АСТАНАНЫ ТАМАШАЛАДЫ
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының 30 оқушысы елорданы тамашалап келді. Олардың ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 оқушы жаппай оқыту қорынан бөлінген қаражат есебінен сапар шекті.
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының 30 оқушысы елорданы тамашалап келді. Олардың ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 оқушы жаппай оқыту қорынан бөлінген қаражат есебінен сапар шекті.
Қызылжар ауданының “Серебряный бор” сауықтыру лагеріне барған 36 бала демалысын ауруханада өткізетін болды. Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрий Пузиковтың айтуынша, балаларда ішек инфекциясының белгілері анықталған.
Облыстық ішкі істер департаментінің бір топ ардагері Ішкі істер министрлігінің “Қазақстан” шипажайына жол тартты.
Сахабаларымен бірге отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді. «Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала жоққа санайды». Мұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа …
Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырады. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: “Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?” – деді. Ол: “Иә, неге?” – деді. Салман: “Бір күні Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол …
Биылғы Рамазан айы маусым мен шілденің шіліңгір ыстығына дөп келгеніне қарамастан, ораза ұстаушылар саны біздің өңірімізде де әжептәуір. “Қызылжар” орталық мешіті жамағаттың, әсіресе, жастардың дінге ықылас-ниеттерін арттыру үшін Рамазан айының алғашқы күндерінде арнайы буклеттер, кітапшалар таратып, құттықтау баннерлерін дайындады. Ауыз бекіткендер үшін мешіт ауласына да киіз үй тігілді. Мешітте күн сайын 100-ден астам адамға ауызашар …
Сұм ажалдың жан жарым Ораз Баймолдаұлын бұл жалғаннан мәңгі-бақиға алып кеткеніне 2015 жылдың 9 шілдесінде 20 жыл толды. Аяулы жұбайымның кенеттен келген қазасы сеңдей соғып, шаңырағымызды шайқалтты-ау. Сол қаралы күндері екі адамның айтқан сөзі әлі есімде. Бірінші азамат қолымды ұстап тұрып: “Жеңгей-ай, сіз тұрмақ, мен де жылап тұрмын. Ағай өте ақылды, парасатты және көркем адам …
Кеше Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, солтүстікқазақстандықтар туралы еңбектердің авторы болған Борис Петровтың облыс орталығының Пушкин көшесіндегі тұрған үйіне мәрмәрдан мемориалдық тақта орнатылды.
Осыдан төрт жыл бұрын Петропавл қаласында алғаш рет «Мағжан көктемі» республикалық өнер фестивалі өткізіліп, ұлы ақынды қадір тұтатын ел жұртшылығын елең еткізген еді. Ашығын айтсақ, кейбір игі бастамалар облыс әкімдері ауыстырылған кезде өңірдің бұрынғы бірінші басшыларымен бірге «тарих қойнауына» аттандырылып жататындығына куәгер болып келе жатқан қызылжарлықтар екі жылда бір рет ұйымдастыру ұйғарылған аталмыш өнер бәйгесінің …
Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары жақында мазмұны терең жаңа туындымен толықты. Елбасының бұған дейінгі кітаптарын да қалт жібермейтінмін. “Өмір өткелдерінің” электронды нұсқасын да бір деммен оқып шықтым да, ел өмірінің күрделі кезеңдеріне жеке өз басының көзқарасын білдіріп, бағасын берген Елбасының бұл кітабы міндетті түрде елім деген әр азаматтың үйінде болуы керектігін ұқтым.
Ақпан айының 11-і күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, “Қазақстанда жасалған” жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. “Барлық қазақстандықтарды бүгінгідей қиын жағдайда біздің қазақстандық тауарларды сатып …
Жуырда Булаево қаласында “Низкоцен” желісінде жұмыс істейтін жаңа супермаркет құрылысының алғашқы кірпіші қаланды. Бұл жоба Солтүстік Қазақстан мен Омбы облыстары арасындағы өзара шекаралық ынтымақтастық шеңберінде іске асып отыр. Айтулы шараға аудан әкімі Асқар Бегманов, “Холлифуд” ЖШҚ өкілі Сергей Смирнов, аудандық қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Елбасы Қазақстанның алдағы даму жолын сайлау алдындағы бес реформамен байланыстырды. Бұл реформалар нені көздейді? Ұлтты жаңғыртуды. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді. Осы орайда біздің не істеуіміз қажеттігін айқындаған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат …
Петропавлдағы Аграршылар үйінің мәжіліс залында “СҚО бойынша өңірлік астық холдингі” ЖШС-нің өз қатысушыларына берілген қаржының игерілу қорытындыларын қараған жиын өтті. Оған өткен жылы сәуір айының басында осы серіктестікті құруға бастамашылық еткен “Қаз Агро” Ұлттық басқару холдингі” АҚ-ның басшылары мен мамандары, онымен жұмыс істейтін банктердің өкілдері, “Азық-түлік корпорациясы” ҰК” АҚ-ның облыстық филиалының басшылары, “Нұр Отан” партиясы …
Тайынша ауданындағы Рощинское елді мекенінің тұрғыны Елена Владимировна өзінің тегімен аталатын “Богатырева Е.В.” жеке кәсіпкерлігінің қожайыны болғанымен, отбасылық кәсіптің тізгінін жұбайының қолына ұстатқан ол бизнесте қандай шешім қабылданса да келіседі. Сондықтан Мухмед-Башир Андреевич шаруашылық туралы әңгімесін тарқатқан кезде Елена Владимировна әйелге тән инабаттылықпен жұбайының сөздерін тыңдап қана отырды.
Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында энергетика, әлеуметтік сала нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы маусымға әзірлеу, туризмді дамытуға арналған шеберлік жоспарын орындау мәселелері қаралды. Оған Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Мамлютка қаласындағы мектептің құрылысына зер салды. Аудан орталығының Жұмысшы кентінде мектеп жасындағы 400-ге жуық бала тұрады. Ал мұндағы екі жүз орындық мектеп апаттық жағдайда. Сол себепті 300 орынға шақталған білім беру нысанын салу өткір қажеттіліктен туындап отыр.
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығында салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрылысында болды. Юбилейный-Семашко көшелерінің аумағындағы 126 және 72 пәтерлі 2 тұрғын үй жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Тоғызқабатты жаңа үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерді салу көзделген.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы “2 ДУ 1000” жылу торабының бірінші кезегі жөнделіп жатқан учаскеде болып, құрылыс жұмысының барысымен танысты. Жылу тораптарын қалпына келтіруге арналған жұмыс жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асатын екі учаскеде жүргізілуде. Учаскенің бірінші кезегі 1,6 шақырымнан сәл ғана артық.