«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.08.2015

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН АЛДАМЫЗ

Петропавлда «Солтүстік үшін шайқас» деген атаумен аралас жекпе-жек түрінен өткен тұңғыш республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен 7 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтылар жиналып, өзара күш сынасты. Байрақты бәсеке Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Еліміздің Ата Заңы мерекесін облыстық ішкі істер департаменті де салтанатты түрде атап өтті. Бұл күні сегіз жас полицей Отанға адал қызмет етуге ант берді. Мерекелік шара барысында Елбасының Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалімен марапатталған бес тәртіп сақшысына құрмет көрсетілді. Департамент бастығы Берік Біләлов осыдан жиырма жыл бұрын қоғам тыныштығын күзетуді мақсат тұтып, …

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Жақында Петропавл қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында “Жылы жаздың бояулары” атты көрме ұйымдастырылды. Оны Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры өткізді. Көрмеге 60 астам баланың қолынан шыққан туындылар қойылды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыстарын да кездестіруге болады.

ӨНЕГЕЛІ ӨТКЕНІМІЗГЕ АРНАЛДЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Бабадан – мирас” атты көрме ашылды. Салтанатты рәсімге кітапхана, мұражай қызметкерлері, облыс ардагерлері мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары шақырылған екен. “Көрмені өңір тұрғындары мен меймандарын қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен және мәдениетімен таныстырып, жастардың өткен күндерге құрметін ояту мақсатында ұйымдастырып отырмыз”, – деді этнография бөлімінің меңгерушісі Сәуле Байтенова.

КАНИКУЛДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІНДЕГІ САЯХАТ

Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында тәрбиеленушілердің жазғы демалысын әсерлі де пайдалы өткізу үшін көптеген игілікті істер атқарылуда. Балалар отбасылары жазғы лагерьлерде болып, табиғат аясына саяхатқа жиі шығып тұруды дәстүрге айналдырған. Осының жарқын дәлелі ретінде мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің Ботай қонысына жасаған саяхатын айтуға болады. Айыртау аудандық сотының төрағасы Нұрлан Нұралиннің демеушілік етуімен Айыртау …

КАНИКУЛДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІНДЕГІ САЯХАТ Read More »

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ

Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы ауылдық және шағын жинақты мектептердің мәселелерін шешу, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, қоғамның сұранысына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуды жүзеге асырудың жеке тетіктері Мемлекет басшысының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында көрсетілген.

ТАУДАН – ДАЛАҒА

Қызылжар ауданындағы Знаменское ауылдық округінде 40-тан астам күрд отбасы түтін түтетіп отыр. Олар да тағдыр тауқыметімен атамекендерінен еріксіз жер аударылғанды. Басқа ұлттар секілді күрдтердің де көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары тұтқындалып, жазықсыз ату жазасына кесілген. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр өңірінде кезінде тағдырдың тауқыметімен қоныс аударған күрдтердің ұрпақтары өмір сүруде.

ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Мен – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының түлегімін. Мектепті тамамдаған соң жоғары оқу орнына түсуді өз қалауым бойынша таңдадым. Өйткені, айбарлы Ата Заңымыз елімізде өмір сүретін кез келген адамның таңдау құқығын қызғыштай қорғайды. Осы уақыт аралығында мен мемлекетіміздің басты тірегі – Негізгі Заңға арқа сүйедім, соған сәйкес әрекет …

ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ Read More »

ЕКЕУДІҢ ЕРЛІГІ

Екеуі де бала күндерінен тәртіп сақшысы болуды армандады. Арман тек алға жетелейтіні белгілі. Батылдық пен табындылықты бойына сіңірген, адалдық пен әділеттілікті ту етіп ұстауға тиіс мамандықтың иесі атануды мақсат тұтқан олар алғашқы қадамдарын Отан алдындағы әскери борышын өтеуден бастады. Ал одан кейін асыл арман өзінің соқпақ жолын салды. Бүгінгі таңда аға сержант Руслан Қыдырмин мен …

ЕКЕУДІҢ ЕРЛІГІ Read More »

КІНӘСІ БАР ҚУАРЫП, КІНӘСІ ЖОҚ ҚУАНЫП…

27 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Мұқашевтің төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болды.

БҰЛ СЫННАН ДА СҮРІНБЕЙ ӨТЕРМІЗ

Ұлттық валютаның еркін айырбас бағамына жіберілуі бастапқыда ел ішінде біраз дүрбелең тудырғанымен, Елбасы экономикалық саясаттың алдағы шараларын нақты белгілеп бергеннен кейін ахуалдың түзелгенін аңғаруға болады. Жергілікті жерлерде құрылып, жұмыс істей бастаған жедел штабтар да жағдайдың қалыпты, бағаның қолжетімді болуын тұрақты назарға алып отыр. Қазір адамдардың қай-қайсысымен сөйлессең де, теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу жөніндегі мәжбүрлі …

БҰЛ СЫННАН ДА СҮРІНБЕЙ ӨТЕРМІЗ Read More »

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРГЕ – ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өңіріміздің төтенше жағдай қызметіндегілерді облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады. “Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің болашақтағы жолы айқындалып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырудың тетіктері ойластырылды. Соның арқасында бүгінгідей даму деңгейі қарқынды мемлекетке айналдық”, – деді Айдарбек Сейпілұлы. Бұдан соң құтқару қызметінің мамандарына жеңіл автокөліктердің кілтін салтанатты …

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРГЕ – ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР Read More »

ӨЗ ҚАЛАУЫМ

Дәрігер болу менің бала кезімнен аңсаған арманым еді. Өз қатарластарыммен қатар мектепті тамамдаған соң мамандық таңдау сәті келгенде бірден осы салаға бет бұрдым. Арнайы білім алып, қолыма диплом алғаннан кейін қалалық емханада учаскелік дәрігер-терапевт болып еңбек жолымды бастадым. Бүгінгі таңда сүйікті мамандығым бойынша еңбек етіп жүргеніме 30 жылдан асты. Менің кемел келешекке деген сенімім нық. …

ӨЗ ҚАЛАУЫМ Read More »

ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ

Әрбір адам өзі таңдаған мамандығын жетік меңгеруге ұмтылыс жасауы керек. Мен өзім студент кезімнен еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға араласып жүруге тырыстым. Әкемнің ақылымен бауырларыммен бірге жеке кәсібімізді ашып, заман талабына сай болуды мақсат етіп, сауда үйлерінде қолданылатын кішкентай таразылардан бастап, ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшеуге арналған құралдарды жөндеп, құрумен айналысып жүрміз.

ПАНА БОЛАР ЕЛІМ БАР

Арақ деген әзәзілдің жеңбейтіні жоқ қой. Сүттей ұйыған шаңырағымыздың ортасына түсіп, отбасындағы алты баланың бір-бірімізден ажырап қалуымызға әке-шешеміздің біртіндеп ішімдікке әуестенуі себеп болды. Олар бұл жалғанда біздің барымызды ұмытқандай, қолдарына түскен тиын-тебенді бір жұтым “ащы суға” жұмсады. Ақыры ата-ана құқығынан айрылып тынды. Оның ауыртпалығын біз көрдік. Үлкен әпкем кәмелет жасына толғандықтан, ауылда қалды. Қалған бесеуімізді …

ПАНА БОЛАР ЕЛІМ БАР Read More »

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

“Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір кинорежиссерге “Байлық бақыт болып санала ма?” – деп сұрақ қойылады. Бұған ол: “Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты халқымның біркүндік тәуелсіздігіне берер едім”, – деп жауап қатыпты. Қазақстанның тәуелсіздігі – өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Керей …

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ Read More »

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясының қабылданғанына жиырма жыл толып отыр. Ата Заңымыз мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық дамуының іргетасы болып табылады. Оның демократиялық ұстанымдары мен адам құқықтарына кепілдігі мемлекетімізді әлемдік аренаға шығарды және қолға алынған реформаларды жүзеге асырудың қозғаушы күшіне айналды, соның арқасында дамыған отыз елдің қатарынан орын аламыз деген сенім туып отыр.

БЕДЕЛДІ ДЕ СҰРАНЫСТАҒЫ МАМАНДЫҚ

Біріншіден, қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Жас ұлғайған сайын адамның елі мен ұлтына, діні мен діліне, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі арта түседі екен. Еліміздің қалыптасу жылдарында біз де Үкіметпен бірге біраз қиыншылықты бастан өткердік. Бірақ болашаққа деген сенім еңсемізді түсіртпеді.

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Бұрнағы күні өңіріміздің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бір тобы ант қабылдады. Жас мамандарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет құттықтады. Елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант бергендердің қатарында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әсем Нұғыманова да бар. “Мен үшін бұл аса маңызды сәт. Себебі, …

АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!