АЛТЫ АЙДЫҢ ТАБЫСЫ – 141 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
“Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры” АҚ-ның 2015 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы 141,41 миллиард теңге болды. Биылғы жылдың 1 шілдесінде шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) – 10 043 572 бірлік. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,92 триллион теңгеден асты.