«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ДА ЖЕҢЕМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Халқымыздың “Жемқорлық орға жығады” деген тәмсілінің мағынасы да, көздегені де бөлек. Бүгінде аталмыш жағдайдан біздің еліміз ғана емес, дүниежүзі мемлекеттері зардап шегуде. Мемлекеттің қазынасына, жұртшылықтың ортақ игілігіне қол сұққандардан қоғамды тазартуда біздің еліміз де табандылық танытып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформасы және жүз нақты қадамы арқылы да жемқорлықпен талмай күресуді баршамызға міндеттеді. Елінің ертеңіне бейжай қарай алмайтын әрбір адам қоғам кеселімен батыл күресуді азаматтық міндеті санауы тиіс. Бұл бірінші кезекте, кез келген адамның ерік-жігерімен, ұмтылысымен қатар, жалынды жастардың іргелі әрекеттерімен де еңсеріледі. Осыны ескерген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жастар бастамалары орталығы мамандарымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың қаңтарында екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Содан бері игі істердің атқарылуына ұйытқы болған қос мекеме мамандарының көздегендері – жегі құрттай жайлаған сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою, талмай күресу.

Осы уақыт аралығында өңіріміздің жалынды жастары “Таза қол”, “Сауаттылық – сауыттай қорған”, “Мен таза ар үшін” сынды тағы басқа да акциялар, аталмыш тақырыптағы “дөңгелек үстел” отырыстарын өткізді. Сондай-ақ, біз көшедегі жаяу жүргіншілерді де назардан тыс қалдырмай, олардың да аталмыш шараларға бір кісідей атсалысуларына күш салдық. Арнайы сауалнамалар жүргізіп, жемқорлықтың мағынасы кеңінен түсіндірілген парақшалар тараттық. Қоғамның кеселі жастардың жиі бас қосатын әлеуметтік желілері арқылы да түсіндірілуде. Мысалы, “ВКонтакте”, “Фейсбук”, “Инстаграм” желілері арқылы жемқорлықты ауыздықтаудың жолдары әсерлі жеткізілген бейнекөрсетілімдер, суреттер, мақалалар жариялануда.

Серік АЙДАРБЕКОВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің

бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp