«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІЗ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жазғы демалысты қалай өткізесіз?” деген сауалды өңіріміздің бірқатар жастарына жолдаған едік.

Нұрбек Наушарипов,

Петропавлдағы медициналық колледждің студенті:

– Курорттық өлкелерді меңзеп тұрған боларсыз. Әзірге студент болған соң шетелге немесе еліміздегі өзге де орындарға арнайы барып, демалатын жағдайым жоқ. Шамам болған күннің өзінде демалуды жөн көрмес едім. Өйткені, өзіме ондай сыйлық жасайтындай еңбек етіп үлгермедім. Оқуымды бітіріп, жұмысқа орналасып, оның жемісін өзгелерге татыра алған уақытта ойланармын. Мүмкін, Дубайға, Анталияға баратын шығармын. Қойған сұрағыңыздан кейін маған бір ой келіп тұр. Адам не үшін демалады? Олардың ағзасы тыныштықты, еркіндікті қажет етеді. Күнделікті күйбің өмірден, қайталана беретін тіршілік түйткілдерінен аз уақыт болса да құтылғысы келеді. Міне, сол кезде адам нағыз демалысқа шөлдейді. Ал менде әзірге ондай қажеттілік туындаған жоқ. Достарыммен бас қосқаным да, сабаққа барып, кітапханаларды шарлап, ізденгенім де демалыс іспетті.

Гәкку Исманғалиева,

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің III курс студенті:

– Жаз мезгілі мен үшін алаңсыз демалып, жағаны жайлауға салатын кез емес. Керісінше, қарбаласып, ерінбей еңбектенетін уақыттың оңтайлы тұсы. Сабақты ойдағыдай бітірген бойда Петропавлдан өзіме ыңғайлы уақытша жұмыс тауып, ақша табудың жолын қарастырамын. Ол ата-анама салмақ түсірмеудің амалы ғана емес, түрлі ортада жұмыс істей білуге бүгіннен бастап үйренудің бір әрекеті.

Сауалнаманы жүргізген

Раушан МҰХАМЕТЖАНОВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Суреттерді түсіргендер

Амангелді БЕКМҰРАТОВ, Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp