«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.08.2015

ЕСТЕЛІК БОЛЫП ҚАЛДЫ ЕСТЕ…

Жуырда Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында осы жердің тумасы, әйгілі балуан Ахметжан Қазымбетовтың 80 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті. Бұл айтулы додаға 11 командадан 96 балуан қатысып, боз кілемде өз бақтарын сынады. Күрес атақты балуанның атымен аталатын стадионда ұйымдастырылды. Уәлихановтықтар атақты жерлесін ешқашан ұмытқан емес. 1990 жылдың көктемінде алғаш рет әйгілі …

ЕСТЕЛІК БОЛЫП ҚАЛДЫ ЕСТЕ… Read More »

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

Адам баласы үшін ең қымбат қазына өзінің туған елі мен жерінің, ата-бабасының тарихы екені рас. Шежіреден сыр тартып, өткен өмірдің өткелдеріне көңіл көзін салғанда санаңа сәуле түсіріп, жүрегіңді нұрға бөлейтін ардақты тұлғаларға бас имей қоймайсың. Қандай адам болсын әйгілі тұлғаның тегі екенін мақтан етеді ғой. Елін сүйген осындай батыр тұлғалардың қатарында аты мәлім болған Құлсары …

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ Read More »

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН “БІРЛІК”

Тимирязев ауданының Жарқын ауылындағы ағайынды Бірлік Сұлтанов пен Рақым Абылаев бірлігі жарасқан отбасылар ретінде жергілікті тұрғындар арасында ерекше құрметке ие. Олар бір шаңырақтың астында түтін түтетіп, қой, қара мал және жылқы өсіруге басымдық беруде.

“АЙҒАНЫМ ДЕП АТ ҚОЙДЫМ”

Санамызды сүліктей сорған кеңестік идеология кезінде қазақи қалпымызды, өзгелерден ұлтымызды ажыратып, ерекшелендіріп тұратын салтымызды жоғалтып, қымбат құндылықтарымыздан адаса жаздағанымыз жасырын емес. Бөгденің бұғауында тірлік кешу мәдениетімізге, әдебиетімізге, салт-дәстүрімізге және ырым-тыйымдарымызға, тіпті, есімдеріміздің сары майдай қалпын сақтауға теріс әсерін тигізбей қоймады. Түсінік-танымымызға, ұлттық бояуымызға түсі де, түрі де жат, естіген құлаққа оғаш Совет, Октябрь, Маршал, Генерал, …

“АЙҒАНЫМ ДЕП АТ ҚОЙДЫМ” Read More »

ІЗГІЛЕНДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңғыртудың, медиация институтын дамытудың басым бағыттарын белгілеп берді. Съезде Елбасы: «Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту қажет. Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс. Сот шешімдерін қайта қарауды талап ететін жағдайларды тоқтатып, заңмен негізделген әдістемені …

ІЗГІЛЕНДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Read More »

САЛЫМШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ САҚТАЛАДЫ

Теңгенің айырбас бағамының еркіндікке жіберілуіне байланысты Елбасы Үкіметке Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі қазақстандықтардың салымдарының бүтіндігін сақтау мәселесін ойластыруды тапсырды. «Адамдар пәтерді несиеге алу үшін ақша жинады. Сондықтан Үкімет олар жинаған қаржыларын жоғалтпау үшін жеке ойластырып, есептеулері тиіс», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада негізгі экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте.

АТА-АНАНЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ҰЛ

Петропавлдық Райхан мен Марат Қожахметовтердің сауда-саттықты отбасының табыс көзі етіп жүргендеріне бесінші жыл. Алайда, сауданы жандандыруға ниетті олар биыл тігін цехын ашып, бизнестің тізгінін ұлдары Талғаттың қолына ұстатады.

АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “дөңгелек үстел” болып өтті. “Заңда бастысы – адам” атты тақырып аясында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері қатысты.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРЛЕСЕ ҚИМЫЛДАЙДЫ

Биылғы жылғы 7 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 93 қылмыс тіркелген, соның 12-сі – өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иелену, 32-сі – қызметтік лауазымын асыра пайдалану фактісі. Пара алудың – 17, пара берудің – 6, қызмет бабын пайдаланып, жалған құжат жасаудың – 14 және делдалдық бойынша 3 іс қозғалған. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас …

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРЛЕСЕ ҚИМЫЛДАЙДЫ Read More »

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тауар нарығындағы бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы кәсіпкерлік субъектілеріне бірлескен Үндеуі

Алыпсатарлық баға тәуекелі ең алдымен бірінші қажеттіліктегі күнбе-күн тұтынатын азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақ, мультипликативтік әсері бар азық-түлік емес тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.) қалыптасқан жағдайда, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері бойынша тексеруді бастауға құқылы.

ТҮБЕГЕЙЛІ БЕТБҰРЫС

Жыл басынан бері теңгенің долларға шаққандағы айырмасын “ұстап тұру” үшін үлкен күш жұмсалды. Осы уақытта жұрт үшін сырттан арзан бағамен ағылып жатқан түрлі тауарларды, құрал-жабдықтарды, көліктерді сатып алып, пайда көрудің мүмкіндігі туды. Нарықтың осы уақытын пайдаланғысы келген кәсіпкерлер өндірістің құрал-жабдықтарын жаңартып алуға ниетті болса да, қаржы институттарында арзан несиеге қолжетімдік тетігі қалыптаспағандықтан, ретін келтіре алмады. …

ТҮБЕГЕЙЛІ БЕТБҰРЫС Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР БҰЛ КҮНДІ КҮТТІ

Теңгенің айырбас бағамы нарық сұранысын, ішкі, сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып, жаңаша қалыптастырылды. Қазақстандағы бизнес ортаның бәсекеге қабілетті болу қажеттігін жақсы түсінеміз, бірақ Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамының күрт төмендеуі біздің тауар өндіруші кәсіпкерлердің нарықтағы беделін төмендетті. Қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері сырттан енгізіліп жатқан тауарлардан сапа жағынан олқы түспесе де, сұраныс арзан тауарларға қарай ауысты. Оттың …

КӘСІПКЕРЛЕР БҰЛ КҮНДІ КҮТТІ Read More »

ПАТРИОТТАР БАС ҚОСТЫ

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт” деген тақырыппен облыстық патриоттар форумы өтті. Форум бағдарламасы аясында “Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің бесігі. Шекарасыз ән” этно-мәдениет фестивалі де ұйымдастырылды.

ӨҢІР БРЕНДІ БОЛАРЛЫҚ ӨНІМДЕРІМІЗ БАР

Сейсенбі күні “Виктория” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен республикалық “Қазақстанның үздік тауары – 2015” байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі өтті. Аталмыш шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысып, бизнес өкілдерінің кәсібіне сәттілік тіледі.Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі өңірлік байқау-көрменің “Үздік азық-түлік тауарлары” аталымына – 18, “Тұрғындарға арналған үздік тауарлар” аталымына – 11, “Өндірістік мақсаттағы …

ӨҢІР БРЕНДІ БОЛАРЛЫҚ ӨНІМДЕРІМІЗ БАР Read More »