ТІСІҢІЗ БҮТІН БОЛСА…
Тістің түсуі есте сақтау қабілетінің нашарлануына және дене қуатының төмендеуіне байланысты, дейді Лондон ғалымдары. Олар 60 жастан асқан ерікті 3166 ересек адамның қатысуымен зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, әлі де болса өз тісі бар қариялармен салыстырғанда тістерінен түгел айрылғандардың есте сақтау қабілеті 10 пайызға төмен және қимыл-әрекеті сонша пайызға баяу екендігі анықталды.