«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.08.2015

ТЕҢ ТҮСТІ, ӘЙТЕУІР…

“Қызыл-Жар СК” құрама командасы бірінші лигадағы кезекті кездесуінде алматылық “ЦСКА” құрама командасымен тең ойнады. “Қарасай” стадионында өткен ойынның қорытындысы – 1:1.

ТАЛАП ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

2015 жылғы сәуір айында “Қамқор-Аққайың” және “Булаево қалалық су шаруашылығы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары атына Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңын бұзушылықты жою туралы, нақтырақ айтқанда, техникалық шарт жасап бергені үшін ақы өндіріп алуды тоқтату туралы ұйғарым жасалды. Ал мамыр айында “Ақжар” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2014 жылға тарату желілері бойынша су беруге арналған …

ТАЛАП ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ Read More »

ӨРШУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕДІ

Жуырда Уәлиханов ауданындағы Тілеусай ауылының оңтүстік бағытындағы Ресей Федерациясы шекарасына 3 шақырым жердегі шабындық отқа оранды.

“КӨКНӘР – 2015”

“Көкнәр – 2015” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліміне “Северный” дүкені аумағында орналасқан үйлердегі пәтерлердің бірінде бір топ азамат есірткі пайдаланып жатыр деген жедел ақпарат келіп түскен. Кешікпей ақпараттың растығы анықталды. Мекенжайды тексеру кезінде жалға берілетін аталмыш пәтерде есірткі сатып алып, пайдаланатын тұлғалардың үнемі жиналатындығы белгілі …

“КӨКНӘР – 2015” Read More »

ҰЛЫ АБАЙҒА АРНАЛДЫ

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қазақтың бас ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Шараға өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері, ұстаздар мен жастар қатысты.

2015 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Шілдеде біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 17 950 теңгені құрап, оның алдындағы аймен салыстырғанда 2,1%-ға кеміп, ал 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,1%-ға көтерілді.

ҚАДІРІ ҚАШҚАН ҚАРТТАР-АЙ…

Ата-ананы сыйлау, оларды құрмет тұту – әр перзенттің парызы. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын елімізде қарттар үйі көбеюде. Соңғы ресми деректерге сүйенер болсақ, елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің саны 87-ге жеткен. Кәрілікке аяқ басып, түрлі себептермен осы мекемелерді паналаған 30 мыңдай адам амалсыз қарашаңырағын қарттар үйіне айырбастаған. Ең сорақысы сол, қарттар үйінде соңғы кезде …

ҚАДІРІ ҚАШҚАН ҚАРТТАР-АЙ… Read More »

ЭКРАНДА – ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ

Петропавлдағы “Новый свет” кинотеатрында танымал қазақстандық режиссер Тоқтар Қарсақбаевтың “Воля к победе” атты деректі фильмінің тұсауы кесілді. Бұл фильм халқымыздың атын әлемге таныстырған, қазақ спорты тарихында есімі алтын әріппен жазылған айтулы тұлғалардың бірі, тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтің өнегелі де ұмтылысқа толы өмірінен сыр шертеді.

ОҚУЛЫҒЫҢ ТҮГЕЛ МЕ, БАЛАҚАЙ?

Оқу жылы аяқталып, оқушылардың жазғы демалысқа шыққандары кеше ғана сияқты еді, көзді ашып-жұмғанша жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Үстіміздегі оқу жылында өңір мектептерінде 70 мың оқушы партаға отырады. Олардың ішінде 9 мыңы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан болса, 680 оқушы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Бұл оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы қандай, …

ОҚУЛЫҒЫҢ ТҮГЕЛ МЕ, БАЛАҚАЙ? Read More »

МАҚСАТЫ – ТАБИҒИ ӨНІМ ӨНДІРУ

“Лера-Норд” ЖШС – май шайқап, спред жасаумен айналысып келген шағын кәсіпорын. – Сүт және сүт өнімдерін өндірумен өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері айналысып келемін. Ауданымызда сүт зауытының дүрілдеп тұрған кезі де болды. Заман ағымымен кәсіпорындар құлдырап қалған кезде оны қайта қалпына келтіру үшін күрестік. Бірақ нарық қыспағына төтеп беру оңайға соқпады. Сала мен үшін таңсық …

МАҚСАТЫ – ТАБИҒИ ӨНІМ ӨНДІРУ Read More »

ӨМІРДІ ҚОРҒАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – азаматтардың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаса, аман сақтау. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” делінген. Сондықтан мемлекет қауіпті жағдайда адам өмірін бар күшімен сақтап …

ӨМІРДІ ҚОРҒАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ Read More »

ПАРАҚОРЛАР ҰСТАЛЫП ЖАТСА ДА …

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірімізде жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат тыңдалды.

НОВОИШИМ ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫНА – 60 ЖЫЛ

Қазақстан аумағында орналасқан Орталық-Сібір магистралінің тарихы 263 шақырымға созылған Утяк-Пески-Целинный темір жол торабының салынуынан басталды. Бұл темір жол торабы Қорған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау өңірлерінен өткен еді. 1982 жылы Пески – Целинный темір жол станциясына Новоишим деген жаңа атау берілді.

АТТАНЫС АЛДЫНДА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданындағы “Якорь СК” және “Митронин” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің егін алқабын аралап, агроқұрылым иелерінен алдағы орақ науқанына дайындық барысын сұрады.