Бұл «құлдық сана» емес, «сақтық сана» болуы мүмкін…
«Құлдық сана» туралы айтқанда билік пен халық арасын ажыратып алу қажет. Оның өзінде «орыс факторынан» ажырағысы келмейтін биліктің кейбір қадамы «құлдық сана» емес, «сақтық сана» болуы мүмкін. Мұны ескеруге тиіспіз. Құлдық сана өзіне деген сенімсіздіктен туындайды. Ендеше, сенімсіздік – құлдық санаға апаратын төте жол, бірақ әлі құлдық сана емес. Бұл – бірінші себеп.