«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.08.2015

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңес өтті. Оған Премьер-Министр және өзге де Үкімет мүшелері, сондай-ақ, елдің ірі экспорттаушылары, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның іскер топтарының өкілдері қатысты.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНА

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында деңгейлік курстар және сертификатталған мұғалімдер үшін мамандандырылған дәрісхана ашылды.

КӨПІР ТАҒЫ ЖАБЫЛДЫ

Өткен жылы облыс орталығының Караван көшесі бойындағы көпір жабылып, қайта жаңарту жұмысы жүргізілген болатын. “А.Рязанов атындағы №25-ші көпір құрылысы отряды” ЖШС-і бөлінген 567,7 миллион теңгені төрт айда игеріп, көпірді мерзімінен бұрын іске қосқан еді.

ЖЕТІ ЖЫЛДАН КЕЙІН…

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бастамасы бойынша ішкі істер органдарына азаматтардың сенімін күшейту мақсатында «өткен жылдар» санатындағы қылмысты ашу бойынша тергеу-жедел тобы құрылған болатын.

ШАҒЫМ КӨБЕЙДІ

Тіс емханаларындағы қызмет көрсету сапасына солтүстікқазақстандықтардың көңілі толмайды екен. Түскен шағымдардың 50 пайызы дәлелденген. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көрсетілетін медициналық қызметті ақылы түрге айналдырғандар да табылыпты.

ҚИЯЛДАРЫНА ҚАНАТ БІТІРІП…

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне арналған “Жақсы суретке айналған жоба” атты көрме өтті. Оған Петропавлдағы “ЮНЕС-КО” көркемсурет лицейі оқушыларының алпыстан аса төл туындысы қойылды.

БАЛАЛАРҒА – ТАРТУ

Жаңа оқу жылы қарсаңында “Улыбка” қайырымдылық қоры мен облыстық жастар бастамалары орталығының қызметкерлері де көмекке зәру балаларға қол ұшын созды. Олар Петропавлдағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы он бес бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешектер және сөмкелер сыйлады.

КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙТІН КӨРСЕТКІШТЕР

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сәрсенбі күні жұмыс сапарымен Мамлют және Жамбыл аудандарында болған кезінде екінші жартыжылдықта атқарылар жұмыстың бағыт-бағдарын айқындады.

ҰСТАЗДАРҒА ЖҮКТЕЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЗОР

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Ресми бөлімнен бұрын өңір басшысы мен конференция меймандарының назарына облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицейі оқушыларының зерттеу еңбектері ұсынылды. Ізденімпаз шәкірттер жаратылыстану-химия бағыты бойынша ашқан жаңалықтарымен бөлісті.

ШЫҒЫМДЫ ЕГІН ШАЛАҚЫНДЫҚТАРДЫ ҚУАНТАДЫ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болып, диқандармен кездесті. Аудан бойынша 231 мың гектар жерге ырыс дәні сіңірілген. Оның 17500 гектарына – майлы, 185 мың гектарына – дәнді, 22 мың гектарына біржылдық шөп егіліпті. Жоспар бойынша гектар берекелілігін 15-20 центнерден айналдыру көзделіп отыр.

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы қыркүйек айының басында, Қызылжар өңіріне қызмет бабындағы сапары кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғанына үш айдан асқан Ерік Сұлтановтың қолға алып жатқан істері жайлы есебін тыңдап, құптау білдірген соң жергілікті азаматтарға қарап: «Сіздерге жақсы, тәжірибелі әкім тауып бердік, әрі өздеріңіздің жерлестеріңіз. Оның қолынан бәрі келеді деп ойлаймын», – деген еді. …

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАР Read More »

САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН

Мен – жеке кәсіпкермін. Атқарып жүрген ісіме орай еліміздегі, өңіріміздегі, соның ішінде өзім тұратын аудандағы экономикалық ахуалдан, бизнесте қалыптасқан жайғдайдан хабардар болу – басты мақсатым. Мұны білмейінше, тиыннан теңге құрау мүмкін емес.

ЖАҒДАЙМЕН САНАСПАЙ БОЛМАЙДЫ

Теңгенің еркіндікке жіберілуіне байланысты «Фармация» акционерлік қоғамының төрағасы Рашид НАДИРОВПЕН жедел сұхбат жүргізген едік. – Рашид Надирұлы, Үкімет пен Ұлттық банктің теңге бағамын еркін айналымға жіберу жөніндегі шешімін жұртшылық әрқилы қабылдап отыр. Бұл жөнінде сіз не айтар едіңіз?

ҚАДАМНЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН ТҮСІНЕДІ

Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуалдың едәуір төмендегенінен-ақ инфляциялық өзгерістердің болатынын іскер азаматтар, кәсіпкерлер білмей қалған жоқ. Бұрнағы күні экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңестің жұмысын теледидардан ынта қоя тыңдадым. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, Үкімет пен Ұлттық банктің бұл шешімі сарапшылардың, «Атамекен» ұлттық палатасының, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсынысымен қабылданды. Шынында да, Елбасымыз дәл …

ҚАДАМНЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН ТҮСІНЕДІ Read More »

АХУАЛ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасына сәйкес өңір басшысы Ерік Сұлтановтың басшылығымен облыста баға және тарифтің өсуін тұрақтандыру жөніндегі жедел штаб құрылды. Осындай штабтар Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында жұмыс істей бастады.

БІРІНШІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕГІ ТАУАРЛАР ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Үкімет бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

АЙЫРБАС БАҒАМЫН СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Айырбас бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды есепке алумен нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын болады. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

ҰЛТТЫҚ БАНК: «ЕҢ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР ҰСТАНАТЫН РЕЖІМ»

Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен брифинг аясында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық банктің ақша-несие саясатының жаңа режіміне – инфляциялық таргеттеуге көшетінін мәлімдеді.

ТЕҢГЕНІҢ ДӘЛ ҚАЗІРГІ ОРТАША БИРЖАЛЫҚ БАҒАМЫ

Теңгенің дәл қазіргі орташа биржалық бағамы – 255,8 теңге. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. «Біз атап өткендей, теңге еркін айырбас бағамында жоғары және төмен ауытқып, өзінің күнделікті теңгерімді бағамын айқындайды. Маған жеткен ақпараттарға сәйкес, қазіргі сәттегі көлем 81 млн. долларды құрайды және орта биржалық …

ТЕҢГЕНІҢ ДӘЛ ҚАЗІРГІ ОРТАША БИРЖАЛЫҚ БАҒАМЫ Read More »