«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.07.2015

ПРЕЗИДЕНТКЕ АС ДАЙЫНДАҒАН АСПАЗ

Оның ойлап тапқан тағамдары еліміздің аспаздары арасында брендке баланады. Рецептілері өз есімімен аталып, аспаздарды даярлайтын еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламасына енген. Есімі елімізге ғана емес, шетелге танымал әлемдік деңгейдегі аспаз – Юрий Дубинин туралы газетімізде бұрын да жазған болатынбыз. Үкімет басшысынан бастап, оның орынбасарлары, министрлер, депутаттар мен өңірімізге ат басын тіреген шетелдік жоғары лауазымды шенеуніктерге …

ПРЕЗИДЕНТКЕ АС ДАЙЫНДАҒАН АСПАЗ Read More »

ОЛАРДЫҢ ДА ЕСІМДЕРІ – НҰРСҰЛТАН

Қай ата-ана болсын, отбасын тәтті қылықтарымен тәнті етіп, кіршіксіз күлкісімен шаттыққа бөлейтін, бал тілімен тамсандыратын сәбиінің есімі әдемі, мағыналы, айтуға жеңіл, салмақты да салиқалы болғанын қалайды. Тіпті, соңғы кезде адамның есімі оның болашақ өміріне әсер етеді дегенді де жиі естіп жүрміз. Астана күніне орай Елбасымен аттас бірнеше азаматты әңгімеге тартып, ол есімнің салмағын сұраған едік.

КӨРКЕМ ҚАЛА ЖАЙЛЫ КІТАПТАР

Петропавлдағы И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана Астана күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптар елорда жайлы сыр шертеді. Әдебиеттерден Астананың құрылуы, гүлденуі жолымен және сәулетімен танысуға болады. Мәселен, “Ақмола” энциклопедиясында еліміздің бас шаһарының тарихы баяндалады. Ондағы саяси-экономикалық жағдай, халықтың тұрмыс-тіршілігі жан-жақты жазылған. Сондай-ақ, көрмеден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Еуразия жүрегінде” атты туындысын, Президенттің дәйексөздерін кездестіруге …

КӨРКЕМ ҚАЛА ЖАЙЛЫ КІТАПТАР Read More »

АБЫЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

Балалық шағы кеңестік кезеңнен бастау алып, есейіп, ержеткенде тәуелсіздік рухынан нәр алған біздің қатарластарымыз ел тарихында орын алған әртүрлі саяси мәнді құбылыстарға салыстырмалы түрде қарай алатынымыз шындық. “Отанымыздың жүрегі – Москва” деген тіркесті жаттап өскен біз үшін, “елордамыз – Астана” деген ұғым қаншалықты жақын, қаншалықты ыстық екенін сезсеңіздер ғой!

ОРЫНДЫ ОЙ, ӘДЕМІ ӘЗІЛ, ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ Елбасының шетелге сапарларында журналистер байқаған қызықты жайттар

1991 жыл, желтоқсан. Алматы Алып сахнаның ауқымды шымылдықтары ысырылып, ар жақтан әскери оркестр көрінер сәтте “ойпырым-ай” десіп қалдық. Өйткені, шымылдық одан бергі тұғырдағы Қазақстан туына жанасып, бір дір еткізіп кеткен. Сол шымылдық қайта жабылғанда күдігіміз дәл шығып, туды қағып-ақ кеткені. Көлемді ту сәл болмағанда берідегі биік орындағы Президентті жауып қала жаздады. Спортты күнделікті серік ететін …

ОРЫНДЫ ОЙ, ӘДЕМІ ӘЗІЛ, ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ Елбасының шетелге сапарларында журналистер байқаған қызықты жайттар Read More »

ЖАСТАРЫМЫЗ ЕЛБАСЫНА ЕЛІКТЕСЕ ЕКЕН…

Маргарет Тэтчер: “Егер әлемде ең білікті, ең іскер, ең ақылды 3-4 мемлекет басшылары болса, солардың бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!” – деген екен көзінің тірісінде. Бұл – елінің экономикасы әбден әлсіреген шақта, 54 жасында 12 жыл қатарынан премьер-министр қызметін атқарып, Ұлыбритания мемлекетін әлемге әйгілі еткен өте беделді саясаткердің Қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы …

ЖАСТАРЫМЫЗ ЕЛБАСЫНА ЕЛІКТЕСЕ ЕКЕН… Read More »

ӨРКЕНДЕЙ БЕР, ӨР ҚАЛАМ!

Мұң мен шерін жинап алып ғаламның, Беу, Астана, шақсам ба екен саған мұң? Сенің зәулім үйлеріңе көз тастап, Армандары аласұрды адамның.

ӘН ӘЛЕМІНЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Талай мәрте халықаралық байқауларда Қызылжар өлкесінің намысын қорғап жүрген жас әнші Әділхан Макин бүгінде Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің II курсында оқиды. Онымен адамзатты тазалыққа, кіршіксіздікке үндейтін өнер әлемі, бүгінгі әнсүйер қауымның талғамы, эстрада өнерінің өңіріміздегі жай-күйі турасында әңгімелесудің сәті түскен еді.

ЕРІКТІ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Астана күні қарсаңында Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ерікті өрт сөндіру құрылымдары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша дәстүрлі жарыс өтті. Сайыс барысында жеткіншектер өртсөндірушінің жауынгерлік киімін жылдам кию, дабыл бойынша жиналып шығу және басқа жаттығулар бойынша сынға түсті. Күрделі жағдайда өртті жою және оның алдын алу бойынша берілген тапсырмаларды үздік орындаған жастар барлық әрекеттеріндегі дәлдігімен және …

ЕРІКТІ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ Read More »

“ҮМІТ” ҮЗІЛМЕЙДІ

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында дәстүрлі “Үміт” облыстық спартакиадасы өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова хабарлады.

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – ҚАРАҚОҒАЛЫҚТАР

Булаево қаласының орталық стадионында “Ақ бидай – 2015” аудандық жазғы спорт спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бәсекелі өткен сайысқа қатысушылар спорттың волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, гір көтеру, армрестлинг және жазғы президенттік көпсайыс сияқты 11 түрінен күш сынасты.

АЯЛДАМАНЫ СЫНДЫРҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыс орталығындағы Жамбыл көшесінің бойында, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жанында орналасқан аялдаманың шынысын сындырған төрт жасөспірім ұсталды. Олардың бұзақылығын сол жерден өтіп бара жатқан қала тұрғыны көріп, жан-жаққа қаша жөнелген жасөспірімдердің біреуін ұстап үлгереді. Сосын тәртіп сақшыларын шақырған.

СӘБИЛЕРІМІЗГЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАДЫ

Бала – өмірдің мәні, жалғасы. Әр үйді бақыттың бағына айналдырып, күміс күлкісімен қуанышқа бөлей білген бала – біздің барымыз, баға жетпес байлығымыз. Егемен елімізде ана мен бала – әрқашан мемлекет қамқорлығында. Білім, денсаулық, мәдениет салаларын алып қарасақ, біліктілігін шыңдап, биікке қол жеткізуге ұмтылған балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғанына көз жеткізуге болады. Мұның барлығы – кемел …

СӘБИЛЕРІМІЗГЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАДЫ Read More »

ЕЛУ ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ, ЕСТЕЛІК ЕСКІРМЕЙДІ

Астана әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныштың нұрын құйып, жарқын келешектің сәулесін себетін арман қала ғой. Талай көңілді тулатып, мыңдаған өмірді асқақ арманға жетелеген сұлу шаһар – менің де жалындаған жастық шағымның куәсі. 1965-1970 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқыған кездің өзінде бұл қаланың сәні мен салтанаты келіскен, өзіне тән ерекшелігі қалыптасқан еді. Адамның көңілі қартаймайды емес …

ЕЛУ ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ, ЕСТЕЛІК ЕСКІРМЕЙДІ Read More »

КӨЗ АЛДЫМДА КӨРКЕЙДІ

Ескі тұрғын үйлер, әр тұстан анда-санда бір естілген құрылысшылардың құрал-саймандарының тықылы, жұмыстан кейін саябақ арқылы үйлеріне асыққан ақмолалықтар… 1998 жылы Қызылжар өңірінен Ақмола қаласына көшіп келген сәттегі осы көрініс бірнеше жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп сала берді.

ЖАСАМПАЗДЫҚ НЫШАНЫ

Біздер, қазақстандықтар, өз астанамызды мақтан тұтамыз. Әрине, кез келген елдің азаматтары өздерінің бас қаласын сыйлауы, ардақтауы тиіс, онда тұрған өзгеше ештеңе жоқ. Алайда, біздің Астанамыз – ерекше үлгі, тамаша құбылыс. Ол өте жылдам шапшаңдықпен, бүкіл еліміздің көз алдында облыстық деңгейдегі шағын ғана қаладан бүгінде халықаралық беделі зор қарқынды өсіп келе жатқан заманауи ірі мегаполиске айналды.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚИНАЛСА ДА, ҚУАНСА ДА БӘРІН БІЗБЕН БӨЛІСЕДІ”

Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі осыдан 17 жыл бұрын құрылып, 7500 гектар танапқа иелік еткен еді. Бүгінде 22 мың гектар жердің 18 мыңына бидай және өзге де дәнді дақылдар өсіріп отыр. 2012 жылы шетелден асылтұқымды ірі қара әкеліп, мал шаруашылығын қолға алды. Қазіргі таңда 1600 тұрғыны бар Бексейіт пен Меңкесер ауылдарының тамырына қан …

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚИНАЛСА ДА, ҚУАНСА ДА БӘРІН БІЗБЕН БӨЛІСЕДІ” Read More »

“ПИЦЦА ХАУСТЫҢ” ШЫҒЫНЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Петропавлдың “Пицца Хаус” дәмханасында орын алған өрт оқиғасына қатысты брифинг өткізді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Нұрлан Атығаевтың айтуынша, тілсіз жаумен күресуге 22 техника мен 70-ке жуық арнайы өртсөндіруші жұмылдырылған. Өрттің шығу салдарын қазір сараптама комиссиясы анықтап, “тілсіз жау” келтірген шығынды есептеп жатыр. От …

“ПИЦЦА ХАУСТЫҢ” ШЫҒЫНЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ Read More »

БИЗНЕСКЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ кәсіпкерлік тынысын кеңейтеді

Бүгінде “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының төртінші бағытында белгіленген кәсіпкерлікті сервистік қолдау қызметін жүзеге асырушы оператор болып табылады. Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры Асқар Әубәкіровтің Қызылжар өңіріне іссапары аталмыш мекеменің жоспарлы шараларының бірі болды. Облысымыздың екі ауданында болып, олардағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын қадағалап қайтқан басшы Петропавл қаласына келіп, жергілікті …

БИЗНЕСКЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ кәсіпкерлік тынысын кеңейтеді Read More »

ЕЛДЕР БАСШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ

Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.