«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫЛАЙ ХАН (1711-1781 ж.ж.)

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орта жүздің ханы, ірі мемлекет қайраткері. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің әскерлерімен өз күштерін біріктірген сұлтан Абылай жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырған. Әбілмәмбет 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін Абылай хан тағына отырған. Ішкі саясатта хандық билікті нығайту бағытын ұстанған ол шаруашылық пен сауданы дамытты, тұрғындардан салық жинаудың жаңа түрлері мен мөлшерін енгізді. Мемлекетті орталықтандырылған басқару қағидаты бойынша ұлыстарды жергілікті жерлерде орталық билікке бағынатын сұлтандар арқылы басқарды. Ұлы және Кіші жүздерге де ықпалды болды. Сыртқы саясатта қазақ мемлекеттігін сақтауға ұмтылды, көрші мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатты және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтты. Абылай заманында Ресей мен Қытай, Жоңғар, Бұхар және Хиуа хандықтары Қазақ хандығымен тығыз байланыста болды.

Абылай мен оның ұрпағы Петропавл қаласының қалыптасу тарихында және тұтастай алғанда өңірдің дамуында ерекше рөл атқарды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp