«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.08.2015

АВТОБУСТАР ДА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жыл басынан бері облыс орталығында жолаушылар көлігінің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам зардап шеккен. Жүргізушілердің кінәсінан 3 төтенше жағдай орын алып, 3 адам жарақаттанды.

ДЕР КЕЗІНДЕ ТІЗГІНДЕЛДІ

Айыртау ауданындағы “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Шалқар филиалының аумағында жуырда төтенше жағдай қалыптасты. Шалқар көлі көсіліп жатқан шоқының үстіртінде құрғақ шөп өртенді. Адамдар Көкше өңірінің қайталанбас таңғажайып көрінісін тамашалауға және демалу үшін оның беткейіне жиі шығады. Солардың біреуінің абайсыздығынан немесе сөндірілмеген темекі тұқылынан өрт шығып, құрғақ шөп қаулап жана бастаған.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: БҮГІННЕН – БОЛАШАҚҚА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен “Өңірдің дамуы туралы айтамыз” форумы өтті. Аталмыш форумда солтүстік аймақтың келешегі қандай болмақ, өңірдің келбеті ондаған жылдан соң қалай өзгермек деген сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіп, зияткерлік әлеуеті қаншалықты дамыған және оны дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, жергілікті жердегі шағын және орта …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: БҮГІННЕН – БОЛАШАҚҚА Read More »

ПРОКУРАТУРА АРАЛАСҚАН СОҢ…

Облыстық прокуратура жыл басынан бері мемлекетке келтірілуі ықтимал 604 млн. теңге шығынның алдын алды. Бұл туралы өткен жұма күні болған брифинг барысында облыс прокурорының орынбасары Арай Әлімов мәлімдеді. Мемлекеттік сатып алуды қатаң бақылауда ұстап отырған прокурорлардың айтуынша, бұл – жемқорлық жайлаған саланың бірі.