«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерімен кездесті. 

Медицина саласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер басшылары, ауыл дәрігерлері, жаңашыл медиктер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және санитарлық авиация дәрігерлері, фармация мамандары қатысқан кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өңірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекемелер жұмысына байланысты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табысты дамуы және 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған озық 30 елі қатарына қосылуы денсаулық сақтау саласын жаңғыртумен тікелей байланысты. Биылғы жылы “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталады. Осы жылдар ішінде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды. Ол медициналық мекемені таңдау еркіндігі, дәрігерлік көмек көрсету шараларының ашықтығы, бәсекелестік орта қалыптастыру, қызмет көрсетудің көлемі мен сапасына қарай ақырғы нәтижеге сәйкес қаржыландыру қағидаттарына негізделген. Соңғы 5 жылда қазақстандықтардың өмір жасының ұзаруы отандық медицинада қол жеткізілген табыстың айғағы болып отыр. Өмір жасының ұзақтығы 3 жылға артып, 2014 жылы 71,6 жасты құрады. 2010 жылмен салыстырғанда ана өлімі – 2 есе, бала өлімі 1,7 есе азайды.

“Akorda”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp