«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.07.2015

МЕРЕКЕЛІК ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Үстіміздегі жылғы 4 шілде күні М.Жұмабаев көшесінде (Қазақстан Конституциясы көшесінен Е.Букетов көшесіне дейін) Астана күнін атап өтуге арналған мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда жылдағы дәстүр бойынша қымыз фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда. Соған орай облыстың аудандары ұлттық сусынның бірнеше түрін ұсынады.

СЫРТҚЫ НАРЫҚ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ

“ViZaVi” өндірістік-сауда компаниясы 10 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді. Оның алыс-жақын шетелдермен тығыз сауда-саттық қарым-қатынасы үлгі етуге тұрарлық. Біз серіктестіктің бас директоры Лейла Сайдашевамен отандық тауарлардың бәсекелестік қарымын арттыру төңірегінде әңгімелескен едік.

ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ НЕСИЕЛЕРІ қайта қаржыландырылатын болады

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен ипотекалық тұрғын үй несиелерін қайта қаржыландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда комиссия төрағасы алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарлама бойынша қайта қаржыландырудың маңызына тоқталып, осы мәселе бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы мәжілісіне жиналғанын айтты.

ЖАЙНАЙ БЕР, АРМАН ҚАЛА!

“Еңселі елорда, асқақтаған Астана!”. Бүгін біз осындай сөздерді мақтанышпен, бойымызға біткен ұлттық сана-сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде, сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде біздің ғана емес, әлем жұртшылығының көзайымына айналған. “Елу жылда – ел жаңа” дейді дана халқымыз. Бірақ елу жылдың жартысында да емес, 17 жылдың ішінде …

ЖАЙНАЙ БЕР, АРМАН ҚАЛА! Read More »

ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫННЫҢ БІЛІКТІ МАМАНЫ

“Народные окна” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың қатарында. 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орнында пластиктен жасалатын есік-терезелердің түр-түрі шығарылады. Серіктестік 128 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынның мақсаты сапалы өнім шығару және нарықтағы беделін сақтау болғандықтан, ондағы еңбеккерлер өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарады. Солардың бірі – дәнекерлеуші-жинақтаушы Молдан Тұрлыбеков.