АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДА…
Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.
Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.
Новоишим ауылының орталық алаңында күзгі өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғанды жөн көрген Гүлжаз Карлқызының отбасы 2001 жылы Өзбекстан Республикасының Науаи облысындағы Тамдыбұлақ ауылынан Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылына қоныс аударады. Көпбалалы отбасынан шыққан жас дарын Гүлжаз Құлманова аудандық Мәдениет үйіне жұмысқа орналасады. Міне, содан бері ол аудан тұрғындарын өз өнеріне сүйсіндіріп жүр.
2014 жылғы 1 қыркүйекте елімізде “Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлікті жария ету басталды.
Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге ең дұрыс қадам екенін айтты. Шын мәнісінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықтың бір бөлшегі, сондықтан бірыңғай экономикалық кеңістіктен бөлініп, өз алдына томаға-тұйық тірлік ете алмасы сөзсіз. Мысалы, Қытай өз валютасына девальвация жасады. Ресей рубльді өткен жылы еркін айналымға жіберді. …
“Даму” қоры жыл басынан бері 20 бизнес өкіліне мемлекеттік демеуқаржы мен банкке қойылатын кепілдікті қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформаны жүзеге асыруға арналған “100 нақты қадам” Ұлт жоспары – Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына енгізетін нақты міндеттер. Мемлекетіміздің дамуына сот жүйесінің де өзіндік үлесі зор болуы керек. Сондықтан ұлт бағдарламасында бес сатылы сот жүйесінен (апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі …
Еңбекпен шынығып, өзінің табысын маңдай терімен табатын, не істесе де, жанын салып істейтін кәсіпкерлердің бірі – Талғат Галеев. Ол алғашқылардың бірі болып Петропавл қаласында машина дөңгелектері қалдығынан резеңке жамылғылар шығаруды қолға алды.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша облыста 3210 мың гектар бидайдың 834,7 мыңы жиналды, бұл егістік алқаптың 26 пайызын құрайды. Осы кезеңде 1151,8 мың тонна астық жиналды, орташа гектар берекелілігі 13,8 центнерден айналуда. Бидаймен қатар арпа және майлы дақылдар жиналып, пішендеме дайындалуда.
Тайынша ауданындағы іргелі агроқұрылымдардың бірі – “Победа Тайынша” ЖШС. Аталмыш серіктестік те бұл күндері ырыс дәнін ысырапсыз жинап алуға бар күшін жұмылдыруда.