«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.07.2015

ДОЙБЫШЫЛАР ДОДАСЫ

Петропавл қаласында дойбы ойынынан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Оған облыс орталығымен қатар Аққайың, Қызылжар, Есіл, Тайынша және Шал ақын аудандарының өкілдері қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

ЕКІНШІ ОРЫН ДА ОЛЖА

Павлодар қаласында президенттік көпсайыстан ел біріншілігі өтті.   Аталмыш сайыста солтүстікқазақстандық спортшы Юлия Пропустина екінші орынға ие болып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АЛМАТЫЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Петропавлда жасөспірімдер арасында муайтайдан республикалық турнир өтті. Өңірімізде осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған “Солтүстік кубогы” сайысына еліміздің 7 облысынан жиналған 200-ге жуық спортшы қатысты. Ал өңір намысын 45 жерлесіміз қорғады.

СҰЛУ САЗБЕН СИҚЫРЛАНҒАН СУБҰРҚАҚ

Облыс орталығындағы “Дельфин” субұрқағы жаңартылған күйде өз жұмысын бастады. Субұрқақ 24 жоғары қысымды жаңа сорғышпен жабдықталып, 52 сәулелі шырақ, 30 түсті жарық шашады. Қуаттылығы 2000 ваттық 4 дауыс зорайтқыш айналаға әсем әуен таратады. “Дельфин” субұрқағының бұл кереметін тамашалау үшін қала тұрғындары кешкі сағат 22.30-да сол маңға жиналары анық.

ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Базар аралап, жеңіл жолмен оңай олжаға кенелуден тайынбайтын ұрылар мен алаяқтарды тұзаққа түсіруде полиция пункттерінің жұмысы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жұмысшы кентіндегі “Петропавл – Алматы” базарында жаңадан ашылған пункт те шағынаудандағы құқық бұзушыларға тосқауыл болмақ.

400 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНА БАСТАДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық қонысы Новоишим ауылында 400 орындық қазақ мектебінің құрылысы басталды. Білім мекемесі 2016 жылы пайдалануға берілмек. Екіқабатты ғимарат “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатына салынып жатыр. Ол үшін 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылысшылар биыл оның 400 млн. теңгесін игермек. Білім ордасының жанынан 200 орындық интернат салу да көзделген. …

400 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНА БАСТАДЫ Read More »

ПАРА АЛҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік полициясының бірнеше қызметкеріне қатысты бопсалап, пара алу фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №308 қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша салалық бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жемқорлықты азайтуға, құқықтық базаны жетілдіруге, азаматтық қоғам құрылымдарымен бірлесе әрекет етуге, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы …

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА Read More »

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ЖАС ӨРЕНДЕР ЕНШІСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Жасыл ел” бағдарламасы еліміздің 14 облысында және 2 қаласында 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде біздің өңіріміз де жастардың қолымен абаттанып, көркеюде, гүлденуде. Аталмыш жалпыұлттық бастамаға үн қосушылардың жағдайы, жобаның мақсаттары мен міндеттері, олардың облысымызда орындалуы жөнінде “Жасыл ел” еңбек жасағы облыстық филиалының жетекшісі Асқар Баймұқановпен …

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ЖАС ӨРЕНДЕР ЕНШІСІ Read More »

ЖАЛАҚЫҒА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР ЖАЛШЫ МА?

Әлеуметтік желілерді пайдаланатын жастардың көбі қоғамда орын алып жатқан маңызды тақырыптар, түйткілді мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітеді, бір-бірлерінің көзқарастарына қанық болады, қарсы пікір айтушылар да табылады. Өрендердің ойлары, ұстанымдары қызу пікірсайыс алаңына айналады кейде. Олардың ұтымды деген сөздерін “Жас қыран” жастар қосымшасы назарына іліп, көпшілік оқырманға ұсынуды жалғастыруда. Бүгінгі тақырып жастардың жеке кәсіп ашып, оны көптің …

ЖАЛАҚЫҒА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР ЖАЛШЫ МА? Read More »

ӨГЕЙ

Өгей үміт, өгей өмір, өгей күн, Шетке қақты шер мен шемен мұңымды. Өзегімді өртеп-өртеп көбейдің, Өгей бақыт бұрынғы.

ОҢАШАДА ТУҒАН ОЙ

Бәрінен көңілім қап, бәрінен безіп денем, Өзімнен, өзгелерден сескеніп, сезіктенем. Көңілімнің күрсінісі көзіме көшіп алып, …Көшені кезіп келем…

СЕЗІМ СЫРЫ

Енді сізге еркелей де алмаймын, Жаралыппын бақытсыздау ақын боп. Сағынам да өз-өзімді алдаймын, Тіпті, сізді сағынуға хақым жоқ.

ПЕНДЕМІН

Пендемін, періште емеспін, Бес күндік ғұмырмен шектелген. Ұнатқан, жылатқан, жек көрген, Алдамшы армандар, өткінші күлкілер – бетпердем.

БЕЛСЕНДІ ЖАСТЫҢ АРМАНЫ БИІК

Жоғары оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласып, грант ұтып алған дарынды да өнерлі студенттер баршылық. Солардың бірі – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының ІІІ курс студенті Әсел Ерсайынова. Ол осы оқу жылында М.Жұмабаев атындағы шәкіртақыны жеңіп алды.

ҚИЫНДЫҚҚА ҚЫҢБАЙДЫ

Петропавлдағы “Оригами” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – былтыр құрылған кәсіпорын. Оның басшысы – жас экономист Жанат Дүйсенбаев алғашқы бизнес-жоспарын жасаған кезде нарықтағы сұраныстың тамырын басып, қағаз-картон орамалар жасау кәсібімен шұғылдануды жөн көреді. Сондағы жасалған бизнес-жоспарды қаржыгерлер де мақұлдап, “БанкЦентрКредит” қаржы институты мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несие беруге келісіп, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша демеуқаржы алудың …

ҚИЫНДЫҚҚА ҚЫҢБАЙДЫ Read More »

ШОҚТЫҒЫ БИІК ШӘКІРТІМ

“Дұрыс қанаттанған түзу ұшады” демекші, адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Сол кезден баланы дұрыс бағыттап, оған көмек көрсету – ата-ана мен ұстаздың міндеті. Мектебіміздің мақтанышына айналған 10-сынып оқушысы Айдын Нәжкеновтің өнерге, білімге деген ерекше талпынысы сәби күнінен басталды. Сабақтағы алғырлығы, әнге құмарлығы, өлең-жырды нақышына келтіріп, оқу қабілеті оның талапты да талантты жасқа айналуына себепкер болды. …

ШОҚТЫҒЫ БИІК ШӘКІРТІМ Read More »

ҚАЗАҚСТАНДЫ, ҚЫЗЫЛЖАРДЫ ҰМЫТПАСПЫН

Мен Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласының тумасымын. Ондағы Қазаалы Әбіров атындағы орта мектепті тамамдаған соң маған Қазақстанның солтүстік қақпасы саналатын Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның Әскери институтында білім алу бақыты бұйырды. Оқуға келген алғашқы жылдан бастап қаланың тыныс-тіршілігімен танысып, осында көптеген дос-жолдастар тапқаннан кейін бауыр басып кеттім десем, артық айтқандық емес.

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА “ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ” СИҚЫ

Дүние есігін ашар-ашпастан өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттің қамқорлығынан қағылып жатса, кім кінәлі? Қадағалау органының тексерісінен кейін бұл сұрақтың жауабының бір шеті ашылғандай болды.

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ

Қожаберген жырау 1663 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған.