«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.08.2015

ТАУАҒАШТА ТАРИХШЫҒА ОРЫН ЖОҚ

Газет редакциясына Петропавл қаласында тұратын зейнеткер ұстаз Жақсылық Дәуренбековтен хат келген еді. “Жуырда жолым түсіп Көкшетауға барған едім. Автобуста жол қысқарту мақсатында қасымда отырған Асхат есімді жас жігітті әңгімеге тарттым. Ол өзінің Көкшетау қаласында жоғары оқу орнын бітіргенін айтты. Сөзден сөз шығып, оның болашақта қайда қызмет ететінін сұрағанымда ол өзінің туған ауылы Тауағашта жұмыс бар …

ТАУАҒАШТА ТАРИХШЫҒА ОРЫН ЖОҚ Read More »

ТӘРТІП ПЕН ТАЛАП

Жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту индустриялық-инновациялық даму стратегиясы негізінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының инновациялық саясатына байланысты. Елімізге шетелдік жұмыс күшін әкелуге, сондай-ақ, әкетуге байланысты қызмет заңнамалық және нормативтік актілермен реттеледі.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 34 мыңнан астам. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының ішінде жеке кәсіпкерлер үлесі – 80,7%-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 8,4%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,5%-ды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0,4%-ды құрады.

АҚШ-ТАН ҚОЛА МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен “Спешиал Олимпикс – 2015” жазғы ойындарынан жүлдемен оралды.

ҚАЙРАТКЕР ЖОЛЫ

Өңірімізде туып, елі үшін өзегін талдырып, өнері мен білімін халқының бақытты болашағына арнаған ерлердің есімдері ұрпақ үшін өшпес өнеге. Солардың бірі – бүкіл ғұмыры мен қызметі ізгілікке толы Жұмағали Тілеулин. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақтың ақжүрек, адал ұлдарымен бір қатарда, жаңа өмір, ұлт теңдігі, тәуелсіздік ұранымен өскен азамат туралы білетін сияқтымыз, бірақ оның жарқын бейнесін танытатын туындылар …

ҚАЙРАТКЕР ЖОЛЫ Read More »

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – ОҢ БАҒА

Жуырда құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары қалалық әйелдер консультациясының бас дәрігері Светлана Кашенцева, “Основание” ЖШС директоры Сергей Тимофеев, облыстық мәслихаттың бас заңгер маманы Зада Касенова, Тимирязев ауданының қазақ мектеп-интернатының директоры Айман Асанова енген жұмыс тобы дене шынықтыру және спорт кешендерін аралап қайтты.

БЕС БАЛАНЫ ҚУАНТТЫҚ

Биылғы оқу жылында да “Мектепке жол” акциясы жалғасын тауып отыр. Оған облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы биыл да белсене атсалысып, петропавлдық бес жасөспірімге толықтай оқу құрал-жабдықтарын сатып әперді. Гүлмира ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында сыр, брынза және йогурт өнімдерінің түрлерін өндірумен айналысатын шағын зауыт салынуда. Астаналық кәсіпкер Ырысқали Ыдырысов бұрынғы екіқабатты сауда үйін жөндеп, ғимаратты сүт өнімдерін шығаратын шағын зауытқа айналдырмақ. Маусымда басталған күрделі жөндеу жұмыстары күздің бірінші айында аяқталса, өндіріс іске қосылып, 50 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде зауыттың құрылыс жұмыстарына ауылдың …

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ БЕРЕРІ МОЛ Read More »

ҮЗДІК СҮҢГУІР АНЫҚТАЛДЫ

Жақында “Жедел-құтқару жасағы” мемлекеттік мекемесі құтқарушылар арасында “Үздік сүңгуір” сайысын өткізді. Оған жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы қатысты. Жарыс барысында қатысушылар түрлі сынға түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша ең “Үздік сүңгуір” атағын құтқарушы Павел Корнев жеңіп алды.

БИ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен Петропавл қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағында би алаңы ашылды. Әсем әнмен жүректі жаулайтын демалыс орнына келген адам өткен ғасырдың 80-ші жылдарының би ырғағында тербеліп, нақ сол кезеңде шырқалған әндерді тыңдайды. Ұйымдастырушылардың мұндай тамаша ойы бүгінгі таңда көпшіліктің көңілінен шығуда. Өйткені, сол кездерде дәл осы жерде ашық би алаңы болған. Міне, …

БИ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ Read More »

«ЕЙ, ЖОЛАУШЫ, АТТЫҢ БАСЫН ТЕЖЕП ӨТ»

Әке-шешеміз кішкентайымыздан құлағымызға құйған қастерлі қағидалардың ішінде, әсіресе, зиратқа бару әдебі жадымызда күні бүгінге дейін сақталып қалыпты. «Зираттың тұсынан жүгіріп өтуші болма», «Өскенде бейіт басына барсаң, аруақтарға дұға оқымай кетпе», «Зиратта қатты дауыстап сөйлеуге, жағымсыз қимылдар жасауға, темекі шегуге болмайды», «Қабірді баспай, айналып өт», «Молаға саусағыңды шошайтпа», «Бейітке жақындағанда көлігіңнен түсіп, жаяу барған жөн» деп …

«ЕЙ, ЖОЛАУШЫ, АТТЫҢ БАСЫН ТЕЖЕП ӨТ» Read More »

ЕҢБЕКТЕ ДЕ, ҮЙДЕ ДЕ ҮЛГІ

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы – кәсіптен нәсіп көремін деген азаматтарға үлкен демеу. “Әрекет түбі – берекет” дегендей, аталмыш бағдарлама бүгінгі ауылдықтарға мемлекет қамқорлығын тиімді пайдалана отырып, шаруаларын өрге бастыруға зор мүмкіндік береді. Оның екінші бағыты арқылы мемлекеттің қаржылай қолдауын көруге бел буғандардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы Хлеборобное ауылының тұрғыны Сүйіндік Әбішев. Іскер азамат …

ЕҢБЕКТЕ ДЕ, ҮЙДЕ ДЕ ҮЛГІ Read More »

ТАУАР ТАҢБАСЫ

Кез келген адам дүкеннен тауар сатып алғанда оны шығарған фирманың атауына, ерекше белгілеріне назар аударары сөзсіз. Яғни, көпшілігіміз өзімізге бұрыннан таныс, яки жарнамасы жақсы тауарларды сатып алуға тырысамыз. Тауар таңбасы тауарларды немесе әртүрлі қызмет көрсетулердің сапасын айыру және бірегейлендіру үшін пайдаланылатын айрықша белгі болып табылады. Бастапқы кездері мұндай таңбалар тауар өндірушінің қызметін бірегейлендіру құралы ретінде …

ТАУАР ТАҢБАСЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ҚЫСТА ҚЫСЫЛМАЙДЫ

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің энергия және ресурс үнемдегіш технологияларды өндіріске енгізуді қолға алғанына бірнеше жыл болды. Мемлекеттің энергия үнемдеу бағдарламасы серіктестік үшін маңызды мәселе, өйткені кәсіпорынның мақсаты энергия жылуының шығынын азайтып, тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту болып табылады.

ШАМ ӨЛКЕСІНДЕГІ СӘБИЛЕР ТАҒДЫРЫ

Шам өлкесіне шетелден келіп, соғыс алаңында қанға бөккен әкесінің мәйітін құшақтап жатқан бір баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Өзінің де бет-аузына қара қан қатқан. Нәр татпай, асқазаны шұрылдап, өлген әкесінің қасында көз жасын көл қылып отырғанына бірнеше күн болды. Қасына келіп, маңдайынан сипап: “Жүре ғой! Мен сені жуындырайын, тамағыңды берейін. Киіміңді ауыстырып ал. Сосын балалармен ойнай …

ШАМ ӨЛКЕСІНДЕГІ СӘБИЛЕР ТАҒДЫРЫ Read More »

ЖАҢА ӨНІМДЕРІМЕН – НАРЫҚҚА

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылындағы құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар шығаратын “БЭМЗ” ЖШС соңғы уақытта ауыл шаруашылығына арналған жаңа өнім түрлерін игерумен айналысуда.