«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.08.2015

АЛАЯҚТАРДЫ ЗАҢ АЯМАЙДЫ

Жақында облыстың 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 1999 жылдан бастап, 2014 жылға дейін жәбірленушілерге 100 миллион теңгенің шығынын келтірген.

ҚАЗАҚСТАНҒА – 6 АЛТЫН, 4 КҮМІС, 3 ҚОЛА

Алдағы жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Төрткүл дүниенің кілең мықтылары сынға түсетін дүбірлі додаға әлем назары ауатыны анық. Бүгінде Бразилиядағы аламанға берілер жолдама жолындағы жарыстар басталып та кетті. Ал Қазақстан жаһандық жарысқа 100-ден астам спортшы апаруды көздеп отыр.

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Ақжар ауданындағы Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінің бас бухгалтері Н. Попованың 1 миллион 730 мың теңгені қолды қылғаны прокурорлардың тексерісінен кейін белгілі болған.

ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері облыс айдындарында суға түсу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілерімен бірге кезекті рейд өткізді. Рейд барысында 5 балықшы мен 15 суға түсуші көзге түсті.

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербатыр Мадияровтың ұйымдастыруымен аталмыш мекеменің қызметкерлері де “Мектепке жол” акциясына қатысты. Олар жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавл қаласындағы №10 және №20 орта мектептердің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының бірнеше балғынына көмек қолын созды.

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОЛЫМЕН»

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңыңда И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың оқырмандар залында «Ұлы дала жолымен» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен бірге облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнография бөлімінің маманы Ғалия Балтабаева, «Абылай хан резиденциясы» мұражайының бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Қыдыбекова қатысты.

ТЕГІНІНЕ – ҚОЛ, АҚЫЛЫСЫНА ҚАРЖЫ ЖЕТПЕЙДІ

“Бірінші байлық – денсаулық” деген қағиданы ту еткен ата-аналар қашан болсын баласын спорт үйірмесіне беруге тырысады. Олар баласының болашақта бәсекелі додада ел намысын қорғамаса да, денсаулығының мықты болғанын қалайды. Осы орайда ата-ана алдында шешімі қиын мәселе туындайды.

КӘСІПКЕР ҚҰРҒАН «ҚУАНЫШ» жанкүйерлерді қуанышқа бөлеп жүр

«Малына сүйенбей, арына сүйенген» ер жігіттер-ай, десеңші! Мұндай арда азаматтар арамызда жүр ғой, жүр! Солардың бірі деп Тимирязев ауданының орталығында тұратын кәсіпкер, жомарт та мәрт жігіт Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзинді жаңылмай айтуға болады.

ЖҮРЕГІНДЕ – ЖЫРЫ, ҚОЛЫНДА – ҚАРУЫ…

Адамзат тарихындағы ең қаһарлы, сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да алыстап барады. Бір қарыс жер үшін жауға қарсы тұрған қорғаушылардың қанына бөккен Жер-Ана өз жарасын емдеді. Даңқ үшін емес, өмір үшін болған соғыстың іздерін, окоптар мен траншеяларды жасыл желек басты. Екінші дүниежүзілік соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды.

ТАҒДЫРЛЫ ТҰЛҒА

Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Еріккеннен ол ұстап жүрген жоқ,   Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде ол жауға қарсы шапты. Бізді жалмамақ болған ажалды ер кеудесімен қақты. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?! (Хамит Ерғалиев).

Деген екен …

Айтыскер ақын, драматург, қаламгер, манасшы, айта берсе, өнердің әр саласында су жорғадай жүйрік атанған көкшетаулық Баянғали Әлімжановтың әсімі бүкіл елімізге белгілі. Ол осындай сан қырлы дарынын ұлттық әдебиеттің түрлі жанрларында танытып, кесек туындыларын да, шағын бірқақпай әңгі-мелерін де оқырмандарға тарту етіп келеді. Осылардың ішінде Баянғалидың “Деген екен” аталған тақырыптағы шағын әңгімелері, хикаялары ел-жұрттың назарында. Біз …

Деген екен … Read More »

НЕКЕ СУ Ы заңды алмастыра алмайды

… Сәуле (есімі өзгертіліп берілді Н.О.) өзінің ағар өзендей арнасынан адаспай, байыппен жылжыған тағдыры бір-ақ мезетте тұйыққа тіреліп, бақытты өмірі күлталқан болады деп ойламаған еді. Көркіне ақылы сай, сұлу да сымбатты, өрімдей жас қызды аумалы-төкпелі ауа райындай алдаған кім, ашық күнде адастырған не нәрсе?

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ЖЕТКІЗЕТІН БОЛАДЫ

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басшылығы Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында тауар өндірушілер өз өнімдерін «ЭКСПО – 2017» көрмесінің құрылыс алаңына жеткізудің мүмкіндігін талқылады. Олардың пікірінше, Отанымызда шығарылған сапалы құрылыс материалдарын еліміздің басты құрылыс алаңына жеткізу – Қазақстанның ауқымды ұлттық жобасының бір бөлігі болудың мүмкіндігі.

ЖЕКЕ ОРЫНДАУДЫ ЕНГІЗУДІҢ ОҢ ЖАҚТАРЫ КӨП

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Сергей Ли Қазақстандағы сот орындау институтын дамытудағы оң үрдістер туралы айтып берді.

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 68,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1,4 есе артық. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың (71,7%) басым көзі болып табылды, оның көлемі 48,9 млрд. теңге болды.

БІРІНШІ ЖЫЛУ ТОРАБЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Өткен аптаның соңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Антон Федяев Петропавл қаласындағы Ғ.Мүсірепов және Жамбыл көшелерінің қиылысында жылу құбырлары жаңғыртылып жатқан учаскеде БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

ЖАЛҚАУЛАРҒА “ЖҰМЫС ЖОҚ” ДЕГЕН ОҢАЙ

Екі қолға бір күрек табу еріншек адамға ғана мүмкін емес. Ал таң ағарғаннан кеш батқанша тыным таппайтын еңбекқорлар үшін жұмыс әр уақытта да табылады. Бастысы ынта болсын. Бұлай дейтініміз, ауылды жерлерде жұмыс бар болсадағы, еріншектікке, енжарлыққа басып, шыбық басын сындырмайтындар әлі де кездеседі. Ал өңіріміздегі бірқатар ауылдардың шырайын келтіріп отырған агроқұрылым басшылары түйткілді мәселе ретінде …

ЖАЛҚАУЛАРҒА “ЖҰМЫС ЖОҚ” ДЕГЕН ОҢАЙ Read More »

АТАКӘСІПТІ ЖАНДАНДЫРҒАН АҒАЙЫНДЫЛАР

Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылы күре жолдан 20 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Онда 98 отбасы түтін түтетуде. Олардың арасында ауылдан алыстамай, заман ағымына орай қосалқы шаруашылықтарында мал өсіріп, мемлекеттің қолдауына қол жеткізіп отырғандар аз емес. Солардың қатарында ағайынды Әбдірахмановтарды да атауға болады. Тепсе темір үзетін үш жігіттің бүгінгі тірліктері ата жұртынан қоныс аударғысы келмейтіндерге үлгі боларлықтай.

ФАРИТ ГАЛИМОВ – ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихаттың ХХХVІІ сессиясының шешімімен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Фарит Хабибрахманович Галимовке «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.