«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.07.2015

ЕҢ БАСТЫСЫ – АДАМНЫҢ АР-НАМЫСЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында “Адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі” деген ереже бар. Және Ата Заңымыздың 17-бабында мынадай ереже белгіленген: “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды”. Жоғарыда айтылған қағидалар өмірде, іс жүзінде мүлтіксіз орындалуы шарт. Өмір өтіп, шынына …

ЕҢ БАСТЫСЫ – АДАМНЫҢ АР-НАМЫСЫ Read More »

АВТОРЛЫҚ ТАҒАМДАРЫМЕН ТАНЫЛҒАН АСПАЗ

Евгений Лазухин облыс орталығындағы “Homad” мейрам­ханасының бас аспазы болып еңбек етеді. Петропавл қаласындағы №5 кәсіптік білім беру училищесін тамамдаған оның бұл саладағы еңбек өтіліне он алты жыл болыпты. Біліктілігі мен тәжірибесін күннен-күнге шыңдай түсуге дағдыланған ол – бүгінде өңіріміздің белгілі аспаздарының бірі. Евгений Александрович еңбек ететін мейрамханада күнде – мереке, күнде – той. Қонақтардың ерекшеліктерін …

АВТОРЛЫҚ ТАҒАМДАРЫМЕН ТАНЫЛҒАН АСПАЗ Read More »

ТҰРАҚТЫ КЕЛЕШЕККЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Ерте ме, кеш пе, тұрғын үй жағдайын жақсарту туралы тұрғындардың бәрі де ойлайтын болады, бірақ көптеген қазақстандық отбасылар үшін олардың ипотекалық қарызға батуы оңай соқпайды, кейде, тіпті, көтере алмайтын ауыр жүк болып табылады. Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын “Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ-мен бірге тұрғын үй мәселесіне жаңаша қарап көрелік.

ИГІЛІГІ МОЛ БАҒДАРЛАМА

Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы колледжі және Кішкенекөл ауылындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде шара өткізілді. Әңгімелесу, дәріс, кеңес түрінде өткен шара оқушылардың өздерінің жанына жақын кәсібін саналы түрде таңдауы үшін бейімділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары аталмыш бағдарламаның мүмкіндіктері мен мақсат-міндеттеріне тоқталып, оған қатысушылар …

ИГІЛІГІ МОЛ БАҒДАРЛАМА Read More »

ТЕҢГЕНІҢ ДӘЛІЗІ 198 ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КЕҢЕЙТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 1 доллар үшін 198 теңгеге дейін кеңейтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. “Елдегі валюта саясаты екінші жартыжылдықта өзгермейді. Біздің ойымызша, валюталық дәліз бүгінгі таңда оңтайлы деңгейде. Бірақ қазіргі уақытта доллар бағамы белгіленген межеден сәл асып кеткендіктен, бүгінде …

ТЕҢГЕНІҢ ДӘЛІЗІ 198 ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КЕҢЕЙТІЛДІ Read More »

ЖАҢҒЫРТЫЛУДА ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА

“Петропавл Жылу Желілері” ЖШС-і Петропавл қаласын жылумен жабдықтау желісін қайта құру мен жаңғырту нысандары бойынша баспасөз турын өткізді. Біз бірінші бас бұрған нысан Театр көшесінің бойындағы №15 жылу торабы болды. Мұнда 840 метр жылу құбырына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр екен. Ал оның жай-жапсарын кәсіпорынның бас инженері Алексей Захарян тікелей жөндеу жұмысының басында ұғынықты етіп айтып …

ЖАҢҒЫРТЫЛУДА ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА Read More »

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті мұсылман қауымы! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Барша солтүстікқазақстандықтарды мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын! Айт мүбәрак болсын!

“КӨКШЕТЕХСТРОЙ” ҚҰБЫРЛАРЫ – үлкен сұранысқа ие өнімдер

Тайынша ауданының орталығындағы жаңа технология бойынша полиэтиленнен газ, су, кәріз құбырларын өндіретін “Көкшетехстрой” ЖШС-нің нарыққа тауарларын шығара бастағанына үш жыл болды. Осы аз уақыттың ішінде аталмыш өндіріс орны өңірмен қатар, республика экономикасын арттыруға елеулі үлес қосып үлгерді. Полиэтилен құбырларының 30-ға жуық түрін шығаратын серіктестік алғашқы күннен бастап зауыттың қуаттылығын арттыру және өнім сапасын жоғарылату үшін …

“КӨКШЕТЕХСТРОЙ” ҚҰБЫРЛАРЫ – үлкен сұранысқа ие өнімдер Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қасиетті мейрам – Ораза айт құтты болсын!   Әрбір мұсылман қастер тұтатын бұл мейрам мейірімділік, ізгілік, әділдік және жақындарына жанашырлық сияқты мызғымас рухани құндылықтардың маңыздылығын бейнелейді.

“ЭКСПО – 2017″ КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Мемлекет басшысы кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде “ЭКСПО – 2017” көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. “Бұл – Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге көрсететін басты жоба. Құрылыстан басқа барлық мәселелер жөнінен артта қалушылық байқалады”, – деді Қазақстан Президенті.