«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.07.2015

ҰЙҚЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Ұйқы – заманауи ғылым толық ашып бере алмаған аса қызық және таңғаларлық құбылыс. Адамдар өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер де ұйықтайды. Олар ұйықтағанда аз уақытқа болса да, сыртқы ортадан байланысын үзеді. Жануарлардың ұйқы мерзімдері әртүрлі болады. Мысалы, адам …

ҰЙҚЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ Read More »

ТЫШҚАННЫҢ АҚЫЛЫ

Бір заманда тышқандар жиналып, мысықтан қалай құтылудың амалын ойластырады. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан: – Мен таптым! Мысықтың мойнына қоңырау тағу керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Ал біз тез тығылып үлгереміз, – деп ұсыныс жасайды.

БАЛТАМТАП

Балаларды сергектікке, сезімталдыққа баулып, өзгелер орынсыз талап, өтірік жала жапқан жағдайда да сасқалақтамай, қорықпай табандылық танытатын қажырлы, қайсар, батыл азамат болуға баулып, жасөспірімдердің үміткерлік және бәсекелестік қасиеттерін арттыратын ұлттық ойынның бірі – балтамтап.

ХАНДЫҚТЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Дәстүрлі айдарымыздың кезекті кейіпкері – Арыстан Есентеміров. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылындағы “Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл арнайы (түзету) мектеп-интернатының” тәрбиеленушісі екен. Арыстан Қызылжар ауданының Толмачевка ауылында дүниеге келген.

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР

Қазақ – бауырмал халық. Ұрпақтарға кімнің алыс, кімнің жақын туыс екендігін бала кезден ұғындырып отырған. Себебі, бұл адамдардың қоғамдық қарым-қатынасын кеңейтетінін білген. Қазіргі таңда бұл дәстүр ұмытыла бастағаны шындық. Әсіресе, өскелең ұрпақтың нағашы, аға, жезде, келін сынды жиі еститін туыстық атаулардың мағынасын білсе де, одан әрі туажат, жекжат, нағашы қарындас, қарын бөле деп кімдерді атайтындығынан …

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР Read More »

ҮШ КӨБЕЛЕК

Жас достар, газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасындағы “Әлем халықтарының ертегілері” айдарымен еліміздегі ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың ертегілері мен әңгімелерін жариялап келеміз. Егер де, балалар, сондай ертегілердің бірін өздеріңіз де білсеңіздер газетімізге жолдаңыздар. Бірлесе оқиық. Бұл жолы сіздерге неміс халқының ертегісін ұсынып отырмыз.

ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

9 шілде күні сағат 11.02-де өрт байланысының орталық қосынына Петропавл қаласының Абай, 81 мекенжайындағы тоғызқабатты тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті.

ЕРІКТІ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Булаево қаласының орталық стадионында аудандағы ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру құрылымдары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша дәстүрлі жарыс өтті.

ЖАСТАРҒА ЖАҚСЫ ҰСЫНЫС

“СевКазЭнерго” АҚ өзіне бейінді мамандықтар бойынша жоғары және кәсіби білім беретін оқу орындарының 3-4 курс студенттеріне ұтымды ұсыныс жасауда. Болашақ мамандық иесіне кәсіпорында ыңғайлы жұмыс орны болса, студенттер диплом алдындағы өндірістік тәжірибе кезінде және жазғы демалыс уақытында ақылы жұмыс істей алады. Ал үздік оқитындар және сала бойынша ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болғандар “СевКазЭнерго” компаниясы тағайындаған арнайы …

ЖАСТАРҒА ЖАҚСЫ ҰСЫНЫС Read More »

ТАПҚЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының “Алтын күз” жазғы сауықтыру лагерінде “Мың бала” республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында “Тапқыр достар” атты викторина өтті.

АҚША АЛЫП ЖАТҚАНДА департамент басшысы ұсталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

“ЗАРЯДА” ДА БАЛАЛАР УЛАНДЫ

Өңіріміздегі Айыртау ауданының “Заря” балалар-сауықтыру лагерінде де демалып жатқан балалар уланып, ауруханаға түсті. 9-15 жас аралығындағы балалар 12 шілде күні таңғы сағат 6.30-да жоғары температурамен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала қойылған диагноз – уытты инфекция. Сауықтыру лагерінде 53 бала, 15 қызметкер болған. Бүгінгі таңда уланған балалардың тоғызы ем қабылдауда.

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ШЕБЕРХАНАСЫ

Жас толқын, үкілі үмітімізді азат ой мен кемел білімге баулуда облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы үлкен жұмыс атқарып келеді. Біз оның директоры Владимир Новикпен әңгімелесу барысында осы мақсаттар жолында атқарылып жатқан істерге қанықтық.

ОРМАНҒА ҚАРАСАҚ, ОЙЫМЫЗҒА ОРАЛАДЫ ОЛ

Қызылжар ауданындағы Архангельское ауылына кірер жолдың қасындағы ну орман кез келгеннің назарына ілігеді. Жазда самал желмен жапырақтары сыбдыр қаққан қайыңдар қол бұлғап тұрған аруларға ұқсаса, қыста жапалақтап жауған қарды бұтақтарына қондырып алып, мүлгіп тұрған кейпімен табиғатқа ерекше бір сән береді. Қалалықтар, бескөлдіктер мен маңайдағы ауыл тұрғындары үшін бұл орманның іші табиғаттың жұмағындай. Соны жайнату үшін …

ОРМАНҒА ҚАРАСАҚ, ОЙЫМЫЗҒА ОРАЛАДЫ ОЛ Read More »

ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА АШЫЛҒАН ТЕРЕЗЕ

Сонымен, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының табалдырығынан аттағалы тұр. Бұл аcығыс, атүсті қабылданған шешім емес, еліміздің аталмыш ұйымға мүше болу туралы келіссөз жүргізгеніне 20 жылға жуықтады. Демек, жүз ойланып, мың толғанатын, бүге-шігесіне дейін зерттеп, зерделейтін уақытымыз болды. Сөйтсе де, “Мүйізі қарағайдай мемлекеттермен иық тіресе жүріп, алыс-беріс жасауға біз қаншалықты дайынбыз әрі бұл қаншалықты тиімді болмақ?” – …

ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА АШЫЛҒАН ТЕРЕЗЕ Read More »

ЭЛЕВАТОР ҚАҚПАСЫН АЙҚАРА АШАДЫ

Бұған дейін облысымыздың мақтанышы болған, ал бертін келе бірнеше қожайыны ауысып, жұмысшыларына еңбекақысын уақытында төлей алмаған Ащыкөл элеваторына жаңа инвестор келіп, біршама шараларды қолға алуда.

ТЕК ҚАНА “АДАЛ” ТАҢБАСЫМЕН

Жуырда Булаев қалалық округі аумағындағы мұнай айдау стансасында “Адал” таңбасымен шұжық өңдейтін цех ашылып, ол мағжандықтардың Астана күні мерекесіне арнаған тамаша тартуы болды. Жаңа өндіріс ошағының ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Бегманов қатысып, жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтады.

СӘН КӨРМЕСІНДЕ — ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР

Облыс орталығында ерекше көрме өтті. “Fashion dais”, яғни “Сән күні” деп аталған көрмеде отандық сән әлемінде ойып орын алған белгілі дизайнерлер мен кәсібін енді ашқан сала мамандарының өнімдері ұсынылды.“Отандық өнімді сатып ал!” ұранымен өткен көрме облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып, үш күнге созылды.

АУЫЛДЫҚТАРҒА ДА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің құрылған күніне орай қаржы мекемесінің облыстық филиалында банктің жартыжылдық жұмыс қорытындыларына және өңірдегі белгілі құрылыс компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасына арналған жиын болды. Банк филиалының директоры Райхан Әбдірахманованың айтуынша, табысы коммерциялық банктерден ипотекалық кредит алуға мүмкіндік бермейтін тұрғындар аталмыш тұрғын үй-құрылыс жинағына көптеп тартылуда. Банктің облыстық филиалы өткен алты …

АУЫЛДЫҚТАРҒА ДА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ Read More »

ЖАС ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қала күні мерекесі қызылжарлық 15 отбасы үшін ерекше күн болды. Бірнеше жылдар бойы өз үйім болса деген арман жетегінде жүрген жас отбасыларға қала әкімі Марат Тасмағанбетов салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті.