ВИНЧЕНЦО – ТӨРТІНШІ
“Астана” велокомандасының көшбасшысы Винченцо Нибали “Тур де Франс” көпкүндігін төртінші орынмен қорытындылады. Арақашықтығы 138 шақырым болатын 19-шы кезең Сен-Жанде-Морьен және Ля-Тусюр-Ле Сибель нүктелерінің арасын қамтыды. Жарыстың бел ортасында Нибали франциялық әріптесі Пьер Ролланмен жеке-дара көш бастады. Мәреге 15 шақырымдай жол қалғанда Роллан италиялықтың жылдамдығына ілесе алмай, артта қалып қойды. Нәтижесінде Нибали бұл кезеңнің жеңімпазы атанды. …