«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.08.2015

“АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ҮЙІ” АЖАРЛАНДЫ

2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған Петропавлдағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 15 миллион теңге қаражат жұмсалды. Елімізде әзірге баламасы жоқ мәдени орын Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында жаңа кейіпке еніп, төрт көрме залы және қонақтарды қарсы алуға арналған фойенің келбеті толықтай әрленді.

ТАБЫСТЫ МЕКТЕПТЕР – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауы мен “100 нақты қадам” Ұлт жоспары білім беру саласы қызметкерлеріне зор міндет жүктеп отыр. Аталмыш бағдарламалардағы білім саласына қатысты атап көрсетілген нақты басымдықтарды жүзеге асыру бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өңір педагогтерінің ортақ мақсат-міндеттері қандай? Осы жайында білмек болып облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан …

ТАБЫСТЫ МЕКТЕПТЕР – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Read More »

ЖАҒЫМДЫ БОЛСА, ЖАТЫРҚАМАҒАН ЖӨН

Халықаралық жастар күніне орай “Азаматтық бастамаларды дамыту институты” қоғамдық бірлестігі облыстық көше субмәдениеті фестивалін өткізді. Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған шараға Петропавл қаласы мен аудандардан 200-ге жуық өкіл қатысты.

КЕЗДЕСУ – КӨҢІЛГЕ ШИПА

Өмір сүрген ортасы мен отбасынан ұзақ уақытқа қол үзу сотталушылардың психологиясына теріс әсер етеді. Төрт қабырғаға қамалған жан еркіндікте ол үшін қапа болып жүрген жақындардың бар екенін сезінген кезде бүгінгі өміріне сын көзбен қарап, ойланары сөзсіз. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесінде сотталғандардың отбасы мүшелерімен және туған-туыстарымен кездесуге жағдай жасалған. Олар жақындарымен кездескен кезде емен-жарқын әңгімелесіп, бір …

КЕЗДЕСУ – КӨҢІЛГЕ ШИПА Read More »

ЕЛДІҢ ШЕТІНДЕ, ЖЕЛДІҢ ӨТІНДЕ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде өңіріміздің шекарашыларының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлері мен ардагерлерін облыс әкімінің атынан оның орынбасары Владимир Бубенко құттықтады.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СҮЙІКТІ ОРНЫ

Нарыққа өтпелі кезеңде жүдеңкіреп қалған ауыл кітапханаларының жұмысы қайта жандана бастады. Жақында Тайынша ауданының Келлеровка ауылына іссапармен барғанымызда осыған куә болдық.

ЕКІ РЕТ МАС КҮЙДЕ ҰСТАЛДЫ

Жақында тәртіп сақшылары “ащы судан” ұрттап алып, машина руліне отырған Есіл ауданындағы Явленка ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл азамат осымен екінші мәрте тәртіп бұзып отыр. Оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 5-тармағы бойынша материал жиналды. Ол соттың шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы немесе көлік басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айрылуы …

ЕКІ РЕТ МАС КҮЙДЕ ҰСТАЛДЫ Read More »

350 САҢЛАҒЫМЫЗ БАР Олардың соңынан ергендер көбейіп келеді

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған өңіріміздің белгілі спортшылары, жаттықтырушылары мен осы саланың қызметкерлері жиналды.

ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыс жолдарында 134 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 20 адам қайтыс болды, 169-ы жарақат алған. Республикалық маңызы бар жол бойларында да осындай келеңсіздіктер азаймай тұр. Биылдың өзінде 27 жол-көлік оқиғасынан 6 адам көз жұмып, 37-сі түрлі дәрежеде жарақаттанған. Жергілікті маңызы бар жолдарда да жүргізушілердің жауапсыздығынан жыл басынан бері 15 жол-көлік …

ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР Read More »

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰШТАРЛАР

Облыстық жастар бастамалары орталығының мамандары өңірімізде осымен жетінші рет жүзеге асырылып отырған “Ізгілік аптасы” акциясының шеңберінде көмекке зәру өрендерге қуанышты көңілкүй сыйлады. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда тұратын мүмкіндігі шектеулі жиырма жеткіншекті Петропавлдағы бірқатар көрікті орындармен таныстырды. Қамкөңіл бүлдіршіндер Қызылжардағы “Абылай хан резиденциясы”, тарихи-өлкетану, бейнелеу өнері мұражайларын және ботаникалық бақты аралап, алған әсерлерімен бөлісті. Жеткіншектердің бір …

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰШТАРЛАР Read More »

СОТТЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің судьяларының алдына «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырмаларды анықтап берді. Біздің облыстағы сот органдары Елбасы ұсынған 5 институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру барысында жарияланған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бірауыздан қолдап, оны орындауға белсене кірісіп кетті.

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚУАНТАДЫ

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХХХVІІ сессиясы болып, оның түске дейінгі отырысында дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі жұмыстың жағдайы, шағын қалаларды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағын беру туралы мәселелер талқыланып, …

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚУАНТАДЫ Read More »

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жанат Қабиденұлы Жүсіпов облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ж.Қ.Жүсіпов 1980 жылы Көкшетау облысының Ленин ауданындағы Горьковское ауылында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы “Фемида” заң академиясын бухгалтерлік есеп және аудит, юриспруденция мамандықтары бойынша тамамдаған.

ЕЛ ҚҰРАМАСЫНА ЖҮЛДЕ ӘПЕРГЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ

Бразилияда жастар арасында грек-рим күресінен өткен әлем біріншілігінің қола медаль иегері Аманғали Бекболатов елге оралды. Әлем біріншілігінде жұлдызы жарқыраған саңлақты темір жол вокзалында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бастаған Петропавл қаласының тұрғындары мен спорт саласының өкілдері қарсы алды.