«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.06.2015

“ТЕРЕҢ БАТЫРАДЫ” ДЕП ТЕККЕ АЙТЫЛМАҒАН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері судағы оқыс оқиғалардың алдын алуға арналған шараларды белсенді жүргізуде. Оны жүзеге асыруға “Суда құтқару қызметі” мемлекеттік бөлімінің күштері мен құралдары, аудандық ішкі істер бөлімдерінің офицерлік құрамы жұмылдырылған. Облыстың су айдындарындағы адамдардың демалысы ұйымдастырылмаған орындарда үнемі халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі (әңгімелесулер, жадынамалар тарату), тыйым салу белгілерін, адамдар қаза болған жерлерге …

“ТЕРЕҢ БАТЫРАДЫ” ДЕП ТЕККЕ АЙТЫЛМАҒАН Read More »

ТӘРБИЕДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР

Петропавл қаласындағы ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары жыл басынан бері ата-ана міндетін атқарудан жалтарғандарды анықтап, тізімдеді.

МАМАНДЫҚ АЛДЫ

ЕС-164/3 мекемесінің аумағында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжін 2014-2015 оқу жылында елуге жуық сотталғандар тамамдап, диплом алды. Түлектер электргазбендәнекерлеуші және ағаш-құрылыс шебері мамандықтарын игерді. Қылмыстық атқару кодексінің 108-бабына орай сотталғандар оқуға, білімін жетілдіруге міндетті. Сондықтан колледждің білікті маман-ұстаздары оқу үдерісі мен тәрбиелеу мәселелеріне ерекше мән беріп, аяғын шалыс басқандарды қоғамға қалыпты азамат ретінде қайтаруға атсалысады. Колледжде …

МАМАНДЫҚ АЛДЫ Read More »

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МӘН-ЖАЙЫНА ҚАНЫҚТЫ

Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері Шал ақын ауданындағы “Аютас” жазғы сауықтыру лагерінде болды. Олар жазғы демалыстарын өткізіп жатқан балаларға “Оттан қалай сақтануға болады?” тақырыбына арналған ойын түріндегі шаралар өткізді. Оқушылар өртсөндірушілердің өткізген конкурстары мен викториналық ойындарына белсене қатысып, өрт-техникалық қару-жарақтарымен танысты. Мамандар оқушыларға әр техниканың төтенше жағдай кезінде қандай қызмет атқаратыны жайлы баяндап, …

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МӘН-ЖАЙЫНА ҚАНЫҚТЫ Read More »

КӨШЕДЕГІ КІТАПХАНА – КӨПШІЛІК ИГІЛІГІ

“Бүгінгі жастар кітап оқи бермейді” деген пікірдің белең алып тұрғаны жасырын емес. Ақпарат ғасырындағылардың көп жағдайда кітапқа емес, ғаламтор жаңалығына, әлеуметтік желілердегі хабарларға құлағы түрік жүретіні де анық. Оны өңір өрендерінен де байқап жүрміз.

БАЛАЛАР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ

Петропавлдағы №1 арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мүмкіндігі шектелген балалар шығармашылығына арналған республикалық “Жұлдызай” фестиваліне қатысып келді. Фестиваль “Қазақстан балалары – “Нұрлы жолмен” республикалық акциясы аясында Астана қаласында өтті. Онда еліміздің әр түкпірінде облыстық деңгейде ұйымдастырылған конкурстың үш жүзден астам жеңімпазы жиналып, өнерлерін ортаға салды.

ТЕРЕК МАМЫҒЫ ТІТІРКЕНДІРІП ТҰР

Дертті дер кезінде анықтау – саулық кепілі. Ал емделу үшін алдымен оның алғашқы белгілерін білген жөн. Сіздер газетіміздің “Денсаулық” бетіне хат жолдап, сырқат түрлерінің белгілері мен емделу жолдары жайында толық мағлұмат ала аласыздар. Ол үшін газетіміздің мекенжайына, не болмаса электронды поштасына хат жолдасаңыз жеткілікті. Сауалдарға облысымыздың білікті дәрігерлері жауап беретін болады.

ЕМ ҚОНБАЙТЫН ДЕРТ

Оңтүстік Кореяда таяушығыстық респираторлық синдром коронавирусы құрбандарының саны артуда. 150 адамның дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 16-сы көз жұмды. Аталмыш коронавирус адамнан алғаш рет Сауд Арабиясында 2012 жылы анықталды. Кореяда таралған сырқатты 68 жастағы науқас Сауд Арабиясы мен Бахрейнге сапары кезінде жұқтырып алды деген болжам бар. Дерт 2003 жылы Қытайда өткір респираторлық синдромының жаппай тарауына …

ЕМ ҚОНБАЙТЫН ДЕРТ Read More »

МАРАЛ ТАМЫРЫ

Эхинацея өсімдігінің қанды, бүйрек пен бауырды тазартатын қасиеті бар. Ол дертті емес, оны тудыратын себеп-салдарды емдейді. Цистит, нефрит, гепатит, грипп, бронхит, тонзилит, пневмония, герпес, гастрит және тағы басқа дерттерге дауа.

ТУЛЯРЕМИЯ ТУРАЛЫ

Туляремия – ерекше қауіпті, адамдар мен аңдарда таралатын жұқпалы дерт. Облысымызда дерттің табиғи ошақтары 9 ауданда тіркелді. Туляремия микробын көбіне-көп тышқантекті кеміргіштер, су егеуқұйрығы және ондатр таратады. Адамдарға дерт науқас аңдардан, микроб таралған су мен азық-түлікті пайдаланғанда жұғады. Солтүстікқазақстандықтар бұл дертті көп жағдайда кене мен қан соратын жәндіктерден жұқтырып алады. Соңғы рет 2006 жылы 2 …

ТУЛЯРЕМИЯ ТУРАЛЫ Read More »

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН

Жер бетінде адам денсаулығын қорғап, сақтаудан өткен қандай сауапты іс болуы мүмкін?! Дәрігерлердің күн-түн демей атқаратын еңбектері өз кәсібіне деген адалдығының ғана емес, денсаулығы сыр берген науқасқа көмек қолын созуға даяр кісілік қасиеттері бұл мамандықтың маңызын асқақтата түсері хақ. Облысымызда осындай ақ халатты жандар баршылық. Олар – сағат сайын адам жанына араша түсіп, сырқатына шипа …

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН Read More »

ӨМІР АЙНАСЫ

Ұлт ұстазы, ақын, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов “Газет – халықтың көзі, һәм тілі” деген сөзді осыдан бір ғасыр бұрын айтқан. Бірақ ол өзінің құндылығын әлі жойған жоқ. Оның оқырмандары бар және қашанда бола береді. Әрине, уақыт бір орында тұрмайды. Қазір техниканың дамыған кезеңі. Интернет өміріміздің барлық саласын жаулап алды. Бұл – еліміздің дамып, өркениетке бет бұрғанымыздың …

ӨМІР АЙНАСЫ Read More »

АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСҚАН

Адам өміріндегі қарым-қатынастар әркімнің мінез-құлқына байланысты қалыптасады. Біреулер шу асаудай, алды-артынан жүргізбейді. Ал келесілерінің бойына асаулық та, адамгершілік те қатар қоныстанады. Енді бірі жер шайқалса сыр бермейтін, анда-санда бір езу тартып қана қоятын көнтерілі болады.

ЭКОНОМИКАМЫЗ ЕКПІНДІ ДАМУДА

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы өзінің “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауында жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Жаңа экономикалық саясат туралы жария етіп, дағдарысқа қарсы тиімді тетіктерді, инвестицияларды тарту мен жаңа жұмыс орындарын құру жолдарын көрсетті.

ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

Кеше М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Қазақстан халқы Ассамблеясы этноконфессиялық келісімді нығайту және дамыту институты ретінде” деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

“ТӨРТІНШІ БИЛІК” ТӨРЛЕДІ БІР …

Кеше Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында бас қосқан “төртінші билік” өкілдері кәсіби мереке қарсаңында ерекше құрметке ие болды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласы өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, олардың бірқатарына Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттар мен сыйақыларды табыс етті.

ШАБЫНДЫҚҚА ШАЛҒЫ ТҮСТІ

Егіншілікпен бірге мал шаруашылығын қолға алып отырған агроқұрылымдар шөп дайындау науқанына қызу кірісіп кетті. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы Асқар Мәдиев басқаратын “Петерфельд-Агро” ЖШС.

КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Бұл алқалы жиынға Петропавл қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық және аумақтық департаменттер мен басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

МАҒЖАН РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі, озбыр саясаты тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған, болмысы бөлек, рухы асқақ ақындардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Ұлты үшін теперіш көріп, тарихтан уақытша аты жойылса да, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған ақын – қазақтың маңдайына бітіп, пешенесіне сыймай кеткен марғасқа, өңіріміздің тумасы. Небәрі үш жасында хат танып, одан кейін …

МАҒЖАН РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН Read More »