмге және ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер сөз болды. Оған тиісті басқармалардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ

Нұрсұлтан Назарбаевтың институционалдық реформаларын іске асыруда бизнеске үлкен рөл беріледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстанның Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ ЖАБЫЛА МА?

Петропавл қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №43 аралас орта мектепте бүгінгі күні, даярлық тобы мен шағын орталықтағы балаларды қоспағанда, қазақша оқитын 1-сыныпта – сегіз, 2-сыныпта – бес оқушы қалған. Оқу жылының соңына дейін ол оқушылар сол маңайдағы әл-Фараби мектеп-лицейіне, қазақ мектеп-гимназиясына және №23 орта мектептегі қазақ сыныптарына таратылмақшы. Бірақ балаларын аталмыш мектепке берген кейбір ата-аналар оған қарсы. …

ҚАЗАҚ СЫНЫБЫ ЖАБЫЛА МА? Read More »

ДОСТЫҒЫ МЕН ІСКЕРЛІГІ ЖАРАСҚАН

Омбы облысында алдағы оқу жылында қазақ тілі мен ұлттық мәдениетімізді оқытатын орталықтар ашылмақ. Бұл кешегі күні Омбы облысынан келген іскерлік делегациямен кездесу барысында айтылды.