«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 16, 2015

Орысша білу аз, ағылшынша да білу керек

Оралмандар қалай ма, қаламай ма, қазақ әліппесін үйрену керек, оның үстіне орысша үйренсе, өзіне пайда. Ол керек дүние. Ең болмаса, дүкенге барса да, қажетіне жарайды. Оқуды былай қойғанда. Орысша үйренбейсің бе дегендерге: «Сендер орыстың құлы болып үйреніп қалғансыңдар, бізді де орыс қылғыларың келеді»,- деп, Абай заманының надандарынша кергудің пайдасы шамалы. Орысша білу аз, ағылшынша да …

Орысша білу аз, ағылшынша да білу керек Read More »

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Полицейлер 400 грамм героинмен 50 жастағы ер адамды құрықтады. Петропавл қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларының назарына мамыр айының басында іліккен болатын. Бірнеше күндік жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер күдіктіні Жұмысшы кентінде қолға түсірді. Жедел уәкілдер сол жерден екі пакет есірткі затын тапты. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері облыс полицейлері …

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ Read More »

“АСЫЛ АНА” – БАЛАЛАРҒА

Оқу жылы аяқталғанына қарамастан, облыс орталығындағы №2 орта мектептің мәжіліс залы әсем безендіріліп, сахнасының шымылдығы түріліп, әннен шашу шашылды. Бұл сән-салтанатқа толы іс-шараның ұйымдастырушысы – асырауында балалары бар жалғызілікті мүгедек аналардың “Асыл Ана” қоғамдық бірлестігі. “Ештен кеш жақсы” демекші, қоғамдық бірлестік осылайша балаларды Халықаралық балалар күні мерекесімен құттықтады.

ТҮЛЕКТЕР ЕМТИХАНЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ КӨП

Қазақстандағы білім беру саласын дамыту, оның ішінде ҰБТ-ның болашағын айқындап, бұл ретте кездесіп отырған проблемаларды шешу – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан Қазақстан Коммунистік халық партиясының өңірлік филиалының ұйытқы болуымен аталмыш мәселе төңірегінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып, оған партиялық ұйымдардың мүшелері мен білім саласының мамандары шақырылды. Басқосудың мақсаты – түйткілді мәселенің шешімін табу жолында қоғам белсенділерінің …

ТҮЛЕКТЕР ЕМТИХАНЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ КӨП Read More »

ОЛАР ДА ЖҰМЫСҚА ЗӘРУ

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Оларды еңбекке араластыру тәрбие ғана емес, мемлекет бюджетіне түсетін салмақты да азайтады. Соңғы жылдары мемлекет түзеу мекемелерінде құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамаларды қабылдады. Бұл өзгерістер жазасын өтеушілерді қоғамнан оқшау болса да, әлеуметтік бейімделуге үйретеді. Мәселен, 2012 жылдан бері жергілікті “Щеголев” жеке кәсіпкерлігі …

ОЛАР ДА ЖҰМЫСҚА ЗӘРУ Read More »

МОТОКӨЛІК – ВЕЛОСИПЕД ЕМЕС

Әкімшілік полициясы қызметкерлері мен Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының инспекторлары бірлескен рейдтік шара өткізіп, мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын басты назарға алды. Бес сағаттың ішінде он шақты мотокөлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 9 мотоцикл мен скутер арнайы тұраққа қойылса, 5 жүргізушінің көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны анықталды. Жыл басынан бері облыс жолдарында мотокөліктердің …

МОТОКӨЛІК – ВЕЛОСИПЕД ЕМЕС Read More »

БҰЛБҰЛ МЕН ТЕМІРЛАН ЕРЛЕДІ

Алматы қаласындағы “Қазақ-концерт” залында 2-6 маусым күндері вокал, хореография және аспаптық музыка аталымдары бойынша республикалық “Күншуақ” байқауы өтті. Әр аталым бойынша жасына қарай ең үздік үш солист және ең үздік үш ұжым анықталды. Сайысқа еліміздің 300-ден астам оқушысы қатысты. Дәстүрлі өнер додасында облысымыздың намысын қорғаған Уәлиханов ауданындағы өнер мектебінің шәкірттері жеңіспен оралды.

ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ – ДИНА

Дина Диярат – болашағынан зор үміт күттіретін балауса балғындарымыздың бірі. Ол көктемде Петропавл қаласында өткен “Аялаған Астана – 2015” телевизиялық байқауының іріктеу шарасына қатысып, екінші орынды иеленген еді. Облыстың жас өнерпаздары қатысқан бұл байқау талапты үміткерге аса қиындық тудырған жоқ. Үлкен сынақ – алда. Дина облысымыздың атынан аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне қатысқалы отыр.

“ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ЖАСТАР КӨЗІМЕН”

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен білім, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының мамандары бірлесіп, “Жемқорлыққа қарсы күрес – жастар көзімен” атты карикатуралық сурет байқауын ұйымдастырды. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Петропавлдағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде өтті. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға барлық аудандардан және Қызылжар қаласынан елуден аса үміткер ниет білдіріп, …

“ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ЖАСТАР КӨЗІМЕН” Read More »

БАҚ ТА, БАП ТА ШАПҚАН СӘТ

Жұма – 12 маусым күні ашылған ХІХ облыстық ұлттық ойындар спартакиадасы жарысқа қатысушылар мен ықыласты көрермендерді Қызылжар ауданындағы “Құлагер” атшабарында тоғыстырды. Жарнаманың олқылығынан ба екен, көрермендерден жарысушылардың қатары қалың болды.

АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН

Барша мұсылман қауымы жылда тағатсыздана күтетін қасиетті Рамазан айына санаулы күн қалды. Биыл ораза 18 маусымнан басталады. Мұсылмандар үшін ардақты Рамазан айын лайықты өткізу үшін облыстың мешіттерінде дайындық басталып та кетті. Қасиетті айдың артықшылықтары туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының СҚО бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбайдан сұраған едік.

ҮНДЕУІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа

ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

“Даму” қорының солтүстікқазақстандық мекемесі өңіріміздегі екінші деңгейдегі банк филиалдарының менеджерлерімен кездесу өткізді. Ондағы мақсат – орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсететін институттың жұмысындағы құрылымдық өзгерістерді, яғни “Бизнестің жол картасы – 2020” бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы” атты жаңа бағдарламаның қалай жүзеге асатынын түсіндіру.

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ

Кәкпеновтер отбасының ең сыйлы және ең құрметті адамы – Жәзит ата. Ол 1932 жылы Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауылында туған. Сырымбет орта мектебін аяқтағаннан кейін Петропавл қаласындағы педагогика институтының жаратылыстану факультетінен мамандық алып, еңбек жолын Совет ауданындағы (қазіргі Аққайың) әзірлік мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі болып бастапты. Кейін мұғалімдік қызметін Айыртау ауданындағы Светлое ауылында жалғастырады. …

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ Read More »

КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР ҚЫЗЫЛЖАРДА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Петропавлдағы Александр Топченко басқаратын “Сапро-НАТ” ЖШС биылғы сәуір айында “Полимерлік композиттер зауыты” еншілес кәсіпорнын құрып, “Композиттік материалдар өндірісін ұйымдастыру” жобасын жүзеге асыруға кірісті. Аталмыш жоба облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінде қолдау тауып, өңірдің Индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылды. Сол күні үйлестіру кеңесінің белсенді мүшесі, пластикалық құбырлар шығарумен айналысатын “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-нің директоры Александр Кондратов …

КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР ҚЫЗЫЛЖАРДА ШЫҒАРЫЛАДЫ Read More »

РАМАЗАННЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ азық-түлікті арзан бағамен сатуға шақырды

Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты он екі айдың сұлтаны – Рамазанға арналды. Игі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті ай 18 маусымда басталып, шілденің 16-сына дейін жалғасады. Биылғы ораза 29 күнге созылып, жаз мезгілінің тап ортасына келіп тұр. Мұндай тарихи сәт 36 жылда бір келеді, деп сөзін бастаған …

РАМАЗАННЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ азық-түлікті арзан бағамен сатуға шақырды Read More »

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТЫҢ ОН БЕСІНШІ ТҮЛЕКТЕРІ

Сенбі күні Петропавл Әскери институтында Ұлттық ұланның Жауынгерлік туын және түлектерге диплом тапсыруға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы күш құрылымдарының өкілдері, ардагерлер, оқу орны түлектерінің ата-аналары қатысты.