ЗЕРТТЕУ ӨЗЕГІ – АҚЫН МҰРАСЫ
Соңғы жылдары Ғалым Малдыбаевтың өмірі мен шығармашылығының арнасына түскен зерттеуші ғалым деп Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Таласбаеваны айтуға болады. Жанар Серкешқызы “Ғалым Малдыбаев поэмаларының этнолингвистикалық сипаты” деген көлемді зерттеу мақаласымен әуелі ақынның сыр-сандығын ашып қарап, содан барып сым пернесін басып көргендей әсер алған едім. Осыған дейін …