«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.06.2015

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨТКІР МӘСЕЛЕ

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бірнеше мыңдаған көлдер мен өзендер, басқа да су қоймалары бар. Оның біразы балық, аң аулауға және басқа да шаруашылық мақсаттарына пайдаланылады. Облыста соңғы 5 жылда 169 адам суға кетті, оның 14-і – балалар (2011 жылы – 34 адам, 2012 жылы – 50 адам, 2013 жылы – 39 адам, 2014 жылы – …

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨТКІР МӘСЕЛЕ Read More »

ЖЕТПІС ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАСЫМ

Жасым тоқсанға таяп, шау тартқан қартпын. Осы ғұмырымда не көрсем де, соларды кейде ой елегінен өткізіп отыратын әдетім бар. Әсіресе, жақсылық жағын айтуға ықыласым ауып тұрады. Біз жасымыздан осылай тәрбиелендік. Ең бастысы, білімге, білуге құмарттық.

ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

2015 жылдың 1 наурызынан бастап 1 маусымына дейінгі аралықта “Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінде ведомстволық бөлімшелер арасында өрт сөндіру бөлімінің тарихи формулярын дайындау және жүргізу бойынша байқау өтті.

ЖАСЫРЫНСА ДА, ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

34 жасар әзірбайжандық азамат кісі қанын жүктегені үшін 1999 жылдан бері іздестірілуде болғанды. Сол жылы ол әкесімен екеуі Баку-Қазақ тасжолының бойында бір ер-азаматты өлтіріп, оның 14 миллион 800 мың манат ақшасын алып, қашып кетеді.

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ

Мемлекеттік рәміздер күні аудан орталығында “Айлана” атты шағын маркет ашылды. Сауда-саттық орнында отандық өнімдер төмен бағамен сатылатын болады.

ТАРИХИ ОТАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Өңіріміздегі “Манас-Петропавл” қырғыз қоғамдық бірлестігі “Қырғызстан інжуі Ыстықкөл – 2015” деген тақырыпта “дөңгелек үстел” ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар мемлекеттік емес ұйымдардың, жастардың, этнобірлестіктердің өкілдерінің бастарын қосып, Қырғызстанның ұлттық ерекшеліктерін, ондағы туризмнің жай-жапсарымен таныстырды.

ҚУАТ КӨЗДЕРІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА

Өткен 2014 жыл “СевКазЭнерго” АҚ үшін табысты және оқиғаларға бай болды. Компания тобының кәсіпорындарында жабдықтарды жөндеу, қайта құру мен жаңғырту бойынша барлық жоспарланған шаралар ойдағыдай орындалды. Ал мұндай жұмыстар жүргізбейінше, энергожүйесінің дамуы мүмкін емес. “Шектелген тарифтер” мемлекеттік бағдарламасының қолданысқа енуі арқасында Петропавл 2-ЖЭО станциясын жаңғырту бойынша кең ауқымды іс-шаралар жалғасын табуда. 2016 жылдың соңында жылу-электр …

ҚУАТ КӨЗДЕРІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА Read More »

ЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ

Ең қолжетімді тұрғын үйді Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі арқылы алуға болатынын бүгінде тұрғындар жақсы біледі. Сондықтан олармен келісімшарт жасаушылар қатары көбейе түсуде. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы биылғы жылдың өткен бес айында сомасы 4,1 млрд. теңгенің 2214 келісімшартын жасады. Сол сияқты, банктің тұрғын үй қарыздарын беру көрсеткіштері де өсу үстінде. Аталмыш кезеңде сомасы …

ЕҢ ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ Read More »

«РУХАНИ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ – ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВПЕН сұхбат

– Армысыз, Марат Алмасұлы! Әңгімемізді өзекті жаңалықтардан бастасақ. Алдымызда дін өкілдерінің дүбірлі жиыны – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі жақындап келеді. Осы айтулы шараға бүгінгі күн биігінен қандай баға берер едіңіз? – «Бүгінгі күн биігінен» деген теңеуді өте орынды қолдандыңыз. Шынында да, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан съездері …

«РУХАНИ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ – ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВПЕН сұхбат Read More »

ЖҮРЕГІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕДІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдары тарих қойнауына тереңдеген сайын туған елі мен жері үшін кеудесін оққа тосқан майдангерлердің қатары сиреп келеді. Бұл, әсте, ұмытуға себеп емес. Ұмытпасымыз, ұмытылмасы анық. Бейбіт күннің емес, зұлмат соғыстың батыры атанған ата-әжелеріміздің ерлігін, батылдығын, отансүйгіштігін жырлай отыра насихаттау – міндетіміз. Сол себепті жалын жүрегі ажал мен бейнетке төтеп берген жерлесім …

ЖҮРЕГІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕДІ Read More »

ТІЛ БІЛСЕҢ, ТІЛЕГІҢЕ ЖЕТЕСІҢ

Мен неміс ұлтының қызы болсам да, жүрегім қашанда “қазақ” деп соғады. Қазақ тілін ана тілім деп есептеймін. Осы елде тұратын әр азаматты “Мен еліме не бере аламын?” деген сұрақ мазалауы тиіс. Бәріміз бірігіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етсек, келешегіміздің жарқын болары айдан анық. Бала кезімде “өскенде тәрбиеші боламын” деп армандадым. Ақыры сол мақсатыма қол …

ТІЛ БІЛСЕҢ, ТІЛЕГІҢЕ ЖЕТЕСІҢ Read More »

ҰБТ: ҮМІТ ПЕН КҮДІК

“Білім” атты асқарға қанат сермеген түлектердің бабы мен бағы қатар сыналған Ұлттық бірыңғай тестілеу біздің өңірімізде де аяқталды. Сыңғырлаған соңғы қоңыраудың үнімен үлкен өмір жолына қадам басқан 3733 түлектің 2531-і білім бәйгесінің сындарлы сынағынан өтті.

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Қайрат Сәкенұлы Пішенбаев Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Қайрат Сәкенұлы 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Ворошилов ауылында туған.

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысында кадрлық өзгерістер болды. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов аппарат жиынында осы өзгерістер туралы хабарлады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен Александр Васильевич Иванищев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

ТҮМЕНДІК КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар өңіріне екікүндік іссапармен келген түмендік кәсіпкерлерді қабылдап, өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жөнінде келелі әңгіме қозғады.

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Маусым айының алтыншы жұлдызында облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында соңғы жылдары игі дәстүрге айналған “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Биылғы ақтық сайысқа байқаудың аудандық және қалалық кезеңдерінде жеңімпаз атанған 29 отбасы қатысты.