«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.06.2015

ТҮЙЕ ДЕ БӨГЕТ ЕМЕС

Бабаларымыз: “Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес”, – дейді. Нағыз ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болса керекті. Білек күші мен білім-білігі сай келген азаматтар қай салада да қара үзіп шығары анық. Ер жігіттің мықтылығы сыналар доданың бірі – спорт. Спортты серік еткен саңлақтар намыс жолында жанын беруге әзір. Жүрек жұтқан жігерлі жігіттер …

ТҮЙЕ ДЕ БӨГЕТ ЕМЕС Read More »

БАС ЖҮЛДЕ – ТАҒЫ ДА БІЗДЕ

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің “Үміт кубогы” жарыстарының аясында баскетболдан ел чемпионаты он жылдан бері өткізіліп келеді. Облыстық жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың мектеп-интернатының командасы осы жарысқа үнемі қатысып, әлденеше рет жүлделер иеленді. Ал 2014 жылы мектеп-интернат командасы чемпиондық атақты жеңіп алды.

Есләмбек БЕКМҰРЗИН: “ЖЕҢІС ЖІГЕРЛІГЕ БҰЙЫРАДЫ”

Енді бірер аптадан соң қазақ күресінің жанкүйерлері биылғы “Қазақстан барысын” білетін болады. 5 шілде күні Астанадағы “Сарыарқа” велокешенінде сайдың тасындай іріктелген 33 жігіт жеңімпаз атану үшін кілемге шығады. Барлығы да қазақтың күрес өнерін бүге-шігесіне дейін меңгерген нағыз балуандар. Өткен жылдарға көз жүгіртсек, бүкілқазақстандық сипат алған жарыстың тұсауы 2011 жылы Астанадағы “Дәулет” спорт кешенінде кесілген болатын. …

Есләмбек БЕКМҰРЗИН: “ЖЕҢІС ЖІГЕРЛІГЕ БҰЙЫРАДЫ” Read More »

ШЫЛЫМНЫҢ ШЫРМАУЫ

Күнделікті әдетіммен жұмыстан жаяулап шығып, үй жаққа беттеп келемін. Аулама жақындай бере нан, сүт сатып алайын деген оймен жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкеніне бұрылдым. Есікті ашып қалсам, арғы жағында, аядай жерде, темірдің үстінде екі қыз отыр. Бет-ауыздарын шиедей қылып бояп алыпты. Ол аздай қолдарында шылымдары бар. Мынадай көріністі көріп, қаным басыма шауып кеткендей болды. Үнсіз …

ШЫЛЫМНЫҢ ШЫРМАУЫ Read More »

САНАМЫЗДЫ УЛАҒАН СЕРИАЛДАР

Осыдан 20-30 жылдай бұрын барлық арнаны америкалық сериалдар “жаулап” алатын. Сағыздай созылған кинолардың кейбіреуі, тіпті, 250-300 серияға дейін баратынды. Айларды былай қойып, жылдарға ұласқан осындай кинолар соңғы кезде азайған сияқты еді. Бірақ қазір түрік, үнді, қытай сериалдарынан көз аша алмай қалдық.

КЕЛІН ДЕ – ҚЫЗЫҢ

Босағаны оң аяғымен аттап, басынан орамалын тастамаған келіндер жайлы бірер сөз. Үлкендер жағы ұзатылып бара жатқан бойжеткенге “тастай батып, судай сіңіп кетсін” деп ақ баталарын береді. Осылайша, отбасылық өмірге аяқ басқан жас біреуге абысын, біреуге жеңге болады. Ал бірақ “келін” деген атау өмір бойы сақталып қалады. Кеше ғана босаға аттаған жас келін уақыт өте ақ …

КЕЛІН ДЕ – ҚЫЗЫҢ Read More »

МҮЛІКТІ ҚАЛАЙ БӨЛІСЕМІЗ?

Өмір болған соң күйбелең тірлікте түрлі жағдай болады. Мен тұрмысқа шыққанда қанша арман-мақсатым болып еді. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң, оның бәрі бос әурешілік екенін түсіндім. Өкінішке қарай, тағдыр маған тосын сый дайындап қойғанын білмеппін. Отбасын құрған кезде ортақ жоспарларымызды жүзеге асыра бастадық. Сөйтіп, үйленген соң күйеуім 1 миллион теңгеге көлік сатып алды. Енді …

МҮЛІКТІ ҚАЛАЙ БӨЛІСЕМІЗ? Read More »

ҰРЛАНҒАН БАҚЫТ

Мен де өзге бойжеткендердей жан-жүрегіммен қалаған жанға тұрмысқа шықсам деп армандаушы едім. Еркімнен тыс басыма орамал салынған күні бақытты болашақ туралы қиялымның күлпаршасы шықты. …17 жаста едім. Көкшетау қаласындағы колледжде оқып жүрген кезім. Құрбымның туған күн кешінен кейін бірге келген қыз-жігіттер көлікке отырып, үйге қарай бет алдық. Әңгімелесе отырып, Көкшетаудың маңындағы Красный Яр ауылындағы бөтен …

ҰРЛАНҒАН БАҚЫТ Read More »

ТАТУЛЫҚ – ТҰРМЫС СӘНІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсы биыл да өз жалғасын табуда. Отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған байқауға қатысуға тілек білдірушілер қатары жыл сайын арта түсуде.

ЕЛІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясының қызметкерлері рейдтік шаралар өткізіп, соның барысында еліміздің аумағында жүріп-тұру ережесін бұзған Түркия азаматтарын анықтады. Аталмыш елдің 44 жастағы азаматы Петропавл қаласындағы сән салондарының бірінде шаштараз болып заңсыз еңбек еткен. Ал оның 33 жастағы отандасы облыс орталығында ішкі істер басқармасына тіркелместен тұрып келген. Біріне тиісті заңнамаға сәйкес 25 АЕК көлемінде …

ЕЛІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Read More »

ТАҒАМДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті өңіріміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нарыққа шығарылған тауарлар сапасына мониторинг жүргізді. Бұл шара үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында Петропавл қаласындағы іргелі сауда орталықтарында, дәлірек айтсақ, “Таткрафт Инвест”, “Семейный”, “Көктөбе”, “Сокол”, “Вэлта”, “Пирамида” сауда үйлерінде ұйымдастырылды. Сауда орындарынан алынған 85 тауар тексерілді. Олардың 18-і санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, тауарларды таңбалау тәсілдерінің техникалық регламенттеріне …

ТАҒАМДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ Read More »

КҮН КӨЗІНДЕЙ КҮЛІМДЕГЕН…

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Шуақты аллея” атты көрме өтті. Көрменің басты кейіпкерлері – балалар. Бұл балалардың жастары әртүрлі болғанымен, тағдырлары бір. Жарық дүниеге ерекше болып келген жеткіншектер Даун синдромы атты туабітті дертке шалдыққан. Созылмалы дерттеріне қарамастан, олардың өзге балалардан еш айырмашылығы жоқ. Қызығушылықтары әр алуан. Бірі сурет салуды ұнатса, екіншісі ән айтқанды жанына жақын көреді.

ТҰЛПАРЛАР ТҰЯҒЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТ ТЕУ

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанбай Қадыров – көптеген ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік еңбектер жазған ғалым. Оның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау өңірлерінде ғұмыр кешіп, өнерімен елімізге танылған саңлақтар жайындағы зерттеулері ірі әдебиеттанушылардың лайықты бағасын алған.

РУХАНИ ДОСТЫҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІ

Замандас көрнекті орыс ғалымдары “Аққан жұлдыз” деп атаған Шоқан Уәлиханов, шын мәнінде, өзінің небәрі отыз жыл ғұмырында “Қазақ даласының асқан зиялысы” дегендей де баға алып, өз дәуірінен оза туғаны анық еді. Ол өзінің жаратылысынан дарыған зор білімдарлығымен достары түгілі, дұшпандарын да өзіне тәнті етіп өтті.

ИЕСІН ТАПҚАН МАРАПАТ

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығының қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында осы күнге жеткізген әкелеріміз бен аталарымыз жайында көптеп мақалалар, очерктер жазылып, теледидарда хабарлар көрсетілді. Мұндай еске алу үрдісі өте дұрыс. Өйткені, майдангерлердің қатары жылдан-жылға азайып келе жатыр. Етігімен су кешіп жүріп, мұз жастанған ардагер аталарымызға қандай құрмет жасасақ та, артық емес.

САҢЛАҚТАР САЙЫСТА ТОҒЫСТЫ

Солтүстікқазақстандық энергетиктердің дәстүрлі сайысы биыл Бескөл ауылындағы бөлімшенің оқу-жаттықтыру алаңында ұйымдастырылды. Облысты электрмен жабдықтап отырған компания бөлімшелеріндегі жедел жөндеу жұмыстары мамандары үш күн бойы білімділік пен біліктілік сайысына түссе, оларға берілген тапсырмалар аз болған жоқ.

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ – ЗУХРА АУҒАНБАЕВА

“2015 жылдың үздік педагогі” облыстық байқауына 12 мұғалім қатысты. Бақтары мен баптарын қатар сынаған байқауға қатысушылар қазылар алқасының алдында өздерін таныстырды, эссе жазды, психологиялық және педагогикалық тест сұрақтарына жауап берді. Осыдан кейін ашық сабақ өткізді. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зухра Ауғанбаева “2015 жылдың …

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ – ЗУХРА АУҒАНБАЕВА Read More »

АНАЛЫҚ АҚ ТІЛЕГІМ ШЕКСІЗ

Мен – Шал ақын ауданындағы Еңбек ауылының тумасымын. Көпбалалы анамын. Жасым да біразға келіп қалды. Біздің жасымызда басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан жоқ шығар. Осыдан 5-6 жыл бұрын жүрек тұсым шаншып ауыратын болды. 2010 жылы инфаркт алдым. Ол кезде аудандық ауруханамыздың терапевт дәрігері Болат Ерғалиұлы Құсайынов алғашқы көмек көрсетіп, облыстық кардиологиялық орталыққа жіберді. Бұл ауруханада …

АНАЛЫҚ АҚ ТІЛЕГІМ ШЕКСІЗ Read More »

ЖҮРЕКПЕН ТЫҢДАП, ЖАНЫН СЕЗ

Адамзаттың ақыл-ойы бәсекеге түскен бүгінгі ХХІ ғасырда әлем саяси, экономикалық және мәдени өзгерістердің ошағына айналып отыр. Бұл “жаһандану” деп аталатын ғаламдық құбылыстың болып жатқандығын аңғартады. Адамдар қақтығысқа, лаңкестік әрекетке, әлемнің қай жерінде болсын, қазіргі таңда қорқынышпен қарайтын болды. Себебі, өткенді айтпай-ақ, қазіргі таңда Ирак, Ливия, Сирия сынды елдердің саясаттың құрбанына айналуы, қақтығыстарға ұшырауы, қиындық кешіп …

ЖҮРЕКПЕН ТЫҢДАП, ЖАНЫН СЕЗ Read More »

БІРЛІККЕ БАСТАҒАН БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ

Қазақстан – ірі әлемдік діндер топтасқан іргелі шаңырақ. Тәуелсіздік жылдары республикамыз этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін құрды. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, 18 конфессияға тиесілі 3 мыңнан астам діни бірлестік қызмет етуде. Сол себепті де Мемлекет басшысы Қазақстанның этномәдени және конфессиялық алуан түрлілігі – бұл қазақстандықтарға басқа халықтардың құнды мәдени …

БІРЛІККЕ БАСТАҒАН БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ Read More »