«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.08.2015

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

Уәлиханов ауданының орталығында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетовтың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған додаға Алматы, Семей, Орал, Тараз, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан және жергілікті балуандар қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” БАСТАЛДЫ

Оқушылардың білімге қолжетімділігін толықтай қамтамасыз ету мақсатында осымен сегізінші мәрте өткізіліп отырған республикалық “Мектепке жол” акциясы басталды. “Болашақты біз бірге жасаймыз!” ұранымен өткізілетін акция қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады.

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, үстіміздегі жылғы 28 шілде мен 28 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күрес күніне арналған айлық өткізіледі.

ЖАҢА ПОШТА ИНДЕКСТЕРІ

Петропавл қаласындағы он екі пошта бөлімшесіне жаңа индекстер берілді. Бұл жайында “Қазпочта” акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының пошта байланысы бөлімшесі бастығының орынбасары Елена Никлевич хабарлады.

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Шал ақын ауданында “Жастар ауылы – 2015” шарасы ұйымдастырылды. “Аютас” жазғы лагерінде өткен шарада облыстың түкпір-түкпірінен жиналған ұшқыр ойлы 150 жас тоғысты. 4 күндік жиында шығармашыл және белсенді жастар қоғамдық мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, тың бастамалар мен ұсыныстарды талқылады.

БАНК ОМБУДСМЕНІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, кейде қаржыландырушы институт пен тұтынушылар арасында қайшылықтар туындап жатады. Өйткені, банктің келісімшарттарында өмірдің барлық құбылыстары ескерілмейтіндіктен, екіжақты міндеттердің орындалуында кедергілер көп болады. Сондай түрлі жағдайларда мәселені соттың қарауына жеткізбей, банк омбудсменінің қызметі арқылы шешу елімізде 2011 жылдан бері қолға алынған.

НҰСҚАМА ШЫҒАРДЫ

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш ведомствоның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті үстіміздегі жылғы 28 шілдеде Петропавл қаласындағы “Севказэнергосбыт” ЖШС-іне қатысты арнайы нұсқама шығарды.

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ЖАЙЫНДА

Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға арналған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция құру қарастырылған.

ҚОҒАМЫМЫЗҒА ҚОЗҒАУ САЛАТЫН ҚОЗҒАЛЫС

Елдің және өзінің болашағына бейжай қарай алмайтын адамдардың басын біріктіріп, бүгіні мен ертеңін Қазақстанмен байланыстыратын азаматтарға әлемдегі ең мықты мемлекеттің бірінің іргесін қалауына мүмкіндік беруді мақсат тұтқан “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысы өңірімізде кезекті жобасын жүзеге асыруда. Осы орайда облысымызда жұмыс бабымен жүрген аталмыш қозғалыстың медиа-директоры Қанат Әуесбаймен кездескен едік.

НАСИХАТЫМЫЗ НӘТИЖЕЛІ БОЛА ТҮССІН

Облыс әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың төрайымдығымен өткен кеңесте үш мәселе қаралды. Алдымен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі туралы әңгіме қозғалды. Ол жайында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов хабарлама жасады. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары өңірде құрылған …

НАСИХАТЫМЫЗ НӘТИЖЕЛІ БОЛА ТҮССІН Read More »

КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтанов С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театрында Көлік саласы қызметкерлері күніне орай өткізілген салтанатты шараға қатысып, әлеуметтік-экономикалық дамуға ерекше үлес қосып жүрген мамандарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті, жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады.