«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.09.2015

БИАТЛОНШЫЛАРЫМЫЗ ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕДІ

Щучинскіде жазғы биатлоннан ел біріншілігі аяқталды. Аталмыш додада жерлес биатлоншы Денис Чуманов жекелей сайыста жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Ал эстафетада қыздар құрама командасы жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ОЛЖАСЫ – ҚОЛА

Екібастұз қаласында шайбалы хоккейден республикалық турнир өз мәресіне жетті.  Сайыстың қорытындысы бойынша, солтүстікқазақстандық құрама команда үшінші орынға табан тіреп, қола медальға қол жеткізді. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ЖҰРТТЫ ЖҮГІРІНДІ ҚЫЛМАЙ…

2007 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болса, осыдан үш жыл бұрын еліміздің өңірлерінде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Екеуінің де міндеті – мемлекеттік қызмет көрсетуде тұрғындардың мүддесі мен сұранысын қанағаттандыру.

ҚОС САҢЛАҚ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Петропавлдық спортсүйер қауым “ITF” бойынша таэквондодан әлем чемпионы Илья Хван мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен әлем біріншілігінің қола медаль иегері Алпамыс Дастанды темір жол вокзалында қошеметпен қарсы алды.

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Айыртау ауданының орталығында мектепке дейінгі білім беру мекемесі – “Балауса” шағын орталығы ашылды. Осындай жекеменшік әлеуметтік нысанды ашуға ауыл тұрғыны Серожидден Ниятуллаев бел буған. Ойындағы жоспарын “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жүзеге асырған кәсіпкер алдымен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасында арнайы курстан өткен екен.

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСАҒАҢ

Өмірге небір жақсылар мен жайсаңдар келеді. Мәңгілік емес өмірдің өлшеулі мезеті жеткенде мәңгілік сапарға аттанады. Бұл да – өмірдің заңы. Ұлы Абай айтқандай, “Алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезегімен өлінер, баяғыдай көрінер”…

МЕТРОЛОГИЯ – КӨПТЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КІЛТІ

Метрология – өлшемдер, оның дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым. 2000 жылы метрологияны дамыту және жетілдіру, ел экономикасының әлемдік экономика жүйесіне интеграциялануы үшін халықаралық нормалар мен нарықтық экономикаға лайықты “Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы” Заң қабылданды. Біз өкілетті орган ретінде метрология мен өлшем бірлігі талаптарының сақталуын қадағалауға, жұрттың қауіпсіз өмірі үшін метрологияның қажетті …

МЕТРОЛОГИЯ – КӨПТЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КІЛТІ Read More »

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

Қызылжар ауданындағы Якорь елді мекенінде жаңа цех ашылып, ол шұжық және жартылай дайын өнімдер өндіруге кірісті. Кәсіпкер тауарларын “DI – MAR” деген сауда белгісімен шығаруда.

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ КӨШІ-ҚОНЫ

2015 жылғы қаңтар-маусымда барлық ағымдар бойынша көші-қонның теріс айырмасы 1563 адамды құрап, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18,6%-ға кеміді. Облысқа келгендер саны (өңірішілік көші-қонды есепке алмағанда) – 2650 адамды, кеткендер 4213 адамды құрады.

КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН келте болмас

Төл теңгеміздің еркіндікке жіберілуі еліміздің тұрғындарын елеңдеткені рас. Сондықтан қалыптасқан осы жағдайды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға түсіндіру мақсатында Ақордада экономикалық саясаттың алдағы шаралары туралы кеңес өткізіп, Премьер-Министрмен, өзге де Үкімет мүшелерімен, республикамыздың ірі экспорттаушыларымен ақылдасып, оларға қажетті нұсқаулар бергенін теледидардан көрдім.

ӨҢІРЛІК АСТЫҚ ХОЛДИНГІ — ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Өткен аптаның соңында “ҚазАгро” ҰБХ” АҚ мен Бас редакторлар клубы Шал ақын ауданында өңірлік астық холдингіне мүше агроқұрылымдардың орақ науқанына дайындығы және фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын кооперациялау мәселесіне арналған семинар-кеңес ұйымдастырды. Оған жаңа құрылым аясында астық өсірумен айналысып жатқан шаруашылықтардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

ДӘРІС ОҚЫДЫ

“Қазпошта” – халыққа пошталық және қаржылық қызмет түрлерін көрсететін, елімізде 3200-ден астам бөлімшесі бар жалғыз ұлттық пошталық байланыс операторы. Сондықтан көп функционалды қаржылық орталық қызметкерлері де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлес қосулары керек. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті байланыс саласының мамандарына дәріс оқыды.

АРҒЫ-БЕРГІ ТАРИХЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ

“Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бір-ақ тағы”, – деген Қадыр Мырза- Әлі арғы-бергі тарихымыздың өз деңгейінде зерттелмей, тереңнен зерделенбей жатқандығын меңзеген еді. Тұңғиық ұлт тарихының сырын ашу – өзекті мәселе. Бүгінде шетел мұрағаттарынан қазақ хандарының сыртқы саясаты туралы құнды-құнды деректер табылып жатыр. Естуімізше, қазақ тарихына қатысты деректер әлемнің 14 елінің …

АРҒЫ-БЕРГІ ТАРИХЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ Read More »

СӨЗІ ДЕ, ІСІ ДЕ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН

«Туған жердің жусаны жұпар» деп халқымыз бекер айтпаған ғой, өсіп-өнген өңірім, алтын бесігім – Солтүстік Қазақстан облысына ат басын тіреген сайын көк дөнен көңіл көк аспанды шарлап, небір тәтті сезімдерге берілемін. Бүгін де Қызылжар топырағының, Есіл өңірінің ажарынан нұр төгіліп тұр. Әсіресе, теңіздей толқыған ас­тықты алқап көздің жауын алады.

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ ШАЛЫМДЫ ІСТЕР

Жуырда барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен ұйымдастырылған семинар-кеңесте облыс тұрғындарының жартысынан астамы тұратын елді мекендердің көкейкесті мәселелерін шешу жолдары кеңінен талқыланды. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов төрағалық еткен алқалы басқосуда кемшін тұстар да бүкпесіз айтылып, ауылдардың әлеуетін көтерудегі жергілікті биліктің рөліне ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда шалғайдағы Уәлиханов ауданындағы өрелі өзгерістер мен қарымды қадамдар үлгі етілді.

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ҚИМЫЛЫ ТЕГЕУРІНДІ

Бейсенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша ауданында болып, маусым айында салына бастаған қазақ орта мектебінің құрылысымен, орақ науқанының барысымен және мал шаруашылығын дамыту жағдайымен танысты.

БАҒА ДА, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДА – БАҚЫЛАУДА

Облыстық әкімдік аппаратының кеңесінде әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бағалары бойынша қазіргі ахуал, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің оқыс оқиғалардың алдын алу мәселелері және облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуы қаралды.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕКТЕРІ ОРЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өз атына Петропавл қаласы тұрғындарынан түскен шағымдар бойынша бірқатар мекенжайларға барды. Мәселен, Жұмысшы кентіндегі Минск көшесінің тұрғыны Светлана Милехина жолға қиыршықтас төсеуді және ағынды су кәрізін тазалатуды сұраған екен. Айтқан өтініші жерде қалмапты. Берген тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексере келген өңір басшысы Ерік Сұлтановқа өз алғысын жеткізді. Өңір басшысы жергілікті тұрғындарға облыс …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕКТЕРІ ОРЫНДАЛДЫ Read More »