«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

“ЕВРАЗИЙСКАЯ ГРУППА” ЖШС БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Qazaqstan

 romanogazzi@gmail.com

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған солтүстікқазақстандық делегация “Евразийская группа” ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаевпен кездесіп, отандық тауар өндірушілердің тапсырыстарын орналастыру есебінен жергілікті мазмұндағы өнімдерді сатып алу үлесін арттыру және қолдау мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта өңірдің кәсіпорындарын жұмыспен қамтамасыз етуге арналған шаралар жоспары аясында облыс әкімінің тапсырмасына орай ірі компаниялармен ұзақмерзімді шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ерлан Әукенов кездесу кезінде шараға қатысушыларды Қызылжар өңірінің өнеркәсіптік әлеуетімен таныстырды.

– Облыс аумағындағы 49 машина жасау кәсіпорнының 28-і мұнай-газ, темір жол және тау-кен өндірісі секторына өнім шығаруға мамандануда. Өндіріс орындарында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар мен өнімді жақсарта қайта өңдеу шаралары импорт алмастыруды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жетекші кәсіпорындарда жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу жұмыстары атқарылған, – деді облыс әкімінің орынбасары.

“Евразийская группа” – Eurasian-ResourcesGroup (ERG) компаниясының еншілес ұйымы. ERG өзінің қазақстандық активтерін басқару үшін “Евразийская группа” ЖШС-ін құрған. Ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында өндірістік активтерді басқаруды жүзеге асырады. Оның құрамындағы “ТНК Казхром”, “Жайрем ГОК”, “Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі”, “Қазақстан алюминийі”, “Қазақстан электролиз зауыты”, “Еуразиялық энергетикалық корпорация”, “Шұбаркөл-көмір” және “ENRC Logistics” сияқты еліміздің ірі кәсіпорындары Қазақстанның экономикасына тұтастай алғанда елеулі үлес қосуда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp