«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға 55 “Жедел жәрдем” көлігінің кілтін тапсырды.

– Бүгінгі күні елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына, оның материалдық-техникалық базасының нығаюына айрықша көңіл бөлінуде. Емдеу мекемелері салынып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Саланы қаржыландыру жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы денсаулық сақтау саласы ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуына 1 миллиард теңге жұмсалды, – деді облыс басшысы.

Өңірімізде кадр тапшылығы мәселесін жою бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы облысымызға 75 жас маман жұмысқа орналасты. Оның 43-і аудандарда қызмет етіп жүр. Өңірде Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Соңғы бес жылда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып, жалпы өлім-жітім – 10 пайызға, бала өлімі 24 пайызға азайды.

Кәсіби мерекеге орай саланың бір топ қызметкері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін”, “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгілерімен марапатталды.

Салтанатты шара облыстың емдеу мекемелері көркем өнерпаздарының “Қазақстанның бірлігі – халықтардың достығында” атты байқауымен жалғасын тапты. Ақ халаттылар әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Әншілер арасында бірінші орынды Уәлиханов орталық ауруханасының онколог дәрігері Қажымұрат Есіркепов иеленді. Ал би аталымында облыстық кардиологиялық орталықтың “Алтын жүрек” тобы жеңімпаз деп танылды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp