«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.06.2015

КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КӘРІС ТАҒАМЫ

Жетпіс жыл бойы ұлттық құндылықтары мен өмір сүру дағдысы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, тұтасып кеткен Қазақстанның кәрістері ел жұртшылығына өзіндік бірегей де ерекше асханасымен белгілі. Сонау кеңес кезеңінен бері қазақ халқының да, жалпы қазақ елінде тұратын басқа ұлт өкілдерінің де мерекелік дастарқанынан кәріс салаттарын көруге болады.

МОРДВА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ

Еріншектің ойында, Елгезектің қолында. * * * Қақпаның тірегі – екі тас, Үйдің тірегі – екі бас. * * * Бірге туғаны бардың Берік қорғаны бар.

ЖЕРҰЙЫҒЫН ТАПҚАН ОТБАСЫ

Күрдтер – Таяу Шығыстың ежелгі халықтарының бірі болғанымен, тағдырдың жазуымен қазақ елінде де қоныс тепкен. Солардың бірі – Тайынша ауданында тұратын Алиевтер отбасы. Күнкөрістің қамымен әуелі еліміздің оңтүстігіне, кейін Көкшетау қаласына көшкен Тахир мен Дильбар Қазақстанның туған еліндей болып кеткенін жасырмайды. Соңғы 25 жыл бойы осы жақта еңбек етіп, жергілікті халықпен емен-жарқын араласып жүрген олар …

ЖЕРҰЙЫҒЫН ТАПҚАН ОТБАСЫ Read More »

КӨҢІЛІ БАЛАДАЙ ДӘРІГЕР

Көршілерінің өзінен анағұрлым кішкентай балаларымен ойнап жүрген оған ата-анасы күнде кеюші еді. “Жұрттың балалары сияқты өзіңмен қатарластармен неге ойнамайсың? Өңкей бала-шағаны жинап алып, үп-үлкен болып ортасында отырасың”, – деп ұрысатын анасы Аугениясының болашақта балалар дәрігері болатынын қайдан білсін?!

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІ

“Өзге елдің оты өз еліңнің түтініне татымас” деп атам қазақ біліп айтқан ғой. Бабаларымыздың көрегендікпен айтқан сөзінің мән-мағынасын, аталарымыздың туған жерге деген сағынышын жат жерде жүріп мен де өне бойымнан өткізіп, түсіндім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған тарихи Отанымызға отбасыммен көшіп келдім. “Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар” дегендей, оралман …

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАРНА МЕН ТАБЫС

Былтыр көктемде еліміздегі 10 жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін біріктіру шарасы аяқталып, бір жерге шоғырландырылған капиталмен жұмысты “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” акционерлік қоғамы жүргізіп жатқандығы белгілі. Аталмыш қордың солтүстікқазақстандық филиалы өз салымшыларына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа механизмнің қалай жұмыс істеп жатқанын жеткізу мақсатында бір жылғы жұмысын қорытындылаған брифинг өткізді.

АТА-АНАМДЫ ЕЛІ АРДАҚТАҒАН

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бүкіл әлем жұртшылығы тойлады десек, артық айтқандық болмас. Миллиондаған адамдардың өмірін қиған, бір ғана елге емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндірген сол қасіретті күндер алыстаған сайын Жеңістің ұлылығын, шын бағасын түсініп, от пен оққа кеудесін тосып, елін, жерін жау шеңгелінен қорғап қалған хас батырлардың ерлігіне тәнті боласың, бас иесің. Жақсылыққа, жасампаздыққа жол …

АТА-АНАМДЫ ЕЛІ АРДАҚТАҒАН Read More »

БІЛІКТІ КАДР – ОТАН ҚУАТЫ

Жыл сайын еліміз 23 маусым күні мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтеді. Елбасымыз жариялаған бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі “100 нақты қадам” бағдарламасының ойдағыдай орындалуы осындай құрмет көрсетілген мемлекеттік қызметшінің тұлғасына, адалдығына, кәсібилігіне байланысты. Сондай-ақ, “Қазақстан – 2030” Стратегиясында көрсетілген дамыған елдердің отыздығына кіру мақсатының орындалуы да – мемлекеттік қызметшілерге жүктелген маңызды міндет.

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Руслан Анбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗСУ КЕЛДІ

Есіл ауданының Горный ауылында жаңа су тарату станциясы іске қосылды. Ширек ғасыр сапалы ауызсуға қолдары жетпей келген тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру үшін облыс бюджетінен 32 миллион теңге бөлінген еді.

БОЗДАҚТАРҒА – ТАҒЗЫМ

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс төрт жыл бұрын осы күні адамзат тарихындағы алапат соғыс басталды. Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов, соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызметшілер билік пен қарапайым халықтың арасын жалғайтын алтын көпір іспетті. Елімізде екінші рет тойланып отырған аталмыш мерекеге орай облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен салтанатты шараға өңір басшысы Ерік Сұлтанов қатысты.

ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ, ТӘРТІПТІҢ САҚШЫСЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңіріміздің тәртіп сақшыларын “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.