ТАЛАНТТЫЛАР МЕН ТАЛАПТЫЛАРҒА ЖОЛ АШЫҚ
Жер-жерде түрлі салтанатты оқиғаларға орай олардың маңыздылығына, шама-шарқына қарай мәдени-бұқаралық шаралар өткізіліп, концерттер қойылатыны жаңалық емес. Әсіресе, ауылдық клубтардан бастап, аудандық Мәдениет үйлерінде, басқа да бұқаралық ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастырылатын мұндай шаралардың астарында кей-кейде бұларды жоспарлап, мазмұнды, тартымды етуге жауапты адамдардың сіңірген еңбегі елеусіз, ескерусіз қалатыны да бар. Осы шаралардың діттеген мақсаттарына сай болуы оларды ұйымдастырған …