“ҚҰЛАГЕРДІҢ” АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ
Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей клубы Көкшетауда өткен “Жеңіс кубогы” атты маусымалды турнирде алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Солтүстікқазақстандық “Құлагер” хоккей клубы Көкшетауда өткен “Жеңіс кубогы” атты маусымалды турнирде алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы шегінен тыс мүліктерді заңдастыруды жүргізеді. Кірісті заңдастыруға байланысты 2017 жылдан бастап жалпы декларациялауды енгізу көзделіп отырылғанын еске саламыз. Заңдастыру нысаны, мерзімі және тәртібі ҚР «Мүлікті заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты бар тұлғаларына және оралмандарына кеңшілік таныту туралы» Заңымен анықталады.
Дана халқымыз “Жаздың қамын қыс ойла” деп бекер айтпаса керек. Ұлағатты ұғымның астарына терең бойлап, ертеңіне ұмтылыспен қарайтын жандар алдағы мақсатын айқындап, оған жетудің тиімді жолдарын қарастырады. Көздеген ойға жету бірінші кезекте қаржыны талап етеді. Қаржы көзі қолдағыны қажеттілікке үнемдеп жұмсаудан, байыппен жинаудан басталатыны анық.
Облыс орталығындағы №13 орта мектепте “Мектепке жол” акциясы өтті. Шара барысында облыс орталығының алақаны ашық азаматтары тұрмысы нашар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушыларға жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды үлестіріп, сыйлықтар тарту етті.
“Жас қыран” қосымшасының өткен (9 шілде, 2015 ж.) санында жарияланған журналист Жадыра Есенгелдінің “Қамкөңіл балаларға “қамқорлықтың” сиқы” мақаласын зер салып оқып шықтым. Оқыдым да ойға қалдым. Өңірімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеті жүзге жуық бала әлеуметтік қорғау мекемелерінде тәрбиеленуде екен. Мақалада “мейірімді қамқоршылардың” “аяушылық әрекеттерінің” нәтижесінде жетім балалардың құқықтарының аяққа тапталып келгендігіне нақты дәлелдер де келтірілген. …
Ақжар ауданындағы Қарашілік орта мектебінде хоккей корты салынып, пайдалануға берілді. Мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарының игілігіне айналған ғимараттың қабырғасы қаланып, көптің көз қуанышына айналуына қарашіліктіктердің де тигізген көмегі орасан. Бұл істен Қарашілікте туып, кейін өмірдің ағымымен еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген азаматтар да шет қалған жоқ.
Дәулет Құрмаш – Айыртау ауданына қарасты Дәуқара ауылындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы. Өлең жазуға 6-7-сыныптарда оқып жүргенде-ақ әуестенген оның қаламынан туған балаң жырлары шынайылығымен, мөлдірлігімен ерекшеленеді. Қазақтың Мағжан, Мұқағали сынды сөзі қорғасындай, ойы салмақты, жүрек қылын шертетін нәзік үнді ақиық ақындарындай болуды арман еткен ол облыстық, республикалық жыр байқауларының, көркемсөз оқу сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы. …
Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 10-сынып оқушысы Занипа Еғзам – үстіміздегі жылы 16-шы рет өткізілген “Абай оқулары” облыстық байқауының жеңімпазы. “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” аталымының шарты бойынша ұлы ақынның өлеңдерін мүдірмей, нақышына келтіріп, жатқа оқуда өзінің шеберлігін, қабілетін паш еткен Занипа алдағы қыркүйекте ұлы тұлғаның туған топырағы – Семейде өтетін республикалық сайыста …
Есімі елімізге жақсы таныс айтыс ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мұхаметжан Тазабеков таяуда “фейсбук” әлеуметтік желісін пайдаланушылармен бүгінгі жастардың жағдайы жөнінде пікірін бөлісіп, ойын ортаға салды. Жұртшылықтың кең талқысына түсіп, оқырмандардың назарын аударған ақынның ойын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Қоғамдық сананы оятуға, әлеуметтік мәселелерді көтеруге үлестерін қосуды мақсат тұтқан жастар құрған үкіметтік емес ұйымдар қатары біздің өңірімізде де көбейе түсуде. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың саны 3 есеге артқан. Солардың бәрі бірдей мол қайтарыммен жұмыс істеп отыр ма? Бірден “иә” дей алмаймыз. Түрлі бағытта жұмыс істейтін 64 жастар ұйымының дені қағаз бетінде ғана өмір …
Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзіндегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына еніп, әлем кеңістігіне ықпалдасуы барлық сала бойынша кәсіби деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті және елдің дамуына сүбелі үлес қоса алатын білікті мамандарды, жаңалық ашуға жаны құштар жастарды даярлауды талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дамудың жаңа сатысына көтерілу үшін білікті мамандардың бүгінгі қоғамымызға ауадай қажет екендігін үнемі тілге тиек етіп …
Бахыт ДОСЖАНОВ, Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің 3-курс студенті: Осы мәселе турасында үйдегі үлкендерге айта бастасам, “Дәл сендей жалындап тұрған жиырма жасымда демалуды білмеп едім. Бүгінгі жастардың көбі жалқау. Бір істі тындырса, әлемді аузына қаратқандай күй кешіп жүреді” дегендей қарсы жауап аламын. Алайда, бір менің ғана емес, жүз өреннің көзқарасымен қарасақ, бұл ойландыратын мәселе ғой. Жастардың …
Өлді бәрі, өлді бәрі, өлмеген, Таңдайдағы тіл ғана. “Ана” деген сөзге тілі келмеген, Ана болып жарытпайды қыз бала.
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы – өңіріміздің тумасы, қазақтың төкпе ақыны. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең-жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып, сөз болады. “Ата-ананың кадірі”, …
Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Олардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара нәтижелі жұмыс істеп, еліміздің дамуына лайықты үлес қосуларына Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауы оң ықпал етуде. Мемлекет басшысының бастамасымен 2013 жылы еліміздің барлық облыстарында жастар бастамалары орталықтары құрылған болатын. Бүгінде жастардың …
Бала күнімде жыртылған аяқкиімдерді, қалың күртелерді тігіп, өзгеше өң беруге, тозығы жеткен дүниелерден жаңа нәрсе жасап шығаруға әуес болдым. Алайда, болашақ мамандығымның осы бағытта жалғасатынын, тігіншілік нәпақа табу кәсібіме айналатынын ойламаппын. Есейе келе, кез келген адамның білім мен іскерлікті меңгеруі қабілетке байланысты екенін түсіндім. Бірақ тігіншілікке біржола бет бұрмай, қосымша қаражат көзі ретінде қабылдап, таныстарымның …
Ауыл шаруашылығын, әлеуметтік салаларды дамытуда, Мемлекет басшысы алға қойған азық-түлік бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда жұмыс берушілер мен облыстың ауыл шаруашылығы кәсіподақтары ұйымдарының тиімді жұмысы маңызды болып табылады. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының “Ақселеу” ЖШС басшысы Серік Малаев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Евгений Теровецтің әлеуметтік әріптестік бойынша жемісті еңбегін үлгі қылуға болады. Серіктестікте жастармен жұмыс, ұрпақтар сабақтастығы …
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс жоспарына сәйкес 38 нысанда бақылау шаралары жүргізілді. Осы орайда 16 614,3 млн. теңге бақылауға алынып, орын алған бұзушылықтардың үлесі 18,9 пайыз, яғни 3 146,7 миллион теңге екендігі анықталды. Бұл мәліметтерді өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, бақылауға алынған қаражаттың жалпы көлемі 4 224,7 млн. теңгеге, бұзушылықтардың сомасы 34 пайызға өскендігін көруге …
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік биліктің шегін анықтайтын, жеке адамның құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған басты құжат. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін екі жыл өткен соң, яғни 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция қабылданды. Ал бұған дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы қолданылып келген болатын.
Қыз жатжұрттық. Ерте ме, кеш пе, бармақтай бала бойжетіп, басқа үйдің босағасын аттайды. Келін болып, ұрпақ сабақтастығын жалғап, сәбилі болады. Осының барлығын ескерген ата-анасы қыз бала балиғат жасқа толысымен оны көзден таса қылмай, үнемі назарда ұстаған, үйдің күйбелең тірлігінен бас алғызбай, еңбекке тәрбиелеген. Ел көзіне түсе бастаған қызды анасы үлкенге тура қарамауға, қатты сөйлемеуге, ұятты …