«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.05.2015

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ – діни экстремизм мен терроризмге ең басты тосқауыл

Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы күйіп тұрған өткір мәселенің бірі – діни радикализмнің алдын алу. Еліміздегі соңғы бес-алты жылдың көлемінде орын алған діни сипаттағы оқыс оқиғаларды, сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерде болып жатқан озбырлыққа толы жантүршігерлік жайттарды назарымызға алсақ, оның ішінде осы қозғалыстар үдерісінде айқайға сүрең қосып аттандаған өз отандастарымыздың бар екенін ескерер болсақ, мәселенің өзектілігі айқын.

ЕРЕН ЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Адамзатты күйзелткен Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанының 70 жылдығы мерекесін “үлгіліктер” ерекше ілтипатпен өткізді. Сексен бес жылдық тарихы бар Жамбыл ауданына қарасты Үлгі ауылынан сол бір зұлмат заманда ел қорғауға аттанған жауынгерлер жетерлік. Солардың біразы бүгінде бақилық сапарға аттанған. Өмірден өткен ардагерлердің артында қалған ет жақындары мен ұрпақтары аталарының елдің тыныштығы, халықтың амандығы үшін жасаған …

ЕРЕН ЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ Read More »

ОЛАР СОҒЫСҚА БІР ҮЙДЕН АТТАНҒАН ЕДІ… Майдангер Әбдірахмановтар жайлы бір үзік сыр

Соғыстың қара бұлты үйірілгенде көк Есілдің жағасындағы үркердей ауылдың адамдары шөп шабуға енді қамданып жатқанды. «Соғыс!» деген сұмдық хабар төбеден жай түскендей қатты әсер еткені соншалық, қарттар жағы қатты абыржып қалды. Өйткені, бәрінің де азаматтары бар ғой. Елдегі адамның бір жөні болар-ау. Қан майданға он сегізге енді ғана толған жас жігіттер мен отыз, қырықтағы қырма …

ОЛАР СОҒЫСҚА БІР ҮЙДЕН АТТАНҒАН ЕДІ… Майдангер Әбдірахмановтар жайлы бір үзік сыр Read More »

МАЙДАННЫҢ ДА, ЕҢБЕКТІҢ ДЕ ЕРІ ЕДІ

“Әбілов Рақымжан 19.01.1918 жылы туған. Октябрь ауданы, Ленин ауылы. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, 54-ші мотоатқыштар полкінде атқыш болып әскери міндетін атқарған. Соғыстың алғашқы күнінен шайқастарға қатысып, жаралануына байланысты Кемерово қаласындағы әскери госпитальда емделіп, алған жарақатына байланысты 1941 жылдың қысында елге қайтарылды. “Германияны жеңгені үшін” және мерейтойлық медальдармен марапатталған”.

2015 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Петропавл қаласында өтетін шаралар БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәуелсіздік стеласы алдында 11.00-12.00 аралығында Балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылық орталығының ұжымдарының қатысуымен «Қазақстан балалары – нұрлы жолмен» мерекелік концерттік бағдарламасы өтеді. 12.00-13.00-де балабақшалар тәрбиеленушілері арасында «Еркетай – 2015» конкурстық бағдарламасы ұсынылады.

АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗДА – ҮШ АЛТЫН!

Облыс орталығында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттық акробатикадан ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

ЮЛИЯНЫҢ ҚОС МЕДАЛІ

Теміртау қаласында президенттік көпсайыстан республикалық спартакиада өтті.   Жекелей сында жерлесіміз Юлия Пропустина екі мәрте үшінші орыннан көріне білді. Солтүстікқазақстандықтар 10 команданың ішінде жалпыкомандалық төртінші орынға ие болды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АРДАГЕРІМІЗ – АЛТЫНШЫ ОРЫНДА

Өңіріміздің жеңіл атлетшілері Ресейдің Омбы қаласында өткен көктемгі жартылай марафонға қатысып қайтты.   Сайыс бағдарламасы бойынша ерлер арасында 21 км. 100 метр қашықтыққа жүгірген 61 жастағы жерлесіміз Қазбек Бикеев мәре сызығын алтыншы болып кесті. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ӘЛЕМДІК НОРМАТИВТІ ОРЫНДАДЫ

Солтүстікқазақстандық жеңілатлетші Лада Фомина Шымкентте өткен сайыстан олжалы оралды. Ел біріншілігінде 2000 метр қашықтыққа жүгірген жерлесіміз жеңіске жетіп, алдағы әлем біріншілігінің нормативін орындаған төрт қазақстандық спортшының қатарын толықтырды. Ал тағы бір спортшымыз Зарина Попова 60 метр сында қола медальға ие болды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АЛАҢ ИЕЛЕРІ – САЙЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Жуырда Уәлиханов ауданының орталығында футболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.   Аталмыш жарысқа өңіріміздің спорт мектептерінің 2000-2001 жылы туған тәрбиеленушілері қатысты. Бұл сайыста алаң иелері жеңімпаз атанса, Ақжар және Тайынша аудандарының былғары доп шеберлері тиісінше екінші және үшінші орынды еншіледі. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АЛИМЕНТІН ТӨЛЕМЕЙТІНДЕРГЕ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

Бүгінгі қоғамда алимент төлемдерін өндіріп алудың күрмеуі қиын. Сондықтан облыстық әділет департаментінің сот орындаушылары борышкерлердің берешектерін өтеуі үшін түрлі шаралар қолдануда. Борышкерлердің елімізден тыс жерге шығуына тыйым салынып, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Аталған шаралар өз нәтижесін беріп, сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті.

ҚАСІРЕТ ПЕН ҚАЙҒЫ ЖЫЛДАРЫ

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталып, ширек ғасырға жуық уақытқа созылған асыра сілтеу, зорлық-зомбылық және жеке басқа табыну есімдері алты алашқа белгілі азаматтарымызды, жүректері қазақ деп соққан зиялыларымызды, жазықсыз жапа шегіп, кінәсіз түрмеге тоғытылған ардақты тұлғалардың асыл жарларын, жетімдер үйін паналап, тегінен, жөнінен айрылған балаларды еске түсірсек, жан дүниеміз тітіркенеді.

ТАТУ КӨРШІ – ТУЫСТАЙ

Жақында өңірімізге Қорған облысынан арнайы делегация келді. Гуманитарлық акция аясында “Қорған облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Зауралье халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері, Ресейдің танымал жазушылары, жоғары оқу орындарының бірқатар білікті мамандары және БАҚ өкілдері жиналған бұл кездесу өте маңызды болды. Өйткені, биылғы жыл біз үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен ерекшеленсе, Ресейде – “Әдебиет …

ТАТУ КӨРШІ – ТУЫСТАЙ Read More »

БЕРІК ҚАДАМ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарын зейін қойып оқып шықтым. Мемлекет басшысының айтқан әрбір сөзінің астарында өрендерге артқан сенім де, бақытты болашаққа ұмтылған арман да жатыр. Әсіресе, “Бүгінде әр қазақстандық өз бетімен білім алып, алдымен өзінен біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін өзім не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз …

БЕРІК ҚАДАМ Read More »

ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауымен үндес бес институционалдық реформаның негізінде алдымыздағы Стратегиялық міндеттерді жүзеге асыратын Ұлт жоспары жасалып, оның өзекті 100 қадамы белгіленді. Оларды ел тынысының барлық саласын қамтитын өркендеу мен даму қадамдары десе болады. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын бұл қадамдар, әсіресе, облысымыздың басты өндіріс саласы …

ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ Read More »

ДАМУДЫҢ СЕРПІНДІ КЕЗЕҢІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», – деп атап айтқан болатын. Президентіміздің сындарлы және жүйелі саясатының арқасында елімізде өмірдің барлық саласында оң өзгерістер орнығуда.

ӨЗ ӨНІМДЕРІМІЗ ӨТІМДІ БОЛСЫН ДЕП…

Өңіріміздің экономикалық әлеуетін дамытуға, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың қосатын үлесі зор. Облыста бұл саланы қолға алып отырған бірнеше іргелі шаруашылық бар. Олардың өңір аумағын сүт өнімдерінің көптеген түрімен қамтамасыз етуге шамалары жетсе де, шетелдік тауар өндірушілер ішкі нарыққа үлкен бәсекелестік жасауда. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бүгінгі нарық қыспағын жеңу үшін …

ӨЗ ӨНІМДЕРІМІЗ ӨТІМДІ БОЛСЫН ДЕП… Read More »

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың жетекшілігімен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында экстремизм мен лаңкестік жайлы әңгіме болды.

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН…

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен селекторлық режімде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған облыстық комиссияның отырысы өтті. Онда облыс аумағында болған су тасқынының қорытындысы, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыру және су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.