«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТЫРНАҚ АСТЫНАН КІР ІЗДЕГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан” газетінде (№80, 16 маусым, 2015 жыл) “Бақ та, бап та шапқан сәт” деген мақаламда мен 2015 жылғы 13 маусымда Қызылжар ауданындағы “Құлагер” атшабарында өткен көкпар мен бәйге туралы жазған едім.

Осы бәйгеде күтпеген екі оқыс оқиғаның орын алғаны рас. Бәйгенің барысында екі ат мертікті. Біріншісінде – жарыс жолында шауып келе жатқан аттардың бірінің алдыңғы оң аяғы жараланды. Ал екінші жағдайда алыс қашықтыққа шапқан аттардың бірі сүрініп, құлап, мал дәрігерлері аттың аяғын тұяғының тұсынан кесуге мәжбүр болды.

Ұйымдастырушылардың, мал дәрігерлерінің айтуынша, бәйгеде, көкпарда мұндай жағдайлар болып тұрады. Десек те, атшабарды бәйгеге дайындағанда жарыс жолына қалыңдатылып топырақ төгіліп, жол әбден тегістелуге тиіс. Бұрындары оны осы атшабардың басы-қасында жүретін, бәйге десе ішкен асын жерге қоятын Овсянников деген атбегінің мұқият қадағалайтынын өз көзіммен талай мәрте көргенмін. Ол жарыс жолының кедір-бұдыры, ой-шұңқыры болмауын салт жүріп те, ерінбей жаяу да аралап шығатынына қаныққанмын. Атшабардың бір айналымы – 1600 метр.

Осы оқиғаны әріптесім, “Матрица” ақпарат агенттігінің тілшісі Вера Гаврилко Интернет арқылы “Байга на крови” (“Қанды бәйге”) деп елімізге таратыпты. Онымен келісетін жерім – атбегілері мен иелерінің жауапсыздығы, жануар болса да, жылқыны бәйгеге қосқан кезде мұндай жағдайдың туындап қалуы мүмкін екенін ойламауы.

В.Гаврилконың сөзінің астарында “Көкпар – адамдар мен аттардың өміріне аса қауіпті ойын. Мұның тамырына балта шабу керек!” деген жымысқы ой жатқан сияқты көрінді маған. Онымен әсте келісе алмаймын.

Ал, ойлаңыздаршы! Көкпар Испанияда, Мексикада, Португалияда ұлттық ойын саналатын корридадан қауіпті болып па?! Корридада жыл сайын, бері салғанда, 50-60-қа тарта адам – тореролар, матадорлар, пикадорлар қаза табады екен. Оның үстіне, әр ойында ақыр-соңында пикадорлар бұқаны жұлынына сүңгі сұғып өлтіреді. Демек, әр “ойын-сауықта” бірнеше жануар жан тапсырады. Немесе осындай ойындарда матадорлар мінген аттарды бұқалар мүйіздеп өлтіреді. Газеттерден оқығандарымды алға тартсам, корридаларда осылайша жылына жүздеген жылқылар мерт болады екен.

Енді ковбойлардың родеосын айтайық. Жыл сайын бірнеше жылқы өлтіріледі. Ковбойлардың өздері де аман қалмайды.

Париж-Дакар көлік раллиін алайық. 1978 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл әлемдік жарыс кезінде Сенегалдың адам айтқысыз құмшағылдарында 50-ден аса адам мерт болыпты. Олар – мотоциклшілер, автокөліктер жүргізушілері.

Формула-1” болидтер жарысында жүргізушілер қаза таппай тұрмайды. Мысалы, әлемнің үш дүркін жеңімпазы, бразилиялық Айртон Сенна 1994 жылғы 1 мамырда Сан-Маринодағы жарыс жолында соқтығыстан соң жанып кетті. Одан бір күн бұрын Ролланд Ратценбергер деген жүргізуші қайғылы қазаға ұшырады.

Желкенді қайықтардың әлемдік регаталарында жыл сайын, кемінде, екі-үш адам суға кетіп жүр.

Немесе, көсем жүретін аттардың конкурсында жылқылар кедергілерге соғылып өледі, шабандоздар жарақаттанады, тіпті, мерт болып жатады.

Алайда, корриданы да, родеоны да, “Формула-1”-ді де, регаталарды да, әсіресе, “Дерби-Каунтиді” ешкім тыйып тастаған жоқ. Бәйге мен көкпар бұлардан қауіпті болып па?! Байбалам салып жүргендер нені ойлайтынын аңғару қиын…

Біздің көкпарымыз осылардан қауіпті емес. Бұл орайда өңірімізге белгілі көкпаршы, Уәлиханов ауданы құрамасының бас бапкері Рамазан Махатовпен сөйлескенімде ол: “Көкпар сондайлық байбалам салатындай қауіпті ойын емес. Ол – ұлттық дәстүріміз. Көкпарға машығы бар адам ғана қатыса алады. Аттар да үйретіледі, бапталады. Олардың аяқтарына сынудан қорғайтын қаптама кигіземіз. “Көкпар қауіпті” дейтіндер – оның мәнісін де, маңызын да білмейтіндер. Әйтеуір, байбалам салып, жазып, шу шығарып жүруді кәсіп еткендердің қылығы”, – деді.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 

Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp