ОТАНДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ сауда оңтайландырылған
“Астана Моторс” компаниясының әкімшілік құрамының бір топ қызметкері сауда-саттық саласындағы іскерлік байланысты нығайту мақсатында Қызылжар топырағына табан тіреді.
“Астана Моторс” компаниясының әкімшілік құрамының бір топ қызметкері сауда-саттық саласындағы іскерлік байланысты нығайту мақсатында Қызылжар топырағына табан тіреді.
Облыс орталығында техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіруді, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындарда менеджмент жүйесін қалыптастыру тақырыбы бойынша салалық семинар өтті. Оның барысында ірі кәсіпорындар мен орта және шағын бизнес өкілдеріне, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік басқармаларға менеджмент жүйесінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат …
Бүгінде құрылыс саласындағы жаңашылдықтар көз қызықтырады. Кеше ғана іргетасы қаланған құрылыс алаңдары аз уақыттың ішінде сәулетті ғимараттарға айналып, қалаларымыз көркейіп, мыңдаған қазақстандық отбасылар тұрғын үйлерге қол жеткізуде. Бүгіннің заманауи техникалары мен технологиялары үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Осындай инновациялық қарқынға үлес қосуды қолға алғандардың бірі – петропавлдық “Б. Н. Жүнісов” жеке кәсіпкерлігі.
“Солтүстік Қазақстан” газетінің редакциясына тырнақалды өлеңдерін әкеліп, талқыға салған ұяң бозбала Өркен Зікірияновтың жауқазындай жырларында үкілеген үміті атойлайды. Алғашқы жыр, тұңғыш қадам. Ол Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылындағы “Парасат” мектебінің 9-сыныбында білім алып жүр. Сондықтан “Бұлақ көрсең, көзін аш!” деген халық нақылымен жас талапкердің қанатын қияға сермеуіне тілеулес болып, газет бетінен орын беруді жөн …
Ақжар ауданының Қарашілік ауылында спорт алаңы ашылды. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған аталмыш нысан жаз айларында волейбол, баскетбол алаңы ретінде пайдаланылса, қыста хоккей кортына айналады. Бұл игі іске ауыл тұрғындары дән риза. Олар жастардың көңіліндегісін дөп басқан “Бекболатов” шаруа қожалығының жетекшісі Қалижан Бекболатовқа өз ризашылықтарын білдіруде. Себебі, қарашіліктіктердің спортқа деген көңілі ерекше. Күрестен түрлі деңгейдегі …
Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары учаскелік инспекторларының есеп беру кездесулерінде мал ұрлығы мен маскүнемдік мәселесі баса айтылды. Жыл басынан бері облысымызда мал ұрлаудың 65 фактісі тіркелсе, олардың дені еркін жайылымда орын алған екен. Осы орайда ауылдық жерлерде мал ұрлығының алдын алу үшін үшжақты келісім жасалуда. Ал Ленинград және Келлеровка ауылдық округтеріндегі тәртіп сақшылары маскүнемдіктің белең …
Түркітілдес елдер тарихында алғаш рет “Bala Turkvizyon – 2015” атты халықаралық балалар ән байқауы өткізілмек. Қазақстандағы іріктеу кезеңі 8 маусым мен 1 тамыз аралығында өтеді. Отандық эстрада жұлдыздарынан құралған 16 тәлімгер республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында болып, 8-13 жас аралығындағы таланттарды іздемек. Осы іріктеуден өткен 16 дарынды бала Алматы қаласына шақырылып, өнер …
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері “Кітапханаға кітап сыйла” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Шараның мақсаты – кітапхананың қорын түрлі жанрдағы әрі жаңа туындылармен байытып, оқырмандардың талап-тілегін қанағаттандыру, қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Еліміз сан ғасыр армандап, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бері арада екі онжылдықтан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз айтулы жетістіктерге жетті, әлемнің дамыған, өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. Көңілімізге медеу болатын жағымды жаңалықтармен қатар жанымызға қаяу түсіретін жағдайлар да аз емес. Соның бірі – тіл мәселесі. Қазақ тілін ешқашан назардан тыс қалдырмайтын Елбасы Нұрсұлтан …
Осыдан үш жыл бұрын ауданның орталық қонысында “Аягөз” сауда орталығы ашылған болатын. Аталмыш ғимараттың ішінде ветеринарлық дәріханаға да орын берілген. Оған жетекшілік ету Бану Қабдуалиқызы Әміреноваға тектен-тек тапсырылмаса керек. Өйткені, оның мал дәрігері мамандығының болуы өзіне сенімді арттырғаны анық. Дәріхана меңгерушісінің мал дәрігері мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 25 жылға жуық.
Татьяна Дзубанның гидрометеорология саласында еңбек ете бастағанына ширек ғасыр. Ол Ресейдің Челябі облысындағы Миасс гидробарлау техникумын тамамдаған соң 1991 жылы облысымыздағы гидрометеорология орталығына жұмысқа қабылданады. Содан бері өз қызметін абыройлы атқарып келе жатқан жанды әріптестері білікті маман ретінде құрмет тұтады. Ол өңіріміздегі су қорының өлшемін, құрамы мен сапасына зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, табиғат ресурсын үнемдеу …
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды атап көрсетті. Президент жүргізілетін реформа аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне баса көңіл бөліп отыр. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, сапалы қызмет көрсету арқылы ғана еліміз ілгері дамып, құқықтық мемлекет ретінде нығая түспек. Тарихи мәнге ие құжатты іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз …
Бейсенбі күні облыс орталығындағы К.Сүтішев және М.Горький көшелерінің қиылысында халықаралық стандарттағы “Hampton by Hilton” қонақүйінің құрылысын бастауға арналған шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қатысып, инвестор “Nord hotel Group” ЖШС-нің игілікті ісіне сәттілік тіледі.