«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2015

АҚҚҰДЫҚТА БЕКЕТ АШЫЛДЫ

Облысымыздың аумағы кең. Ал мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері негізінен Петропавл қаласы мен аудан орталықтарында, бұрын аудан орталықтары болған ірі елді мекендер мен орман шаруашылықтарында орналасқан. Соған байланысты көптеген елді мекендердің қажетті техникалармен жарақтанған мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдерінен қашықтығы – 50-70, кей жерлерде 100 шақырымды құрайды. Осының өзі төтенше жағдай болған кезде сол жерлерге өрт сөндіру …

АҚҚҰДЫҚТА БЕКЕТ АШЫЛДЫ Read More »

БІР КҮНДЕ – ЕКІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Облыс орталығында өңір басшысының бастамасымен жасанды жамылғы төселген шағын футбол алаңдарын салу жалғасын табуда. “Береке” шағын ауданындағы Ухабов көшесі, 27-үйдің тұрғындары да осындай қуанышқа бөленді. Футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Елена Балло қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

БАЙТӨСТЕГІ МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Кеңащы ауылдық округіне қарасты Байтөс ауылында мәдениет ошағының ашылу рәсімі өтті. Ауылдағы ескі ғимаратты қалпына келтіруге облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен “Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 10 млн. 400 мың теңге жұмсалды. Салтанатты шараның негізгі бөлігі жаңадан іске қосылған көрермендер залында жалғасын тапты. Аудандық Мәдениет үйінің бір топ қызметкерлері мен Кеңащы ауылынан …

БАЙТӨСТЕГІ МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ Read More »

БІЗГЕ КӨПВЕКТОРЛЫ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕРЕК

Теңгенің беделін көтеріп, Тәуел-сіздікті сақтап қалу үшін әр мемле-кет өз экономикасын өзі басқаруы керек екені – аксиома. Бізге шикі-затқа, оның ішінде көмірсутекке сүйенген экономика емес, көпвек-торлы инновациялық экономикаға көшу керек. Орта және шағын биз-нестің онша дамымауы, мұғалім, дәрігер, инженерлердің табысының елдегі орташа табыстың 60 пайы-зынан аспауы, ғылымға бөлінетін қаржының ЖІӨ 0,2 пайызын (да-мыған елдерде 3-4 …

БІЗГЕ КӨПВЕКТОРЛЫ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕРЕК Read More »

НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ

Қазақ халқының бодандық бұғауынан құтылуы жолында арыстандай айбаттанып, алқалы жаудан сескенбей өмірі ат үстінде, қан майданда өткен ерлердің бірі – Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның ұлы Наурызбай батыр.

ТЫНЫШПАЕВТЫҢ ЕРЛІГІ

Халқымыздың тарихын зерттеген алғашқы ғалымдар “Алаш-орданың” серкелерінің қатарынан қанаттанып ұшқан. Солардың бірі екінші мемлекеттік думаның депутаты, қазақтың тұңғыш темір жол инженері, әрі тарихшысы Мұхамеджан Тынышпаев (1879-1937) еді.

ҚАСИЕТІМІЗ ДЕ, ҚАСТЕРЛІМІЗ ДЕ – ТАРИХЫМЫЗ

Тарлан СЕЙДІМБЕК, Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің оқушысы: – Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін қатардағы түсінік емес, бұл – қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы. Тәуелсіздік – барша халқымыздың күрес пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабытына қамшы басқан үміті. Бұған дәлел – азаттық үшін шаттанған ата-бабамыздың жолы.

ЕЛ ТОЙЫНА ТАРТУ

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнагерлері де Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына тарту жасауды ұйғарды. Театрдың басшылығы мен көркемдік жетекшісі осы мерейлі оқиғаға орай дарынды жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың “Сұлтан Бейбарыс” атты тарихи драмасына негізделген қойылымды таңдады. Спектакльді сахнаға шығару үшін театрдың көркемдік жетекшісі Тимур Кәрібжанов елімізге белгілі режиссер Дина Жұмабаеваға ұсыныс жасады.

АҒЫБАЙ БАТЫР

Ағыбай батыр Қоңырбайұлы (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы Қаракесек-Шұбыртпалы-Арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.

ҰЛЫ ХАН АШҚАН ЖӘРМЕҢКЕ

XVIII ғасыр орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Жантәсілім етерде: “Орындалмаған үш арманым қалып барады, бiрiншiсi – жаумен жағаласумен жүргенде елдi отырықшылдыққа үйрете алмадым, екiншiсi – қала сала алмадым, үшiншiсi – егiн егiп, халқыма жер емшегiн емдiре алмадым”, – деген сөздері әлі күнге …

ҰЛЫ ХАН АШҚАН ЖӘРМЕҢКЕ Read More »

ТҰРСЫНБАЙ БАТЫР

Балта керей Тұрсынбай батыр Ертісбайұлы 1701 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Соколов (қазіргі Қызылжар) ауданындағы Атық тоғайында туған, 1800 жылы Ресейге қарасты Челябинск облысындағы Иткөл ауданында (шежіре деректері бойынша) қайтыс болған. Қазақ халқынан шыққан сардарлардың (әскербасылардың) бірі. Тұрсынбайдың атасы Атық XVII ғасырда батыр әрі әулие атанған. Әкесі Ертісбай да Орта жүздің белгілі батыры болған екен.

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЫҢҒЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Абай ҚҰНАНБАЕВ.  Қашан маңғұлдан Шыңғыс хан шыққанда, қазақтар құтты босынға барыпты. Бірақ қай жерде барғаны мағлұм емес, сүйтсе де осы Шыңғыс тауында, әскер Қарауыл өзенінің бойында жатып, он екі рудан, он екі кісі маңғұлдың өз заңы бойынша “хан” деген үлкен биіктің басында, ақ киізге Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігі хан аталмақ …

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЫҢҒЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУЫ Read More »

ТІЛЕК БАТАМ

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.   Я, Құдайым аққа жақ, Өзіңе аян: мен нақақ. Аққа деген жолымның Абыройын ашпай, жап.

ҰРПАҚТАР ҮНІ

Петропавлдағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары төл тарихымыздың жастардың, өскелең ұрпақтың жадында мәңгі жатталуы үшін стратегиялық ойын ойлап тауып, айтулы күнге тамаша тарту жасады. Бүгінде аталмыш ойынның демо-нұсқасы жарыққа шығып үлгерді.

ЖОШЫ ІЗБАСАРЛАРЫ

Тарихшылардың айғақтауынша, Жошыдан бастап қазақ ұлысында әр кезеңдерде жетпіске тарта хандар болған екен. Әрине, олардың барлығы бірдей ел аузында еленіп жүретіндей еңбек сіңірмеген. Небәрі екі-үш жылдың айналасында тақ иеленгені болмаса, ақыл-парасатымен, ерлігімен, көрегендігімен ел-жұрттың жадында қаларлықтай игілік жасай алмағандары жоқ емес.

ҚАБАНБАЙ БАТЫР

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз – батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл. Ол 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 жылы дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Шешесі Мәми – (азан шақырып қойған аты – Нәбилә) әлі күнге дейін Арқаны мекендеп отырған Ашамайлы …

ҚАБАНБАЙ БАТЫР Read More »

ШАҢЫРАҒЫМЫЗ ШАЙҚАЛМАЙДЫ

Жас қазақ мемлекетінің дамуы, нығаю жолдары оңай болмағаны аян. Ол өз алдына мемлекеттік құрылым болып ту көтергеннен былай барлық рулардың басын біріктіруге күш салды, өз құрамына Сыр бойындағы қалаларды қосып алды.