«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.09.2015

ЕЛ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ

Петропавлдағы “Достық үйінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының ұйымдастыруымен облыс бюджетінің игерілуі мәселесіне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Жергілікті бюджеттердің ашықтығының индексіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылы қолға алынған. Ол еліміз бойынша 14 облыс пен 2 қалада бір мезгілде жүргізілген. Зерттеу процесі кезінде толтырылатын арнайы анкетаға 58 сауал енгізілген. Әрқайсысы маңызды саналатын сауалдар бюджет жобасын …

ЕЛ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ Read More »

БРАВО!

“Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар” – деп, ұлы Абай бекерге айтпаған ғой, өнердің құдіреті шексіз. Той-думанның, салтанат атаулының ән мен жырсыз сәні келмейтіні де содан шығар-ау?!

КЕЛІНДЕРГЕ КӨМЕК

Елімізде келіндерге арналған анонимді әлеуметтік желі пайда болады, деп хабарлайды Bnews.kz. Жаңа сайтты жасаушы – Назарбаев Университетінің студенті Дидара Пернебаева.

ТОЙ МА, ӘЛДЕ ШОУ МА?

“Шілдехана”, “Тұсаукесер”, “Тоқымқағар” сияқты қазақтың әдет-ғұрпына байланысты той-томалақтары жалғаса береді. Бірақ осы тізімнің ішінде бәрінен де жоғары тұратын бір той бар. Ол – отбасылық өмірге қадам басуға ниет білдірген екі жастың неке қию тойы. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” дегендей, екі жақ бір келісімге келгеннен кейін болашақ қалыңдықтың құлағына сырға салу, төсек-орнын көрсету сияқты салт-дәстүрлер қандай …

ТОЙ МА, ӘЛДЕ ШОУ МА? Read More »

ӘКЕ-ШЕШЕНІҢ ҰРПАҒЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗЫ МЕН ПАРЫЗЫ

Өз ұрпағы алдында жан-тәні мен ар-абыройын таза сақтау, жаман қылық көрсетпеу. Ана тілін толық үйрету. Ұрпақтарына ана тілін үйрете алмаған ата-ана олардың алдындағы парыз-қарызын толық өтемеген мәңгілік қарыздар адамға айналады.

ЖЕНТ

Ұлттық тағамымыздың бірі – жент. Бұл да тәттінің бір түрі. Бала күнімізде әжеміз дайындайтын тамаша тағам. Әсіресе, ораза кезінде даярланатын тойымды тағамның бірі. Дайындау әдісі әр жерде әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Біздің асүйіміздің бүгінгі қонағы Петропавл қаласының тұрғыны Роза Ысқақова жент тәттісін дайындау әдісін ұсынып отыр.

ЕРЛІГІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ

Мен атамды мақтан етемін. Асқар тауыма балайтын атам – ел басына күн туған кезде қолына қару алып, майдан даласына аттанған ер-азаматтардың бірі. Елінің амандығын ойлап, ұрпағының болашағы үшін белді бекем буып, замандастарымен қатар туған жерімізді жаудан азат етуді өзінің азаматтық парызы санаған атам 1943 жылдың 16 наурызында соғысқа аттанады. Батыр генерал И.Панфиловтың атқыштар дивизиясында мерген-атқыш …

ЕРЛІГІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ Read More »

ТАБАҚТЫҢ СӘНІН КЕТІРМЕЙІК

“Шаңырақ” қосымшасының өткен санында (№104. 06.08.) “Талапай” деген мақала жарық көрген болатын. Ұлттық салт-дәстүрді сақтау, насихаттау аясында өрбіген мақалада дастарқанда қонақтар алдына қойылған етті турамай-ақ, өзара бөліп алуға айналған жөнсіз әдет сыналған еді. Осы мақалаға бірнеше оқырманымыз үн қосып, өз пікірлерін білдірді. Олай болса, көпшіліктің ойын тыңдап көрейік.

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАЙДЫ

Біз – тыныштық бесігінде тербелген егемен елімізде тамыр жайып, өсіп-өркендеп отырған жас отбасылардың біріміз. Жұбайым Жомарт екеуміз төрт бала тәрбиелеп отырмыз. Үлкен ұлымыз – Мәди. Ол 5 жаста. Тұла бойы тұңғышымнан кейін араға біраз жыл салып, өмірге үш қыз бала әкелдім. Арай, Айша, Алуа есімді сәбилерімнің бір уақытта жарық дүниеге келуі – Алланың берген сыйы.

ЖАҚСЫЛЫҚ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Мен “Алтын алқалы” көпбалалы анамын. Балаларымның алды мектепке барады. Үйелмелі-сүйелмелі, бала-шағалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындалудың өзі үлкен бір сын екені, айтпаса да түсінікті жайт. Бүгінгі бағаның шарықтап тұрған заманында бір баланы мектепке жинап, керек-жарағын сатып әперуге әжептәуір қаражат кетеді. Осындай кездерде қайырымды жандардың азаматтылығы, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, бір жағынан демеу болатыны көңілге …

ЖАҚСЫЛЫҚ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ Read More »

«КҮРЕС – МЕНІҢ ӨМІРІМ», – дейді белгілі спортшы, облыстың құрметті азаматы Жамбыл Тасеменов

– Жамбыл Серғазыұлы, 70 жасқа толу қарсаңында жіліншігіңізді сындырып алғаныңыз қиын болған екен. «Жазым – аяқ астынан» деген осы. «Ауырып тұрдым – аунап тұрдым» демекші, алып жатқан ем-домыңыздың шипасын бергей!

Деректер мен дәйектер

2015 жылдың қаңтар-маусымының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының табиғи өсімі 606 адамды құрады, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға жоғары.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН ӘЛЖУАЗ АДАМДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014-2015 жылдары) жүзеге асырудың аясында қазан айында “2015 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан озық әлеуметтік жобалар” атты республикалық конкурс өткізуді жоспарлады.

ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

– Мен биылғы желтоқсан айында 63 жасқа толып, зейнеткерлер қатарын толықтырмақпын. Қазір қажетті құжаттарымды жинастырып жатырмын. Оған дейін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жұмысы және ол көрсететін мемлекеттік қызметтер жайында білгім келеді. Ертай Әбубәкіров, қала тұрғыны.

ҰСТАЗДАРҒА – ҰЛАҒАТ

Қартайса да, қаламы мұқалмаған Қайролла Мұқанов ағамның еңбекқорлығына қайран қаламын. Тоқсанға иек артса да, қол қусырып отырып қалмай, түрлі тақырыптарда мақалалар, зерттеулер жазып, редакциямен байланысын үзбейтініне риза боламын. Осының айғағындай, ағай жақында жамиғатқа жағымды бір қомақты іс тындырған екен. Атап айтқанда, өзінің көпжылғы ұстаздық еңбегінің жемісі ретінде орыс тілінде облысымыздағы білім беру саласының тарихына бойлататын …

ҰСТАЗДАРҒА – ҰЛАҒАТ Read More »

ТЫҢ ОЙЛАР ЖҮРЕГІН ТЕРБЕГЕН

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қарағаш атты кішкентай ауылында дүние есігін ашқан сәбидің кейін еліміздің химия саласында талай жаңалықтар ашар ғалым болатынын бір Алладан басқа ешкім болжап білмеген болар. Үшінші сыныпты қазақша аяқтаған баласын әкесі Хамит Көкшетау қаласындағы №1 мектепке береді. Әке үмітін ақтап, мектепті жақсы аяқтаған Қыдырма Тоқмурзин 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің …

ТЫҢ ОЙЛАР ЖҮРЕГІН ТЕРБЕГЕН Read More »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ германиялық серіктес “Баушпаркассе Швебишь Халль” құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы екі ірі банктің арасындағы бұл келісім екі жаққа да тиімді тәжірибе алмасуға және еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуына игі ықпал етпек.