СЕКСЕНДЕ ДЕ БИЕ САУАТЫН ҚАРИЯ
Бүгінгі таңда арамызда қазыналы қарияларымыздың азайып бара жатқаны жасырын емес. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ауыртпалықты ересектермен қатар көтеріп, соғыстан кейінгі және тың игеру жылдарындағы қиындықтарды да бастан кешірген аға ұрпақтың сағы сынып, жігері жасыған жоқ. Қазіргідей молшылық заманы емес. Таршылық, жоқшылық жайлап, азық-түлік қат болған заманды бастан өткеріп, болашаққа зор сеніммен қараған ата-әжелеріміз …