«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕР “КАЗЦИНК” ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етуге арналған жоспарды жүзеге асыруға сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған солтүстікқазақстандық делегация “Казцинк” ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында “Казцинк” ЖШС-мен ұзақмерзімді шарт жасауға мүдделі “ПАМЖЗ”, “Киров атындағы зауыт”, “Нукер”, “Петропавл құбыр зауыты”, “Изолит”, “Жаңа Есіл Феникс”, “Казнефтегазмаш”, “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты”, “СПМК-4”, “Трибо”, “Полимер композиттері зауыты” сияқты кәсіпорындардың өкілдері болды.

Ерлан Әукенов кездесуге қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетімен таныстырды. Ол өңірдегі 49 машина жасау кәсіпорнының 28-і мұнай-газ, темір жол және тау-кен секторына өнім шығаруға маманданып жатқандығын атап айтты.

– Облыс кәсіпорындарының инновацияны енгізу және өнімді жақсарта қайта өңдеу жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстары импорт алмастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол үшін өңірде барлық жағдай жасалған. Кадрлық және ғылыми әлеует жоғары, 5 мыңнан астам білікті маман бар. Жетекші кәсіпорындарда жаңғырту жүргізіліп, жаңа технологиялар енгізілді, – дей келіп Ерлан Мұратұлы аталмыш кездесу әріптестік қарым-қатынасты дамытуға және бірлескен жоспарларды жүзеге асыруға жағдай жасайтындығына сенім білдірді.

“Казцинк” ЖШС-і – еліміздегі мырыш өндіретін ірі кәсіпорын, оның негізгі бөлігін мыс, бағалы металдар мен қорғасын құрайды. Өндіріс орны халықаралық стандартқа сәйкес DIN EN ISO 9001 сертификатымен, экологиялық менеджмент және өнеркәсіп қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне сәйкес DIN EN ISO 14001 және BS OHSAS 18001 сертификаттарымен жұмыс істейді. Қазіргі кезде компанияда ISO 50001 халықаралық стандарты бойынша энергия менеджменті жүйесі құрылған.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp