ЗАҢДЫ БҰЗСАҢ, ЖАЗАҢ ДАЙЫН
2 маусымда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Әділбек Мұқашевтің төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға томпақ келетін әрекеттерге жол берген екі басшыны қызметтерінен босату туралы ұсыныстар қабылданып, тәртіптік істері қаралған өзге мемлекеттік қызметшілерді де қатаң жауапқа тарту ұйғарылды.