«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.06.2015

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰНЫҒЫП…

Қызылжарлықтарды құмар ойынға тартып, қалталарын қағып келген Орал қаласының тұрғынына 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

ДӘМХАНА ЖӘНЕ ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ӨРТЕНДІ

Өткен сенбі күні Петропавл қаласында оқыс оқиға орын алды. Тал түсте М.Жұмабаев көшесінің бойындағы “Пицца Хаус” дәмханасы отқа оранды. Тілсіз жау екіқабатты ғимараттың күл-талқанын шығарып қана қоймай, Ульянов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырын да жалмап өтті.

БІРГЕ ТӨТЕП БЕРЕМІЗ

Таяуда Қорған облысы бойынша Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің басты басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті әріптестерінің кездесуі өтті. Кездесу мақсаты халықты құтқару сияқты маңызды саланың жұмыс тәжірибесімен алмасу мен жауынгерлік бауырластықты нығайту болып табылады.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ

23 маусым күні Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы және велосипед спорты бойынша чемпионат басталған болатын. Осынау дүбірлі жарысқа Қазақстан велоспортының беткеұстар өкілдері қатысты.

АЛТЫ ОЙЫНДА – АЛТЫ ДОП!

Алты ойында алты доп соққан шабуылшыны “Сұр мерген!” деу ләзім. Осындай жылы лебізді петропавлдық жанкүйерлер “Қызыл-Жар СК” футбол клубының шабуылшысы Давити Чагилишвилиге арнап айтып жүр. Айтса айтқандай, ол осы алты допты қарсыластарының қақпаларына қатарынан енгізіп, соңғысын 27-ші маусым күні өз алаңымызда “Екібастұз” командасымен өткен кездесуде соқты.

ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАТЫСТЫ

Астана күні қарсаңында елордада “Сахнадан сәлем” атты III халықаралық театр фестивалі өтті. Ресей, Грузия және еліміздің бірқатар театр ұжымдары өнер көрсеткен фестивальға С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры да қатысты.

МЕКЕМЕДЕН МАМАНДЫҚ АЛЫП ШЫҒАДЫ

Адамзат баласы үшін ең ауыр жаза – бас бостандығынан айыру. Тағдыры қоғамнан оқшауланып, еркін даланың бір жұтым таза ауасына зар болған жазалы адам үшін бұдан асқан азап жоқ шығар. Сондықтан да қамшының сабындай қысқа өмірінің бір бөлігін темір торға телмірумен өткізгендер бостандықтың қандай қымбат екенін жақсы сезінеді. Ал түзеу мекемесінде мерзімін өтеп жүрген сотталушы тәртіпті …

МЕКЕМЕДЕН МАМАНДЫҚ АЛЫП ШЫҒАДЫ Read More »

АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАР СОТТАЛАДЫ

“Бұрынғы күйеуім бір жылдай балаға алимент төлеп келген болатын. Соңғы бірнеше ай бойы төлем жасаудан жалтаруда. Қайда жұмыс істейтінін білмеймін. Борышкерді заң аясында қалайша жауапкершілікке тартуға болады?”. Әсия, Петропавл қаласының тұрғыны.

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ТАПШЫ

Прокуратураның 4-ші басқармасы басшысы Шолпан Әбдірахманова сот орындаушыларының қызметіндегі кемшіліктерді жіпке тізгендей етіп айтып берді. Өндіріп алынатын дүниемүліктердің, ақша қаражатының жоқтығын объективті себептерге жатқызғанның өзінде, талдау ішкі мүмкіндіктердің жан-жақты пайдаланылмайтынын көрсетіп отыр. Мәселен, сот орындаушы кадрлардың жетіспеушілігінен биыл айналымдағы құжаттардың 2,7 пайызы ғана орындалған. Қостанай мен Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 10 және 17 пайызды …

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ТАПШЫ Read More »

ҚАЛАЛЫҚ СОТ ҚАЗАҚШАҒА ЖЕТІК

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің көбісі қазақтілді болғанымен, ісқағаздардың, құжаттардың дені ресми тілде жүргізілетіндігі жасырын емес. Халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер азаматтарға заңды көмек көрсету барысында олардың мемлекеттік тілді таңдауына мүмкіндік жасауы қажет. Осы орайда қазақ тілінде сөйлеп, ісқағаздарды сол тілде жүргізгені дұрыс.

МҮГЕДЕКТЕРДІ МҮСІРКЕУДІҢ ОРНЫНА…

Өмір жолында қуанышынан тауқыметі басымырақ болатын кембағал жандар баршылық. Мемлекет мұндай азаматтарын әлеуметтік жағынан қол­дап-қуаттап отыратын сара саясатын ешқашан өз­гертпек емес. Әйтсе де, мүгедек жандардың қамқорлықтарына алуы тиіс құзыретті органдардан теперіш көріп келе жатқандары қынжылтады. Прокурорлық тексеріс нәтижелері – соның айқын айғағы.

ӨНІМІМЕН ЕЛГЕ ТАНЫЛЫП, 146 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр

Жұмыртқа – арзан тауар. Онымен дайындалатын тағам түрлері көп. Құс жұмыртқасының адам ағзасына пайдасы туралы айтқанымызда оның негізгі жеті қасиетін санап беруге болады: біріншіден, сіңімді тағам асқазанға өте пайдалы және иммунды жүйені нығайтады; екіншіден, қылтамақ дертінің алдын алуға жұмыртқаның септігі зор екенін ғалымдар дәлелдеп отыр; үшіншіден, ол көзге пайдалы, оның құрамында көруді жақсартатын каратиноид, лютеин …

ӨНІМІМЕН ЕЛГЕ ТАНЫЛЫП, 146 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр Read More »

СҮЙІСПЕНШІЛІК ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Петропавл қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейде дәнекерлеуші мамандығы бойынша кәсіп алған Ерсайын Сайдалин осыдан 11 жыл бұрын “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-да еңбек жолын бастаған. Ол студент бола жүріп, тәжірибе жинақтау курсын аталмыш кәсіпорында өткізген кезде оның әкімшілігі болашақ маманның еңбекке икемділігін танып, өзіне жұмысқа шақырады. Бүгінде Ерсайын Нұрымжанұлы – зауыттың алдыңғы қатардағы газэлектрдәнекерлеушілерінің бірі.

ҚОСЫМША КІРІСТЕР – ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХХХVІ сессиясында облыс бюджетіне, облыс әкімдігі жанындағы жекелеген кеңес пен комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидалары, темір жол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін бекіту туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Кезекті сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші …

ҚОСЫМША КІРІСТЕР – ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА Read More »

БИДАЙЫМЫЗ БЕН БАЛЫҒЫМЫЗ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ

Өткен жұма күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қытай Халық Республикасының Боратало-Моңғол автономиялық облысы әкімшілігі басшысының орынбасары Чен Хонгпен кездесті.