«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.08.2015

2015 ЖЫЛҒЫ 30 ТАМЫЗДА ПЕТРОПАВЛДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Орталық алаң 11.00-12.30. “Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата Заң” мерекелік концерттік бағдарлама. 12.30-15.00. “Ата Заңым – айбыным” қалалық патриоттық әндер байқауы.

ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Ырысы мен ынтымағы ұйыған, берекесі мен мерекесі таусылмаған, бақытты, абыройлы отбасыларды ел алдына шығару – игілікті шара. Осындай мақсатқа ұмтылған облыстық іскер әйелдер қауымдастығы кеше “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында кезекті кездесу өткізіп, “дөңгелек үстел” басына білікті, білімді, қоғам жұмысына белсене араласып жүрген нәзік жандарды жинады. Бала тәрбиесін уысынан шығармаған отбасы институтын насихаттап, көпбалалы аналарға, …

ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ Read More »

ЕКІ КҮНДЕ – 49 МАС ЖҮРГІЗУШІ

Жыл басынан бері облыс жолдарында 134 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 20 адам мерт болды. Ал мас жүргізушілердің кінәсінен биыл 7 жол апаты орын алып, 1 адам көз жұмды, 10-ы жарақаттанды. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында облыстық ішкі істер департаменті «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп тұрады. Бұл жолы әкімшілік полициясы басқармасы екі күннің ішінде …

ЕКІ КҮНДЕ – 49 МАС ЖҮРГІЗУШІ Read More »

ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ

Бүгінде балғындардың жан-жақты жетілуіне жол ашатын басылымдардың саны жетерлік. Алайда, оларды сатып алуға кез келген ата-ананың мүмкіндігі келе бермейді. Осыны ескерген “Қазпочта” акционерлік қоғамы облыстық филиалының мамандары “Балаларға газет-журнал сыйлайық!” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

КӨШЕДЕ – ЭКВАДОР МУЗЫКАНТТАРЫ

Эквадордан келген Альберто Маралис Чиса мен Эрнесто Агилар петропавлдық тұрғындарға қала көшелерінде өнер көрсетіп жүр. Олар кичуа үндістерінің ұлттық музыкасын дәстүрлі аспаптарында ойнайды.

ПОЛИЦЕЙЛЕР ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Меркушиндер отбасында болып, мектеп жасындағы екі бүлдіршінге сөмкелер мен кеңсе тауарларын сыйға тартты. Сондай-ақ, екі қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға мектеп формасын сатып алуға ақшалай көмек көрсетті.

ӨМІРІНІҢ СЫРЫН ШЕРТКЕН ЖЫРЫМЕН

Қазағымызда «Ел іші – өнер кеніші» деген жақсы сөз бар. Ел іші – өнердің ғана емес, өлеңнің де кеніші. Оған айғақтар жеткілікті. Жүрегінде шабыт отын тулатып, айнала қоршаған табиғат аясында теңіз толқынымен сырласып, жасыл желегі желбіреген орманмен тілдескен ақын апамыз Ләйлә Орынбайқызы Қоспанова Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында, «Тың-теңізінің» жағасында тұрады.

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Еліміздің барлық аймақтарында республикалық “Мектепке жол” акциясы жүріп жатыр. Бұл игілікті шарадан айыртаулықтар да тыс қалмады.

ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты – өңіріміздің сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған алдыңғы қатарлы білім ордасы. Онда ынтымағы жарасқан, айқын мақсат жолында жұмыс істейтін оқушылар мен мұғалімдер топтасқан. Сапалы білім беру үшін лицей ұжымы әрқашан жаңашыл қадамдарға ұмтылады. Үстіміздегі жылы мектеп директоры Ержан Әубәкіровтің бастамасымен Project Based Learning (PBL) білім беру жобасы қолға …

ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ Read More »

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ

Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің құрылғанына 12 жыл өтті. Білім ошағы аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осының қыр-сырын мектеп-лицей директоры Рәзия Қасымовадан сұраған едік.

БИІКТЕН КӨРІНЕТІН БОЛАМЫЗ

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңаруда. Білім берудің деңгейі мен сапасы жақсарып, оның тиімділігі оқыту мазмұнына сәйкес өлшемдермен бағалануда. Жаңашылдыққа толы, тез өзгермелі өмір жағдайында педагогикалық парадигма білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талаптар биігінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп, оларға жаңа талаптар …

БИІКТЕН КӨРІНЕТІН БОЛАМЫЗ Read More »

ҰЛЫММЕН ТІЛ ТАБЫСА АЛМАЙ ЖҮРМІН

Менің ұлым 15 жаста. Соңғы кезде оның мінезі күрт өзгеріп кетті. Болмашыға ашуланып, сөз көтермей, дөрекі сөйлейтінді шығарды. Ұлыммен тіл табыса алмай жүрмін. Не істесем екен? Айым ОМАРОВА. Айыртау ауданы.

ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІ НАЗАРДА

Петропавл қаласындағы Бірінші гимназия – облыс бойынша аталмыш мәртебеге ие болған алғашқы инновациялық оқу орындарының бірі. Ол 25 жыл ішінде бәсекеге қабілетті, жоғары дәрежеде білім беретін оқу орындарының қатарынан көріне білді. Гимназияның оқу мен тәрбие беру үдерісі әрбір оқушының жеке басының қабілеті мен қасиетін дамытуға, қоғамның белді жақсы адамы болып шығуына бағыт-бағдар беруді көздейді.

ПСИХОЛОГТЕРДІ ЕШКІМ ЕЛЕП ЖАТҚАН ЖОҚ

Психология – ХХІ ғасырдың ғылымы. Аталмыш ғылымға мұндай анықтаманың берілуі тегін емес. Себебі, бүгінгі қоғамдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар адамның жүйкесіне молынан әсер етуде. Алайда, әлем әлдеқашан қажеттілігін мойындаған психология ғылымы елімізде қайда болсын жетім баланың күйін кешуде.

“БІР ЕЛ – БІР КІТАП”

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылуда.

МЕКТЕП – ОЗЫҚ, БІРАҚ, ТОЗЫҚ…

Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп – өңіріміздегі беделді білім шаңырақтарының бірі. Оны менің үлкен қызым мен үш жиенім бітірді. Қазір кіші қызым осында оқиды. Отбасылық тәрбие өз алдына, баланың қоғамдық ортада алған өнегесі қашанда басымдық танытады деп ойлаймын. Ал аталмыш мектепте оқыған балаларымның өресі мен қазақи тәрбиесіне қарап, осы шаңырақтың бағыт-бағдарына, ұстанымына …

МЕКТЕП – ОЗЫҚ, БІРАҚ, ТОЗЫҚ… Read More »

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА…

Келесі жылдың қаңтар, ақпан айларында бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ететін ұсыныстар жарияланады. Бұл туралы республикалық тамыз конференциясына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

ЖАҢА ПӘН ОҚЫТЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2015 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мектеп жүйесінде ауқымды қайта құруды жүзеге асыруға кіріседі. Себебі, 2026 жылы еліміз толығымен жаңа білім беру стандартына көшпек. Сол кезде жоғары сынып оқушыларының сабақ кестесіне “Жаһандық перспективалар және жоба жұмысы” атты жаңа пән енгізіледі. Осыған орай Астана қаласындағы “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру …

ЖАҢА ПӘН ОҚЫТЫЛАДЫ Read More »

ШӘКІРТІН ШЫҢҒА ЖЕТЕЛЕГЕН

Мектеп бітірген түлек үшін өмір бойғы серігі болатын мамандығын жаңылмай таңдауы маңызды. Әмір Мәжитов дүниедегі көп кәсіп түрлерінің ішінен жас ұрпақтың енді ғана кемелденіп келе жатқан сана-сезіміне білім нәрін сіңіру арқылы әлемді танытатын ұстаздық мамандықты таңдағанына өкінбейді. 44 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Әмір Шадатұлы Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында физика пәнінен сабақ береді. …

ШӘКІРТІН ШЫҢҒА ЖЕТЕЛЕГЕН Read More »

Деген екен …

(Басы өткен санда). ҚЫЗЫЛ ҚАМЗОЛ МЕН ЛАМПАС Қазақстанның Қорғаныс министрi, Совет Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 1995 жылы жазда зайыбымен, балаларымен Бурабайда демалғанда, Степнякқа келiптi. Меймандар моншадан шығып, дастарқан басына келедi. Ашық терезеден жел соғып тұрғандықтан, Сәкең қақ төрге отырмай, ықтау жағынан отырса керек. Содан әңгiме-дүкен, мәжiлiс қызған кезде кезек Баянғалиға …

Деген екен … Read More »