“АЙНАЛАЙЫН”
Петропавл қаласындағы “Айналайын” вокалдық ансамблінің құрылғанына 15 жыл толды. Талантты, талапты балаларды бір жерге топтастырған ұжымның алдына қойған мақсаты – ән мен биге биімі бар ұл-қыздарды өнерге баулып, тәлім-тәрбие беру. Бүгінгі таңда ұжымның 4 тобында 6-17 жас аралығындағы 45 бала өнермен сусындауда. Ансамбль облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Ұжым репертуарында патриоттық, достық және …