МАШИНАСЫН САТЫП, САУДА ОРНЫН АШҚАН
Ер-тұрман, ат әбзелдерін жасау – дәл бүгінгі уақытта екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп. Сондықтан да оларды жасап шығару бүгінде өндірістік жолмен атқарылады, яғни ол зауыт, фабрикалардың мойнына жүктелгендей. Ал біз кезінде кез келген ауылда темірден түйін түйетін шеберлер болғанын көріп-біліп өстік. Өз басым ауылдағы Ержан ақсақалдың көлеңкеде қамшыға қайыстан таспа тіліп отырғанын талай көрдім. …