«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ СҰРАУЫ БАР

Soltüstık Qazaqstan

 romanogazzi@gmail.com

Облыстық тексеру комиссиясы қаржылық бақылау инспекциясымен бірлесіп жергілікті бюджеттің атқарылуына және Қызылжар ауданы аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысына бағалау жүргізген болатын. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді.

Облыстық қаржылық бақылау инспекциясы ауданның 4 мекемесін тексерді. Оның барысында анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 31 592,6 мың теңгені құрады.

Ал тексеру комиссиясы 9 бақылау нысанына тексеріс жүргізді. Бақылаумен қамтылған бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы – 4 393 838,3 мың теңге. Жүргізілген бақылау іс-шараларының барысында жалпы сомасы 1 009 837,8 мың теңгенің қаржылық тәртіп бұзушылықтары анықталды, ол бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының 23 пайызына тең. Өтелуге жататын қаржылық тәртіп бұзушылықтар сомасы 572,5 мың теңгені құраса, рәсімдердің тәртібін бұзу сомасы 564 889,7 мың теңгеге жетті.

Жүргізілген бақылау нәтижесі қызметкерлердің тарапынан орын алған бірқатар заңсыздықтардың бетін ашты. Мәселен, кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды негіздейтін құжаттарсыз және есепсіз жоспарлау, бюджет қаражаттарын тиімді қолданбау, еңбекақыны, іссапар шығыстарын негізсіз төлеу сияқты өрескел кемшіліктер орын алған. Сондай-ақ, орындалмаған жұмыстар көлемін төлеу, қаржылық есептілікті бұрмалап құрастыру, бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиіс мәліметтерді жасыру, мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен сотқа шағымданбау фактілері анықталды.

Аудан бюджетінің жоспарын бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптері жалпы сақталғанын көрсетті. Әйтсе де, кірістер жоспарын нақтылау бойынша есепсіз және негізсіз түсім жоспарын төмендету, бюджет заңнамаларын бұзу фактілері кемімей отыр.

2011-2015 жылдарға арналған аймақты дамыту бағдарламасын іске асыру бағасы мемлекеттік органдардың жоспарланған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізудегі тиімсіз жұмысын байқатты. Мәселен, 2013 жылы 2 нысаналы индикаторға (15%) қол жеткізілмесе, 14 көрсеткіш нәтижелері (11%) атқарылмады. 2014 жылы 10 нысаналы индикатор (24%) орындалмаған, ал соңына дейін жүзеге аспаған көрсеткіш саны – 30.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары қаржылық тәртіптің төмен деңгейін көрсетті. Бақылау нысандары тарапынан бюджеттік және өзге заңнамаларды бұзу біртекті бұзушылықтар түріндегі жүйелі сипат алған.

Анықталған тәртіп бұзушылықтар алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға қол жеткізуде қолданылып жатқан шаралардың тиімсіздігін әрі жеткіліксіздігін көрсетеді.

Бақылаудың қорытындысына сәйкес Қызылжар ауданының бақылау нысандарының қатысуымен тексеру комиссиясының отырысы өткізілді. Оның нәтижелері бойынша жіберілген қаржылық тәртіп бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою, оған жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті қаулы қабылданды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бақылау материалдары процессуалдық шешімдерді қабылдау үшін облыстық қаржылық бақылау инспекциясына тапсырылды.

Еркебұлан БАҒРАМОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру

 комиссиясының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp